ЛоготипЛоготипЛоготипЛоготип
  • Новости
    • Казахстан
    • Мир
  • Афиша
    • Кинопрокат
      • На этой неделе
      • Скоро
      • Киноархив
    • Платформы
      • Анонсы
    • ТВ
      • Кино и сериалы на ТВ-каналах
  • Рецензии
    • Фильмы
    • Сериалы
  • Подробности
    • Интервью
    • Мнения
    • Репортажи
    • Обзоры
  • Киноман
    • Любимые и ненавистные
  • Box Office
  • Смотри
    • Трейлеры
    • Кино
✕

Балалық аңғалдықты саудаға салған дау

Опубликовано Тимофей Евдокименко 19 марта, 2026

KinoMania ата-аналарға қиын жағдайға тап болмаудың жолын түсіндіреді

Балаларды кастингке шақырып алып, 1,5 миллион теңгеге фильмдегі басты рөлді уәде еткен студияға қатысты жағымсыз оқиға барған сайын өршіп барады. Бірақ неге ата-аналар баласын киноға түсіруге соншалықты құмар? Бұл – жай ғана мәртебе ме, әлде баланың болашағына салынған инвестиция ма? Маңыздысы, ата-аналар нәтиже үшін төлеу мен өз үміті үшін ақша жұмсаудың ара-жігін қалай ажыратуы керек?

Сгенерировано ИИ

Еске сала кетейік, соңғы айларда көптеген ата-ана балалар кастингіне шақырған агрессивті жарнамаға еріп қалды. Алайда анықтай келе, қысқаметражды фильмге түсу үшін кемінде бір жарым миллион теңге төлеу керек екені белгілі болды, есесіне бонустар ретінде танымал актердің қатысуы, қызыл кілем және арнайы көрсетілім уәде етілген. Бірақ бұл уәделердің өзі толық орындалмаған, ал жуырда осы киностудияға қатысты «Алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалғаны белгілі болды. Енді алда тергеу мен жан-жақты тексеріс күтіп тұр.

Бір жайтты нақтылап алған жөн: заң тұрғысынан мұның алаяқтық екенін дәлелдеу оңай емес. Алайда қоғамда үлкен резонанс тудырғаны – ата-аналар мен балалардың кино әлеміне, ертегідегідей жарқын өмірге бір табан жақындағысы келетін арманына ақша табу құралы ретінде қарау әрекетінің өзі.  

Жұлдызды оқиға

Жарнамада балаларды кастингке әкелуге шақырады, егер балаңыз талантты болса, оны басты рөлге түсіреміз делінеді. Кино өндірісі қарқынды дамып жатқан Қазақстанда бұндай әңгіме жұртты бірден қызықтыратын ұтымды тәсіл. Кастингтен кейін, қатысушылардың айтуынша, балаларға таланттарың жоқ деп айтқан, ал егер ата-анасы фильм өндірісіне және жобаға жұлдыз шақыруға бір жарым миллион теңге тапса, қысқаметражды фильм түсіріліп, тіпті арнайы көрсетілім де ұйымдастырылады деп уәде берілген. Мұның кәдімгі ақылы қызметті ұсынудың бір жолы екенін түсіну үшін сыни ойлау жеткілікті. Бұл жердегі қызмет сол баланы оқыту мен фильм түсіру қызметін сату туралы болып отыр. Яғни мәселе ата-ананың баласы үшін қолындағы барын беруге дайын тұратынында. Ал «сен данышпан актерсің» деп сендірілген кішкентай балаға не жасөспірімге отбасының мұндай қымбат ермекке ақшасы жетпейтінін түсіндірудің өзі қандай ауыр? 

Не болса да, мұндай схема бізге жаңалық емес. Көп жағдайда компаниялар бір аптада табысқа жетесің не танымал боласың деп уәде беріп, балалар мен жасөспірімдерді шын мәнінде ақылы оқуға тартады, яғни өз қызметін агрессивті түрде жарнамалайды. Мысалы, жарнамада «дыбыстауға жаңа дауыстар керек» деп, сізді сынама жазбаға шақырып, артынша ақылы курс ұсынуы әбден мүмкін. Сол сияқты актерлік курстар да киноға түсу мүмкіндігін алға тартып, дәл осындай тәсілмен қызықтырады. Түрлі балалар лагерьлері мен интенсивтер де уақытты пайдалы өткізіп, өз қысқаметражды фильміңді түсіруге мүмкіндік береміз деп жар салады. Мұның бәрі, әрине, жақсы тәжірибе, тамаша мүмкіндік. Бірақ ондай мүмкіндіктер ешқашан тегін болмайды.

Киноға түсуге бола ма? Қажет пе?

Кастингтен өтуге қатысты сұрақтар көбейіп кетті, сондықтан біз оларды театр және кино актрисасы, тәжірибелі кастинг маманы мен коуч, сондай-ақ KinoMania.kz жүргізушісі Ирина КЕЛЬБЛЕРГЕ қоюды жөн көрдік. 

— Осы оқиғадан кейін маған көп адам хабарласты, — дейді Ирина. — Киноға апарар жол кастинг арқылы өтеді. Оның үстіне кәсіби кастинг әрдайым тегін болады. Ал егер актерге дайындық қажет болса, оның өзі де киноның бюджетіне енгізіледі. Бұл – база. Сондықтан шын мәнінде киноға түскіңіз келсе, әлеуметтік желілерден кастинг өткізетін мамандарды тауып, соларға жазылып, өтінімдер жарияланатын чаттар мен Telegram-арналарды бақылап отырған дұрыс. Біз де актерлік өнердің негіздерін үйрететін шығармашылық студиялармен әрдайым тығыз байланыстамыз. Дегенмен жеке өзімнің ойымша, балалардың бәрі де талантты, ал кей жағдайда оларды оқыту керісінше кедергі келтіріп, белгілі бір шеңберге байлап тастауы мүмкін. Ең маңыздысы – баланың типажға сай келуі, кейіпкердің табиғаты мен энергиясын дөп беруі. Қалғанының бәрін түсірілім алаңында түсіндіріп, көрсетіп береді.  

Әрине, ылғи басты рөлге ғана актер іздей бермейді. Бірақ Иринаның айтуынша, көп жағдайда массовкаға, студенттер туралы фильмдерге және түрлі бейнероликтерге топ-топ адамдар жиі қажет болады. Осы нәрсе, мысалы, баланың киноға түсуге шынымен дайын екенін, оған бұл сала қаншалықты сай келетінін байқап көруге жақсы мүмкіндік. Өйткені түсірілім процесі ұзаққа созылады және үнемі қызықты бола бермейді. Кастинг кезінде де көбіне осыған мән беріледі: баланың дайындығына, шыдамына, тәртібіне. Айтпақшы, тіпті массовкаға қатысқаны үшін де бала өзінің алғашқы еңбекақысын алуы мүмкін.

 — Егер балаңызды кино саласындағы мансапқа дайындағыңыз келсе, мен оған барынша көп дағдыны меңгертуге кеңес берер едім: би, күрес, атқа міну, семсерлесу, вокал, себебі кино актеріне бәрі қажет болуы мүмкін. Қалай болғанда да, актерлік шеберлік тұлғалық қасиеттерін ашуға көмектеседі. Ал бір жарым миллион теңгелік бір реттік ұсыныс, сөздің шыны керек сіздің тапсырысыңызбен түсірілген, отбасыңыздан басқа ешкімге аса қажет болмайтын фильм ғана. Мұны да түсіну керек, — деп түйіндейді Ирина Кельблер.

Бәрібір киноға түскім келеді!

Негізі қысқаметражды фильмге түсу соншалық қиын емес. Бірінші әрі ең қымбат жолы – кәсіби продакшн-студияларға жүгіну, яғни тапсырыс берушінің сұранысымен фильм түсіретін мамандарға бару. Мұнда бәрі клиенттің қаржылық мүмкіндігіне тіреледі. Екінші жолы – үнемдірек нұсқа. Дәл осы өтінішпен студенттерге де жүгінуге болады. Жас мамандар әдетте бағаны қатты түсіреді, десе де нашар жұмыс істемейді. Тіпті қысқаметражды фильмді 150 мың теңге шамасында түсіруге де болады.

Ал үшінші әрі ең ұтымды жол – оқуды, түсірілім мен сол алаңдағы тәжірибені қатар алып жүру. Мұның бәрі балалар мен жасөспірімдерге арналған кинокурстарда бар. Бала үшін бұл өте қолайлы нұсқа, өйткені салыстырмалы түрде көп емес ақыға, айталық айына 20-30 мың теңге шамасында, бірден бірнеше бағыт бойынша дайындықтан өтіп, командамен жұмыс істеуге дағдыланады. Алматыда мұндай студиялар көп, басқа қалаларда да бар. Балалар кино өнерінің негіздерін меңгереді, өздері сценарий жазады, ал жыл соңында дипломдық фильмін түсіреді. Әрқайсысы өзін оператор, режиссер және актер ретінде сынап көре алады. Оның үстіне бізде осындай әуесқой жұмыстарды жіберуге болатын бірнеше балалар кинофестивалі де бар. Нағыз қызыл кілем, үлкен экран және ең бастысы – қазылар алқасының адал пікірі міне сол жерде.

Әрине, одан да қысқа әрі ауқымды курстар бар. Мысалы, жақында Қаскелеңде ашылған Нью-Йорк фильм академиясы жасөспірімдерге 1000 шартты бірлікке оқу, сертификат және қорытынды фильм түсіруді қамтитын кино каникулын ұсынып отыр. Ал Алматы маңындағы әйгілі Nomad Stunts каскадерлерінің базасында арнайы балалар кинолагерінде бір маусым өткізуге болады. Онда балалар жаттығуда барын салып, сахналық жекпе-жектің түрлі тәсілдерін байқап көреді, атқа мініп көреді. Оларға кәсіби каскадерлердің өздері сабақ береді. Мұндай әсерлі тәжірибенің құны 195 мың теңге.

Қорытындылайық

Сонымен, «қызыл жалауларымызды» бір шолып шығайық.

1. «Тегін» деген қармақтың ар жағында міндетті түрде бір қызмет тұрады. Сондықтан телефон арқылы бірден оның нақты қанша тұратынын сұрап алған дұрыс. Өйткені байланыс орнап, балаңызға тамсанып, сізге жағымды сөздер айтыла бастаған соң, байыппен шешім қабылдау әлдеқайда қиындай түседі.

2. Мұның сізге де, балаға да не үшін қажет екенін алдын ала анықтап алыңыз: бұл қызық тәжірибе ме, мәртебе ме (иә, онда тұрған ештеңе жоқ), болашақ мамандықты байқап көру ме, әлде кино саласындағы кәсіптердің бірін танып-білу мүмкіндігі ме? Айтпақшы, бәрі бірдей актер не режиссер болуға ұмтылмайды. Бәлкім, сіздің балаңыз менеджер немесе қоюшы-суретші болғысы келер, ал ондай мамандардың да кино саласындағы орны ерекше.

3. «Менің балам кинода» жобасына қанша қаржы жұмсай алатыныңызды алдын ала белгілеп алыңыз және оның кез келген сәтте тоқтап қалуы мүмкін екенін де ескеріңіз. Мүмкін, балаңыз киноның қызығы ғана емес, ауыр да машақатты процесс екенін түсініп, бұл жолды таңдамауы да мүмкін.

4. Жуырда болған жағдайға дейін де «Ералашқа» қатысуға қатысты соған ұқсас дау болғанын есте ұстаған жөн. Мұндай оқиғалар әлі де қайталануы мүмкін. Танымал медиа тұлға «сізде киноға түсуге мүмкіндік бар» десе, оны бірден нақты кепілдік емес, жай ғана әсерлі сөз болуы мүмкін деп қабылдаған дұрыс.

5. Ең бастысы, мынаны ұмытпаңыз: киноға түсуге мүмкіндік бәрінде бар. Ол үшін несиеге кіріп, миллиондап ақша жұмсаудың қажеті жоқ.

👍 3 👎 0

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Последние публикации
  • Битва отечественных и зарубежных франшиз: что казахстанцы смотрели в кино в праздничные выходные?
  • Премьера «Mangyshlak express. Пойыздағы паника»: проводница, поезд и немного юмора
  • Канны-2026: сильная программа и много звёздных гостей
  • Кино как альтернатива картелю
  • Онлайн-премьеры 11-17 мая: Каратель, Даттоны и суперглупые герои от Netflix
  • Восемь из бесконечности
  • «Дьявол носит Prada 2» против всех: как казахстанцы ходили в кино в начале мая
  • Топ-9 самых сильных фильмов о Великой Отечественной войне
  • Премьера «Дьявол носит Prada 2»: без Эвелины, но с Лилией
  • Кинопремьеры 30 апреля – 6 мая: три казахстанских фильма vs «Дьявол носит Prada 2»

Любимые и ненавистные

Отдаю себе отчёт в том, что у Балабанова оба «Брата», «Груз 200», «Морфий» — это сочетание таланта и профессионализма высочайшей пробы, но мне не близки шедевры, замешанные на мизантропии. Не говоря уже о том, что оба «Брата», с моей точки зрения, талантливые фашистские картины. Помню, в начале нулевых, когда я жил в Москве, в России была очередная предвыборная президентская кампания, и в метро висели большие билборды. На одном из них был изображён портрет Бодрова-младшего со слоганом «Данила Багров — наш брат». Я тогда работал грузчиком и по вечерам ходил на занятия по английскому языку, а моим педагогом была пожилая, очень интеллигентная преподавательница. И вот она тогда сказала: «Если Данила — наш брат, то нашу страну в будущем ждут страшные испытания».

Азиз Бейшеналиев — актёр, режиссёр, сценарист, драматург.

Подробнее

Реклама

Тэги

Comic Con (1) KINOLUB (1) Neon (1) «MŪNAI» (2) «АНСАР» (1) Азиатское кино (29) Актрисы (4) Андрей Тарковский (1) Астана (1) Берлинале (4) Бэтмен (1) Венецианский кинофестиваль (7) Видео (2) Дайан Китон (1) Джеки Чан (1) Дженнифер Лопес (1) Документальное кино (3) Доспехи Бога (1) Жания Джуринская (1) Казахские страшные сказки (2) Казахстанское кино (184) Кастинг (2) Келинка Сабина (1) Киноляпы (1) Кинопрокат (60) Композиторы (1) Корейские сериалы (1) Лени Рифеншталь (1) Монтаж (3) Мэгги Джилленхол (1) Мюзиклы (2) Ребуты (1) Ридли Скотт (3) Рождественские фильмы (2) Саундтреки (1) Скорсезе (2) Супергерои (2) Сценарии (2) Трэш (1) Уэнсдей (1) Фестивали (35) Франшизы (1) Ханс Циммер (1) Эмма Стоун (1) Эмми (1)

Комментарии

  1. Ольга к «Совершенно летняя история»: 18+ для детей и влюблённых всех возрастовАпрель 23, 2026

    Третьего дня имела несчастье сходить на этот спектакль: "гениальная" режиссерская задумка осталась неразгаданной. Не поняла, почему из стройной Анастасии Тёмкиной…

  2. Тамара к Шесть фактов о втором сезоне сериала «Мошенники»Апрель 11, 2026

    Недавно посмотрела пару серий. Впечатления отвратительные - тупой и похабный контент! Постоянный мат, пошлость и сцены курения и ясно показали,…


Мы любим кино и рассказываем о нём честно, глубоко, с душой.

KinoMania — дань уважения кинематографу и всем причастным к его созданию. Мы гордимся тем, что делаем вклад в развитие кинокультуры в Казахстане и за его пределами.

© 2025 KinoMania. Все права защищены. Разработка — RazDva Studio
RU
KK