ЛоготипЛоготипЛоготипЛоготип
  • Новости
    • Казахстан
    • Мир
  • Афиша
    • Кинопрокат
      • На этой неделе
      • Скоро
      • Киноархив
    • Платформы
      • Анонсы
    • ТВ
      • Кино и сериалы на ТВ-каналах
  • Рецензии
    • Фильмы
    • Сериалы
  • Подробности
    • Интервью
    • Мнения
    • Репортажи
    • Обзоры
  • Киноман
    • Выбор критиков
    • Любимые и ненавистные
  • Box Office
  • Смотри
    • Трейлеры
    • Кино
✕

Қазақстанның жаңа әйелдер киносы: жеке қасіреттен ортақ тарихқа дейін

Опубликовано Гульнара Абикеева 25 марта, 2026

Жуырда Делиде 21-ші әйелдер кинофестивалі аяқталды, онда Орталық Азия – Қазақстан мен Қырғызстанның әйел режиссерлерінің фильмдеріне арналған жеке қысқаметражды фильм бағдарламасы өтті.

Еліміз атынан IAWRT фестиваліне үш фильм қатысты: Айжан Қасымбектің «Маленькая любовь», Айбота Калидың «Жоқтау» және Аружан Досымқожаның «Бремя, которое мы несем» фильмі. Бұлардың бәрі 2000 жылдардың басында түсірілген. Әрқайсысын жеке-жеке талдауға болар еді, бірақ бұл туындылар өзара таңғаларлықтай астасып жатыр, себебі бұл режиссерлер кино түсіріп қана қоймайды, бір-бірімен достасып, түсірілім кезінде де, фильмдерді ілгерілету барысында да өзара қолдау көрсетіп келеді.

Айжан Қасымбек бұл қатардағы ең тәжірибелі режиссер. «Маленькая любовь» (2021) фильмі түсірілген кезде-ақ оның қоржынында «От» (2020) толықметражды картинасы болатын. Бірақ осы қысқаметражда ол кейінірек Токио кинофестивалінің байқау бағдарламасына енген «Мадина» (2023) фильмін түсіретін оператор Айгуль Нурбулатовамен бірге жұмыс істеп көрді. «Маленькая любовь» – мектептен кейін көктемгі қалада қыдырып, өмірдегі бар нәрсе жайлы, соның ішінде ұлдар туралы әңгімелесетін екі жоғары сынып оқушы қыз туралы фильм. Бірақ бұл аңғал әңгімелер емес, әбден есейген, салмақты сөздер болатын, өйткені оларды ересектер әлемі қоршап тұр, фильм де дәл осы әңгімелерімен аздап селт еткізеді. Бірақ оның жүрегіне батқан нәрсе бұл – әкесі өзіне мұра боп қалған әжесінің әшекейін жаңа әйеліне сыйлап жібергені еді. Содан екі құрбы әлгі үйге барып, әшекейлерді қайтарып алуға бел буады. Жолда құрбысын анасы алып кетеді де, Камилла әкесінің жүкті әйелінен әшекейлерді өзі барып алады. Бұл көрініс ақыры төбелеске шақ қала жаздайтын өте шиеленісті сәтпен аяқталады.

«Маленькая любовь» деген жеңіл атау мен жасөспірім қыздардың алаңсыз көрінетін жалған атмосферасы ақырында жасырынған жан жарасын ашып береді. Бұл – Айжан Қасымбектің фильмдеріне тән сипат. Режиссер өз туындылары арқылы: «Адамдар, көздеріңді ашыңдар, бәріміз де өз жарамыз бен қасіретімізді ішке бүгіп жүреміз. Шындықты айтудан қорықпау керек!» деп тұрғандай әсер қалдырады.

Аружан Досымкожа

Аружан Досымқожаның «Бремя, которое мы несем» (2022) фильмі – драмалық қысқаметражды туынды. Ол өте динамикалы түсірілген: супермаркетте бес жасар қызынан айырылып қалған басты кейіпкер үшін көрермен ретінде шынымен де алаңдайсың. Фильмнің бастапқы он бес минуты бойы кейіпкермен бірге қала ішінде жүгіріп, кішкентай қызды іздейміз. Ананың рөлін кейін Айжан Қасымбектің «Мадина» фильмінде басты кейіпкерді сомдайтын тамаша актриса Мадина Ақылбекова ойнаған. Дәл осы рөлі үшін ол кейін APSA сыйлығына ұсынылып, 2024 жылдың Азиядағы ең үздік бес актрисасының бірі атанды.

Фильм соңына қарай қызды табу мүмкін емес екенін түсінеміз, өйткені ол қайта келмеске кетеді. Кейіпкерді үйіне әпкесі алып кетіп, қайтыс болған қыздың заттарын көрсетеді. Осы тұста бұл туындыда әлеуметтік қыр ашылады: қыздың 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде кездейсоқ қаза тапқаны белгілі болады. Сол сәттен бастап фильм атауының мәні де тереңдей түсіп, бұл жердегі сөз тек тұрмыстық қиындықтардың жүгі туралы емес, тәуелсіздік кезеңіндегі ортақ тарихымыздың салмағы жайында да болып шығады. Қаңтар оқиғасы біздің жадымызда мәңгілік ауыр жүк әрі ескерту болып қала береді.

Қазір Аружан Досымқожа көбіне продюсер ретінде жұмыс істейді. Бүгінде режиссер Аяна Нурдинова, оператор Айгуль Нурбулатова және продюсер Аружан Досымқожа «Мұғалім» фильмі бойынша жұмысты аяқтап жатыр.

Аружан Досымкожа, Аяна Нурдинова, Айгуль Нурбулатова

Айбота Кали әлі оқып жүр, ол – TFA-ның (Turan Film Academy) магистранты, ал оның қысқаметражды Жоқтау (2023) фильмі өзінің дипломдық жұмысы болған.

Айтпақшы, Аружан Досымқожа мен «Маленькая любовь» фильмінің продюсері Бану Рамазанова бүгінде TFA-да дәл продюсерлік бағыт бойынша сабақ береді. Өйткені қазір қазақ киносында бұл мамандыққа сұраныс өте жоғары. Өзіміз білетіндей, артхаус кино саласында әйел продюсерлердің орны да, жетістігі де айрықша.

Айбота Кали

«Жоқтау» – алдыңғы екі қысқаметражды фильм сияқты сюжеттік тұрғыдан өте ауыр туынды. Жас қыздың әкесі қайтыс болғанымен, анасы оны жерлеу кезінде жыламағаны үшін жазғырады, тіпті оны «толық қалыптаспаған шала» адамдай көреді. Басты кейіпкер үнемі сыныптасы Салтанаттың буллингіне ұшырап жүреді, ол Салтанатты орысша нашар сөйлегені үшін «мамбетка» деп келемеждейді. Алайда келесі күні басты кейіпкер Салтанатты күштеп көлікке отырғызбақ болған жігіттен құтқарып қалады. Сол кезде Салтанат қазақ тілінде оған алғыс айтып, кешірім сұрайды. Фильм неге «Жоқтау» деп аталады? Өйткені әкемен қоштасу бір күнде бола салатын дүние емес. Туындыда бірінен соң бірі өрбитін оқиғалар арқылы, бір жағынан, қайғыны, екінші жағынан, қыздың ішкі қайратын көреміз.

Фестиваль директоры Бина Пол былай дейді: «Мен Қазақстан мен Қырғызстан фильмдеріне арнап жеке бағдарлама жасағым келді. Себебі сіздің елдерде кино аса мықты әрі интеллектуалды. Кинофестивальдерден фильмдеріңізді көрген сайын таңғаламын. Мұндай қуат, мұндай тереңдік пен кинематографиялық мәнерлілік қайдан келеді?! Оның үстіне бүгін сіздерде киноға әйел режиссерлер де белсенді түрде атсалысып жатыр. Сондықтан біз оларға арнайы жеке бағдарлама арнауды ұйғардық».

👍 1 👎 0

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Последние публикации
  • 7+1+3: итоги недели в казахстанском прокате
  • Премьера Kesu: казахи, корейцы и тхэквондо
  • Куантай Абдимади: «Я не брутал, но Адильхан сказал — «Да ты сможешь!»
  • Премьера «Мальчишник vs девичник: соңғы түн»: ты чё такая дерзкая?!
  • Любимые и ненавистные: что нравится и не нравится в кино народной артистке Казахстана Жание Аубакировой
  • Онлайн-премьеры 12-18 октября: новый сериал от Адильхана Ержанова, «Квест Вижна» и приквел «Пятницы, 13»
  • Кинопремьеры 8-14 октября: триллер с сексуальным подтекстом и сразу три казахстанские картины
  • Создатели фильма «Қыста»: «В Корее на всех трёх показах у нас был солд-аут»
  • Семеро одного не ждут: что зрители смотрели в кино на прошлой неделе
  • Надин Цой: «Когда мне говорят «нет» — это для меня как стимул»

Любимые и ненавистные

Боюсь показаться банальной, но для меня эталонными в кино всё равно являются советские фильмы — «Ирония судьбы», «Гараж»… Может быть, потому, что до обретения страной независимости я еще могла пожить как человек, со свободным временем, а после навалилось так много работы, что я стала не человеком, а функцией (смеётся). Сейчас тоже времени на кинопросмотры не хватает, я привыкла рано ложиться и рано вставать. Иногда, правда, в самолёте удаётся что-то посмотреть, но и то не до конца — клонит в сон, обещаю себе обязательно досмотреть дома — и не сдерживаю обещание.

Жания Аубакирова — музыкант, народная артистка Казахстана

Подробнее

Реклама

Тэги

Comic Con (1) IFFI (1) Neon (1) Paper Tiger (1) Super 8 (1) «Я и мой брат Лёша» (1) Азамат Дулатов (1) Астана (1) Берлинале (4) Бэтмен (1) Веб-сериалы (1) Видео (2) Горькое Рождество (1) Дженнифер Лопес (1) Документальное кино (4) Доспехи Бога (1) Европейское кино (34) Казахфильм (7) Капитан Байтасов (1) Кастинг (2) Келинка Сабина (1) Киноязык (2) Композиторы (1) Корейские сериалы (1) Лени Рифеншталь (1) Манга (2) Матрица (1) Минотавр (1) Монтаж (3) Музыка кино (1) Мюзиклы (2) Оскар (2) Победителей видно на старте (1) Притчи (2) Ребуты (1) Ремейки (2) Скорсезе (2) Супергерои (2) Сценарии (2) Трейлеры (2) Трэш (1) Уэнсдей (1) Франшизы (1) Шон Коннери (1) Эмми (1)

Комментарии

  1. Айгерим Айгаликызы к Қара алтынСентябрь 19, 2026

    Молодец

  2. Айгерим Айгаликызы к Қара алтынСентябрь 19, 2026

    Керемет 🤘


Мы любим кино и рассказываем о нём честно, глубоко, с душой.

KinoMania — дань уважения кинематографу и всем причастным к его созданию. Мы гордимся тем, что делаем вклад в развитие кинокультуры в Казахстане и за его пределами.

© 2025 KinoMania. Все права защищены. Разработка — RazDva Studio
RU
KK