ЛоготипЛоготипЛоготипЛоготип
  • Новости
    • Казахстан
    • Мир
  • Афиша
    • Кинопрокат
      • На этой неделе
      • Скоро
      • Киноархив
    • Платформы
      • Анонсы
    • ТВ
      • Кино и сериалы на ТВ-каналах
  • Рецензии
    • Фильмы
    • Сериалы
  • Подробности
    • Интервью
    • Мнения
    • Репортажи
    • Обзоры
  • Киноман
    • Выбор критиков
    • Любимые и ненавистные
  • Box Office
  • Смотри
    • Трейлеры
    • Кино
✕

Несі ұнайды, несі ұнамайды: актер, режиссер әрі сценарист Азиз Бейшеналиев кинода нені ұнатып, нені ұнатпайтынын айтып берді

Опубликовано Алексей Гостев 16 марта, 2026

Мен көрген ең әдемі фильмдердің бірі бұл –Тарсем Сингхтің «Запределье» картинасы (фильмнің түпнұсқа атауы – «The Fall»). Бұл туындыдан әр көрермен әртүрлі мағына көреді, біреулер қыз баланың қиялын көрсе, ал біреулер ересек адам мен баланың арасындағы достықты байқайды… Ал мен бұл фильмнен мүлдем күтпеген, бірақ кино саласының адамы ретінде жаныма өте жақын тақырыпты байқадым. Көріп отырған кезде сан түрлі ой келіп, эмоцияға берілдім, десе де тек соңғы кадрларда фильмнің шын мәнінде не туралы екенін түсіндім. Бұл – кинодағы ең қауіпті, ең жанқияр және риясыз мамандықтарының бірі – каскадерлерге арналған нағыз гимн. Себебі бұл адамдар сөздің шыны керек өмірін қатерге тігіп, кейде денсаулығына зиян келтіріп, тіпті жан тапсырып жатады. Олардың жүздері көрерменнен жасырулы, себебі оны жасыру олардың кәсіби міндетінің бірі. Басқалардың  атақ-даңқын көтеру үшін еңбек ететін жандар.

Сүйікті фильмдерімнің қатарында Милош Форманның «Полёт над гнездом кукушки» картинасы да бар. Мұнда бәрі бір сәтте үйлесіп кеткендей: біріншіден, фильмнің өзі енді керемет, екіншіден, мен оны алғаш сексенінші жылдардың соңында, адамдар еркіндік дегеннің не екенін енді ғана түсіне бастап, ал оған қалай жетуге болатынын тіпті білмейтін кезде көргенмін. Фильм санамды бір сілкіп жіберді. Бірнеше күн бойы фильмнен алған әсерімнен арыла алмай жүргенім есімде…

Тағы бір ерекше жақсы көретін фильмім бұл –«Король Лир» шығармасының экрандағы нұсқасы, Акира Куросаваның «Ран» туындысы. Шекспирдің классикалық сюжетіне жапон дәстүрлі дүниетанымы үшін мүлде тосын саналатын өз сюзерені мен билеушісіне қарсы шығу тақырыбы өте қарапайым да тапқыр түрде енгізілген еді.

Ал ұнамайтын фильмдерге келсек, мысалы Триердің «Догвилль» картинасы мен Балабановтың фильмдері. Әрине, мен бұл туындылар жоғары деңгейдегі талант пен кәсіби шеберліктің жемісі екенін жақсы түсінемін: «Брат», «Груз 200», «Морфий» дегендер киноөнер тұрғысынан өте мықты туындылар болғанымен, адамзатқа деген жек көру сезіміне толы мұндай фильмдер жаныма жақын емес. Оның үстіне меніңше, «Брат» фильмдерінің екеуі де фашистік идеяларды насихаттайтын туындылар.

2000 жылдардың басында Мәскеуде тұрғанымда Ресейде кезекті президенттік сайлау науқаны өтіп жатқан уақыт болып, метроларда үлкен билбордтар ілулі тұратыны есімде. Солардың бірінде «Данила Багров – наш брат» (Данила Багров – біздің бауырымыз) деген ұран жазылып Сергей Бодров-кіші бейнеленетін. Ол кездері мен жүк тиеуші болып жұмыс істеп, кешкісін ағылшын тілі курстарына барып жүретінмін, ал оқытушымыз жасы үлкен, өте зиялы әйел болатын. Сол кісі бірде: «Егер Данила біздің бауырымыз болса, онда елімізді алда талай ауыр сынақтар күтіп тұр», — деген еді. Қайталап айтамын, бұл тек 2000 жылдардың басы болатын…

👍 6 👎 0
Теги: #Казахское кино#Феллини

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Последние публикации
  • 7+1+3: итоги недели в казахстанском прокате
  • Премьера Kesu: казахи, корейцы и тхэквондо
  • Куантай Абдимади: «Я не брутал, но Адильхан сказал — «Да ты сможешь!»
  • Премьера «Мальчишник vs девичник: соңғы түн»: ты чё такая дерзкая?!
  • Любимые и ненавистные: что нравится и не нравится в кино народной артистке Казахстана Жание Аубакировой
  • Онлайн-премьеры 12-18 октября: новый сериал от Адильхана Ержанова, «Квест Вижна» и приквел «Пятницы, 13»
  • Кинопремьеры 8-14 октября: триллер с сексуальным подтекстом и сразу три казахстанские картины
  • Создатели фильма «Қыста»: «В Корее на всех трёх показах у нас был солд-аут»
  • Семеро одного не ждут: что зрители смотрели в кино на прошлой неделе
  • Надин Цой: «Когда мне говорят «нет» — это для меня как стимул»

Любимые и ненавистные

Боюсь показаться банальной, но для меня эталонными в кино всё равно являются советские фильмы — «Ирония судьбы», «Гараж»… Может быть, потому, что до обретения страной независимости я еще могла пожить как человек, со свободным временем, а после навалилось так много работы, что я стала не человеком, а функцией (смеётся). Сейчас тоже времени на кинопросмотры не хватает, я привыкла рано ложиться и рано вставать. Иногда, правда, в самолёте удаётся что-то посмотреть, но и то не до конца — клонит в сон, обещаю себе обязательно досмотреть дома — и не сдерживаю обещание.

Жания Аубакирова — музыкант, народная артистка Казахстана

Подробнее

Реклама

Тэги

Comic Con (1) Marvel (6) Neon (1) «АНСАР» (1) «Я и мой брат Лёша» (1) А24 (1) Азамат Дулатов (1) Аида Балаева (1) Акан Сатаев (1) Алдияр Байракимов (3) Бэтмен (1) Веб-сериалы (1) Видео (2) Документальное кино (4) Европейское кино (34) Жаннат Алшанова (1) Историческое кино (5) Казахфильм (7) Капитан Байтасов (1) Кастинг (2) Киноман (1) Киноязык (2) Комедии (31) Лени Рифеншталь (1) Манга (2) Матрица (1) Минотавр (1) Музыка кино (1) Мэгги Джилленхол (1) Мэтт Шекман (1) Новости (105) Онлайн-кинотеатр (1) Оскар (2) Победителей видно на старте (1) Притчи (2) Ремейки (2) Супергерои (2) Терминатор (1) Тим Бёртон (2) Том Круз (2) Трейлеры (2) Франшизы (1) Фэнтези (5) Хиты (1) Шон Коннери (1)

Комментарии

  1. Айгерим Айгаликызы к Қара алтынСентябрь 19, 2026

    Молодец

  2. Айгерим Айгаликызы к Қара алтынСентябрь 19, 2026

    Керемет 🤘


Мы любим кино и рассказываем о нём честно, глубоко, с душой.

KinoMania — дань уважения кинематографу и всем причастным к его созданию. Мы гордимся тем, что делаем вклад в развитие кинокультуры в Казахстане и за его пределами.

© 2025 KinoMania. Все права защищены. Разработка — RazDva Studio
RU
KK