ЛоготипЛоготипЛоготипЛоготип
  • Новости
    • Казахстан
    • Мир
  • Афиша
    • Кинопрокат
      • На этой неделе
      • Скоро
      • Киноархив
    • Платформы
      • Анонсы
    • ТВ
      • Кино и сериалы на ТВ-каналах
  • Рецензии
    • Фильмы
    • Сериалы
  • Подробности
    • Интервью
    • Мнения
    • Репортажи
    • Обзоры
  • Киноман
    • Выбор критиков
    • Любимые и ненавистные
  • Box Office
  • Смотри
    • Трейлеры
    • Кино
✕

«Мошенники» кинотеатрларға да келіп жетті

Опубликовано Галина Галкина 2 апреля, 2026

«Мошенники» фильмінің тұсаукесеріне арналған билеттердің бәрі әп-сәтте сатылып кетті.

1 сәуір күні танымал «Мошенники» хикаясының толықметражды жалғасы ұлттық прокатқа шықты.

Сәуірдің алғашқы күнінің кешінде Salem Entertainment командасы қонақтарды мен «Мошенники» фильмінің түсірілуі әрі ілгерілетілуіне атсалысқан барша мамандарды Dostyk Plaza сауда-ойын-сауық орталығындағы Cinemax Dostyk Multiplex кинотеатрында өткен эксклюзивті жабық көрсетілімге шақырды.

Идея авторлары әрі сценарий авторлары – Рустем Омаров пен Илхан Исхакбаев…

… ал фильм режиссері – Олжас Нурбай.

«Мошенники» хикаясыны4 YouTube платформасындағы бірінші және екінші маусымдары 60 миллионнан астам қаралым жинады. Жобаның продюсері Рустем Омаровтың айтуынша, алғашқы күннің өзінде кинотеатрлардағы «Мошенники» фильміне барлық сеанстың билеттері түгел сатылып кеткен.

Игорь Цай, бас продюсер: «Бүгін көрерменнің назарын қазірдің өзінде танымал болып үлгерген франшизаның ауқымды жалғасы күтіп тұр. Ол екі сериал мен екі маусымнан тұрады. Екінші маусым, сірә, өзінің ауқымымен және өндіріс деңгейімен ерекшеленеді. Бұл – алға басқан үлкен қадам. Ал фильм, бәлкім, осы хикаяға үлкен нүкте қоюы да, бәлкім, қоймауы да мүмкін, нақтысын көре жатарсыздар. Фильм өте тұтас шыққан, тіпті сериалды көрмегендерге де қызық болады. Бұл туынды өз алдына жеке қарайтын Standalone жоба, оның жанры да қызық: бұл комедия да, сатира да емес, бұл – баршаға маңызды тақырыпты қозғайтын салмақты детективтік драма. Әрқайсымыз өмірде бір рет болсын осы жағдайға тап болдық. Тіпті, өкінішке қарай, кейбірі алаяқтардың құрбанына да айналды. Сондықтан осындай фильмдердің көп болғаны да жақсы. Адамдар да алдын ала сақтанады. Ал көрермен, меніңше, мүлдем күтпеген тосын-сыйға толы қызықты, драмалық оқиғаны тамашалайды».

«Мошенники» фильмінің сценарий авторы Илхан Исхакбаев сценаристердің көбі кадр сыртында қалатын жандар екенін жақсы түсінеді. Оның айтуынша, мансабының басында сценаристердің тасада қалатыны аздап қынжылтатын: «Уақыт өте келе оған да үйренесің. Бірақ қазір мені кейде танып жатады, өйткені «Мошенники» жобасының бірінші және екінші маусымдарына өзім де түстім. Дегенмен, негізінен, бәрібір кадр сыртындағы адам болып қаламын. Ең бастысы – өзіміз және жақындарымыз немен айналысып жүргенімізді білсек болғаны. Біз барлық жобамызды Рустем Омаровпен бірге жазамыз. Ол – менің шефім, тәлімгерім, гуруым, бауырым. Оны қалай атарымды да білмеймін. Рустем Омаров – 2019 жылдан бері бірге жұмыс істеп келе жатқан адам. Біздің сырымыз, сірә, өз бетімізбен үйренгенімізде шығар. Біз сценарий шеберлігін арнайы оқыған жоқпыз. Бәлкім, белгілі бір жетістігіміз де осында шығар: ережелерді білмейміз, сондықтан оларды бұза аламыз. Біз жобаны қалай жасаймыз? Бізде бір ішкі түйсік бар, сірә, сол түйсікке сүйенеміз».

Сценаристер бұл тақырыпты қалай зерттеді, алаяқтық схемалар туралы мәліметті қайдан алды? «Біз бәрін ашық дереккөздерден, интернеттен зерттедік. Жақындарымыздың, таныстарымыздың, достарымыздың тәжірибесіне қарадық. Біз білетін бүкіл кейстерді жан-жақтан жинадық, оған қоса құқық қорғау органдары да белгілі бір кейстерді ұсынды. Сөйтіп, осындай ортақ бір тәжірибе қорын жинақтап барып, сценарий жаздық». Илхан Исхакбаевқа сценарист ретінде «Мошенники» жобасымен жұмыс істеудегі ең қызық нәрсе не болды? «Ең алдымен схемалардың өзі қызықтырды. Сценарий жазып жүргенде немесе белгілі бір схемаларды зерттегенде, алаяқтардың арасында да біз секілді өзінше бір сценаристер бар екенін түсіндік. Шынын айтқанда, мұндай жүрістер мен күтпеген бұрылыстарды ойлап табу өте қиын»  

Қазір сценарист Илхан Исхакбаев командасымен бірге «Саке» толықметражды фильмімен жұмыс істеп жатыр. Бұл – хикаяның екі маусымының жалғасы. Толығырақ жақын арада KinoMania.kz сайтынан оқи аласыздар!

Акылхан Алмасовтың кейіпкері қалай өзгерді? «Айтарлықтай үлкен трансформация болды. Екінші маусымда Берік сәл сабасына түсті. Бірінші маусымда ол аш еді, ынтасы да екінші маусымға қарағанда күштірек болатын. Үшінші маусымда Берік әлі бұл мәселенің шешілмегенін түсінгенге дейін дерлік селқос күйге түсті. Жалпы, менің кейіпкерім анағұрлым эмоциялық бола түсті, өйткені оған бірінші маусымдағы бүкіл жағдай әсер етті. Бұрын ол ұстамды, сабырлы еді, бірақ кейін психикасы шайқала бастады».

«Паралимпиец» пен «Игроманка» фильмдерінің режиссері Алдияр Байракимов фильмді тамашалап, әріптестеріне қолдау көрсету үшін келгенін айтты: «Мен екінші маусымның жеті сериясын көрдім, хикая маған қатты ұнады. Оны менімен бірге мен «Паралимпиец», «Игроманка» фильмдерін түсірген біз жақсы көретін Азамат Жанабеков оператор болды. Хикаядағы көрініс, бәрінің қаншалықты сапалы жасалғаны ұнады. Актерлер ойыны да, сценарий де – бәрі керемет болды. Оның үстіне, мен хикая авторларының алаңда қандай қиындықтарға тап болғанын да білетінмін. Олардың халықаралық деңгейдегі контент жасай алғанына риза болып, әрі бұл қаншалықты қиынға түскенін түсінемін. Экраннан не көрсетілетінін тамашалау маған өте қызық болды. Хикаяны көргенде режиссердің көптеген дебютанттарды түсіргенін байқадым. Режиссер ретінде мен де дебютанттар мен енді ғана бастап жүрген актерлерді түсіргенді жақсы көремін. Рустем Омаровтың ойынын бақылау да қызық: оған барлық рөл жарасып тұрғандай, бәрі өзіне үйлеседі. Көрермен ретінде антагонистке іш тарта бастайсың. Ол өте жағымсыз кейіпкер болғанына қарамастан керемет харизма мен тартымдылыққа ие. Бір сәтте оның басты алаяқ екенін де ұмытып кетесің. Рустем Қазақстандағы ең мықты зұлым кейіпкерлердің бірін сомдай алды. Хикаяда барлық алаяқтық схемалар көрсетілген. Төрт-бес бөлімін көргеннен кейін мен ата-анама хабарласып, сол схемалар туралы айтып бердім…»  

«Мошенники» толықметражды фильмі үш маусымға созылған хикаялық оқиғаға нүкте қоя ма? Оны уақыт көрсете жатар. Алаяқтық – ең көне «кәсіптердің» бірі, сондықтан мұндай сюжеттердің таусылар түрі жоқ.

Фото и видео Станислава Климанова (Kinomania.kz)

👍 5 👎 0
Теги: #Казахстанское кино#Премьера

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Последние публикации
  • 7+1+3: итоги недели в казахстанском прокате
  • Премьера Kesu: казахи, корейцы и тхэквондо
  • Куантай Абдимади: «Я не брутал, но Адильхан сказал — «Да ты сможешь!»
  • Премьера «Мальчишник vs девичник: соңғы түн»: ты чё такая дерзкая?!
  • Любимые и ненавистные: что нравится и не нравится в кино народной артистке Казахстана Жание Аубакировой
  • Онлайн-премьеры 12-18 октября: новый сериал от Адильхана Ержанова, «Квест Вижна» и приквел «Пятницы, 13»
  • Кинопремьеры 8-14 октября: триллер с сексуальным подтекстом и сразу три казахстанские картины
  • Создатели фильма «Қыста»: «В Корее на всех трёх показах у нас был солд-аут»
  • Семеро одного не ждут: что зрители смотрели в кино на прошлой неделе
  • Надин Цой: «Когда мне говорят «нет» — это для меня как стимул»

Любимые и ненавистные

Боюсь показаться банальной, но для меня эталонными в кино всё равно являются советские фильмы — «Ирония судьбы», «Гараж»… Может быть, потому, что до обретения страной независимости я еще могла пожить как человек, со свободным временем, а после навалилось так много работы, что я стала не человеком, а функцией (смеётся). Сейчас тоже времени на кинопросмотры не хватает, я привыкла рано ложиться и рано вставать. Иногда, правда, в самолёте удаётся что-то посмотреть, но и то не до конца — клонит в сон, обещаю себе обязательно досмотреть дома — и не сдерживаю обещание.

Жания Аубакирова — музыкант, народная артистка Казахстана

Подробнее

Реклама

Тэги

DASCO Capital (1) Disney (19) LAIKA (1) Qaitadan (1) Tolqyn Film Fund (1) Unico (4) Venice International Film Festival (1) Wildwood (1) Агата Кристи (1) Акан Сатаев (1) Алдияр Байракимов (3) Антонио Бандерас (1) Байконур (2) Байопики (1) Детективы (8) Джеймс Ганн (1) Ернар Нургалиев (1) Звёзды (31) Игроманка (3) Историческое кино (5) Кинодивы (2) Кинокритики (7) Комедии (31) Кристиан Мунджиу (1) Кубрик (1) Мстители (1) Новости (105) Онлайн-кинотеатр (1) Паралимпиец (1) Педро Альмодовар (3) Перекресток (1) Планета обезьян (1) Призы (7) Режиссёры (6) СССР (1) Советское кино (1) Социальная сеть (1) Театр (1) Терминатор (1) Тим Бёртон (2) Тимур Бекмамбетов (1) Триллеры (6) Фильмы (307) Цукерберг (1) Экшн (11)

Комментарии

  1. Айгерим Айгаликызы к Қара алтынСентябрь 19, 2026

    Молодец

  2. Айгерим Айгаликызы к Қара алтынСентябрь 19, 2026

    Керемет 🤘


Мы любим кино и рассказываем о нём честно, глубоко, с душой.

KinoMania — дань уважения кинематографу и всем причастным к его созданию. Мы гордимся тем, что делаем вклад в развитие кинокультуры в Казахстане и за его пределами.

© 2025 KinoMania. Все права защищены. Разработка — RazDva Studio
RU
KK