ЛоготипЛоготипЛоготипЛоготип
  • Новости
    • Казахстан
    • Мир
  • Афиша
    • Кинопрокат
      • На этой неделе
      • Скоро
      • Киноархив
    • Платформы
      • Анонсы
    • ТВ
      • Кино и сериалы на ТВ-каналах
  • Рецензии
    • Фильмы
    • Сериалы
  • Подробности
    • Интервью
    • Мнения
    • Репортажи
    • Обзоры
  • Киноман
    • Выбор критиков
    • Любимые и ненавистные
  • Box Office
  • Смотри
    • Трейлеры
    • Кино
✕

«Байқа! Алаяқ!» комедиясы — мұң аралас күлкі

Опубликовано Галина Галкина 19 марта, 2026

Кибералаяқтар туралы «Байқа! Алаяқ!» комедиясы прокатқа шығар қарсаңында фильмнің тұсаукесері Алматыдағы Chaplin Mega Alma-Ata кинотеатрында өтті.

Жаңа туындының режиссері — Дархан Саркенов, ал жобаның инвесторы ретінде Tolqyn Film Fund жеке киноқоры аталса, инвестициялық серіктестердің бірі Freedom Media стриминг платформасы, яғни қазақстандық онлайн-кинотеатр болды.

Кеш қонақтары сеанс басталғанға дейін «Байқа! Алаяқ!» комедиясының түсірілім тобымен еркін әңгімелесіп, актерлермен, режиссермен және продюсермен қызыл кілемде суретке түсуге мүмкіндік алды.

Қазақстанда венчурлік модель бойынша толықметражды фильмдерге инвестиция құятын алғашқы жеке киноқор үшін «Байқа! Алаяқ!» фильмі екінші жоба болып отыр. Алғашқы жоба былтыр жылдың соңында прокатқа шығып, 876 млн теңге жинаған Алишер Утевтің «Дәстүр: Теріс бата» фильмі еді. Сондықтан «Байқа! Алаяқ!» туындысынан да жақсы нәтиже күтіліп отыр.

Картина бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі – кибералаяқтық пен адамдардың аңғалдығын алға тартады. Оқиғаның өзегінде – онлайн қылмыстармен күрес бөлімінде жұмыс істейтін полиция қызметкері. Және тағдыр тәлкегімен оның өз ата-анасы алаяқтардың құрбанына айналады.

Режиссер Дархан Сәркеновтің (суретте микрофон ұстап тұр) есімі де көрермен назарын өзіне еріксіз аударады. Дархан Саркенов – қазақстандық киноның ең жемісті режиссерлерінің бірі. Өткен жылдың өзінде-ақ ол жеті фильм ұсынып, соның ішінде прокатта миллиард теңгеден астам табыс әкелген «Қолыңнан келсе, алып қаш» хиты да бар.

Фильмнің актерлік құрамына Куандық Шакиржанов («Жас емес жұбайлар»), Бақыт Алипбаева («Квартиранты»), Жазира Еркін («Қызым»), Бексултан Пілал («Патруль: соңғы бұйрық») және Жахан Утаргалиев («Джохан») енген.

Бексултан Пілал үшін бұл фильмдегі жұмыс маңызды белеске айналған: «Бұл – менің басты рөлдердің бірін сомдаған алғашқы ірі жобам. Мен алаяқтарға қарапайым адамдардың арасынан құрбан табуға көмектесетін дроппер Сиконың рөлін ойнаймын. Мен үшін бұл фильмге қатысу – үлкен жетістік, мол тәжірибе және, әрине, табыс көзі. Түсірілім кезіндегі экшн-көріністер ең күрделі тұс болды. Бірақ жанымда тәжірибелі актерлер мен бағыт-бағдар беріп отырған режиссер болғандықтан, бәрі сәтті шықты, әріптестерім де маған көп көмектесті».

Бақыт Алипбаева Бақыт Алипбаева жаңа фильмнің сәтті шығарына сенімді. Оның айтуынша, бұған мықты актерлік құрам мен фильмдегі динамика негіз болып отыр. Актриса үшін ең күрделі сынақтардың бірі төбелес көрінісі болған: «Ол үшін кәдімгідей іштей дайындалып, кейін оны түсірілім алаңында жүзеге асыруға тура келді. Төбелес көрінісін мамандар қойған болатын, бұл фильмдегі ең әсерлі әрі іске асыруы қиын сахналардың бірі».

Бақыт Алипбаева бұған дейін де режиссер Дархан Саркеновпен жұмыс істеген: «Алғаш рет мен оның “Күшік құда” – “Квартиранты” фильміне түстім. Кейін режиссер мені тағы бірнеше туындысына шақырды. Маған Дарханның түсіру мәнері жақсы таныс — байыпты, зиялы, өзіне сенімді».

Ал басты кейіпкер, полиция қызметкерінің қызын сомдаған ЖазираЕркін үшін бұл төбелесуге тура келген алғашқы фильм болды: «Оның үстіне түсірілім кезінде күн де біршама салқын болды. Ал жалпы түсірілім жайлы өтті. Дархан Саркенов екеуіміз мансабымызды бірге бастаған едік, ол редактор болды, мен крафтта жұмыс істедім. Содан бері он екі жыл өтіп, мен актрисаға, ал Дархан үлкен режиссерге айналды». «Байқа! Алаяқ!» фильмінде Жазираға тек төбелесіп қана қоймай, өзін басқа қырынан да көрсетуге мүмкіндік туған: «Мен өзімді көбіне комедия актрисасы деп есептеймін, үнемі көңілдімін. “Байқа! Алаяқ!” – комедияның көкесі болғанымен бұл жолы маған салмақты кейіптен шықпау керек болды. Меніңше, соны барынша ұстай алдым. Кейде қалжыңдағым келіп кететін, бірақ сюжетті бұзуға, өзімнің желімді шайқалтуға болмайтын еді».

Қазақстандық көрерменнің сүйіктісіне айналған актер әрі режиссер Куандык Шакиржановты зал ду қол шапалақпен қарсы алды. Жаңа фильмде актерге өзіне тән жанрлық болмысынан алыстаудың қажеті болмапты, өйткені оның кейіпкері өзге туындыларындағыдай мұнда да алаяқтардың құрбанына айналады. Куандык Шакиржанов сол кештегі өзге әртістер секілді көрерменге ескерту жасады: «Қазір алаяқтар өрбіп жүр. Олардың айтағына ермеңіздер, банкке жинаған ақшаңызға қатысты қандай да бір әрекет жасамас бұрын, міндетті түрде жақындарыңызбен ақылдасыңыздар». Tolqyn Film Fund-тың CEO-сы Эрнар Курмашевтің айтуынша, фильм өткір әлеуметтік тақырыпты қозғап қана қоймай, шын мәнінде отбасылық туынды болып шыққан: «Онлайн алаяқтардың құрбанына көбіне аға буын өкілдері айналып жатады. Бұл оқиға дәл осы мәселе туралы. Балалары пәтер алуға жинаған алғашқы жарнаны ата-анасы алаяқтарға беріп қойып, кейін отбасы сол ақшаны қайтаруға, жағдайды түзеуге барын салады. Егер бұл фильм онлайн алаяқтықтан ең болмаса бір адамды арашалап қалса, демек бекер түсірілмеген болады».

Түсірілім тобы көрермендермен бірге селфи жасауда. Ортасында тұрған фильм продюсері Эрнар Курмашев, сол жақтағы  режиссер Дархан Саркенов

Дархан Саркеновтің «Байқа! Алаяқ!» комедиясы қазақстандықтарды алаяқтықтан сақтандыруды мақсат еткен киножобалардың алғашқысы емес. Мұндай туындылар қатарында режиссер Рустем Омаровтың «Мошенники» толықметражды фильмі де, сондай-ақ шынайы алаяқтық схемаларға негізделген оның «Мошенники-2» хикаясы да бар.

«Байқа! Алаяқ!» фильмінен кадр

Бүгінде отбасымен отырып көретін фильмдердің біріне алаяқтар жайлы криминалдық экшн айналады деп кім ойлаған? Бәлкім, ағартушылық сипаттағы мұндай кинотуындылар өз жемісін берер, сөйтіп жуық арада алаяқтар қырағы қазақстандықтардың ақшасына қол жеткізе алмайтын «Шамаң келсе алдап көр» атты қазақстандық фильм де түсірілер.

Дархан Саркеновтің «Байқа! Алаяқ!» фильмі 19 наурыздан бастап Қазақстан бойынша көгілдір экрандарға шықты. 

Фото: Станислав Климанов (Kinomania.kz)

👍 3 👎 0
Теги: #Казахстанское кино#Премьера

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Последние публикации
  • 7+1+3: итоги недели в казахстанском прокате
  • Премьера Kesu: казахи, корейцы и тхэквондо
  • Куантай Абдимади: «Я не брутал, но Адильхан сказал — «Да ты сможешь!»
  • Премьера «Мальчишник vs девичник: соңғы түн»: ты чё такая дерзкая?!
  • Любимые и ненавистные: что нравится и не нравится в кино народной артистке Казахстана Жание Аубакировой
  • Онлайн-премьеры 12-18 октября: новый сериал от Адильхана Ержанова, «Квест Вижна» и приквел «Пятницы, 13»
  • Кинопремьеры 8-14 октября: триллер с сексуальным подтекстом и сразу три казахстанские картины
  • Создатели фильма «Қыста»: «В Корее на всех трёх показах у нас был солд-аут»
  • Семеро одного не ждут: что зрители смотрели в кино на прошлой неделе
  • Надин Цой: «Когда мне говорят «нет» — это для меня как стимул»

Любимые и ненавистные

Боюсь показаться банальной, но для меня эталонными в кино всё равно являются советские фильмы — «Ирония судьбы», «Гараж»… Может быть, потому, что до обретения страной независимости я еще могла пожить как человек, со свободным временем, а после навалилось так много работы, что я стала не человеком, а функцией (смеётся). Сейчас тоже времени на кинопросмотры не хватает, я привыкла рано ложиться и рано вставать. Иногда, правда, в самолёте удаётся что-то посмотреть, но и то не до конца — клонит в сон, обещаю себе обязательно досмотреть дома — и не сдерживаю обещание.

Жания Аубакирова — музыкант, народная артистка Казахстана

Подробнее

Реклама

Тэги

DASCO Capital (1) Disney (19) LAIKA (1) Qaitadan (1) Tolqyn Film Fund (1) Unico (4) Venice International Film Festival (1) Wildwood (1) Агата Кристи (1) Акан Сатаев (1) Алдияр Байракимов (3) Антонио Бандерас (1) Байконур (2) Байопики (1) Детективы (8) Джеймс Ганн (1) Ернар Нургалиев (1) Звёзды (31) Игроманка (3) Историческое кино (5) Кинодивы (2) Кинокритики (7) Комедии (31) Кристиан Мунджиу (1) Кубрик (1) Мстители (1) Новости (105) Онлайн-кинотеатр (1) Паралимпиец (1) Педро Альмодовар (3) Перекресток (1) Планета обезьян (1) Призы (7) Режиссёры (6) СССР (1) Советское кино (1) Социальная сеть (1) Театр (1) Терминатор (1) Тим Бёртон (2) Тимур Бекмамбетов (1) Триллеры (6) Фильмы (307) Цукерберг (1) Экшн (11)

Комментарии

  1. Айгерим Айгаликызы к Қара алтынСентябрь 19, 2026

    Молодец

  2. Айгерим Айгаликызы к Қара алтынСентябрь 19, 2026

    Керемет 🤘


Мы любим кино и рассказываем о нём честно, глубоко, с душой.

KinoMania — дань уважения кинематографу и всем причастным к его созданию. Мы гордимся тем, что делаем вклад в развитие кинокультуры в Казахстане и за его пределами.

© 2025 KinoMania. Все права защищены. Разработка — RazDva Studio
RU
KK