ЛоготипЛоготипЛоготипЛоготип
  • Новости
    • Казахстан
    • Мир
  • Афиша
    • Кинопрокат
      • На этой неделе
      • Скоро
      • Киноархив
    • Платформы
      • Анонсы
    • ТВ
      • Кино и сериалы на ТВ-каналах
  • Рецензии
    • Фильмы
    • Сериалы
  • Подробности
    • Интервью
    • Мнения
    • Репортажи
    • Обзоры
  • Киноман
    • Любимые и ненавистные
  • Box Office
  • Смотри
    • Трейлеры
    • Кино
✕

«Күзгі самал»: түсірілім кезінде актриса есірігі ұстап, Ыстықкөлге шын мәнінде батып кете жаздаған

Опубликовано Галина Галкина 30 апреля, 2026

Chaplin MEGA Alma-Ata кинотеатрында режиссер Әділ Мерекенің «Күзгі самал» фильмінің тұсаукесері өтті.

Суретте: қызыл кілемнің сәні

«Күзгі самал» фильмінің негізіне белгілі қырғыз жазушысы, драматург әрі сценарист Талип Ибраимовтың «Старик» прозасы алынған. Лирикалық драманың сюжеті бір қарағанда қарапайым көрінуі мүмкін: жары жұмбақ жағдайда көз жұмғаннан кейін Серік Асанов тұйықталып, Ыстықкөл жағасындағы үйінде жалғыз өмір сүре бастайды. Оған анда-санда балалары мен немерелері келіп тұрады. Жан жарынан айырылғаннан кейін ер адам өмірін күнделікті, дағдылы әрекеттерге ғана тіреп қояды. Тек түнде ешкімге білдірмей көлге жүзіп шығуы ғана оның жан дүниесінде қайнап жатқан сезім мен азаптың алапат дауылын аңғартады. Бірақ бір түні ол жағалаудан әрең қозғалып, пирске қарай бет алған қызды байқайды. Қыз мұздай көл суына секіреді… Әрі қарай – спойлер болғандықтан осы жерден көп нүкте қоямыз…

Бұл кинокартина Әділ Мерекенің режиссер ретіндегі дебюті болды. Бұған дейін оның негізгі мамандығы фильм монтажы еді. Ең танымал жұмыстарының қатарында «Лето 1941 года» фильмі мен «С любовью, аферист» телехикаясы бар. Фильмнің продюсері – қазақ киносының тәжірибелі ақсақалы Тасболат Мерекенов. Ол еңбек жолын кеңес дәуірінде «Қазақфильм» киностудиясында бастаған. Ал фильмдегі әріптесі – жас продюсер Біржан Әбубәкір.

Жуырда сексеннің сеңгіріне шығатын Тасболат Мерекеновті фильм таныстырылымы кезінде көрермендер қошеметпен қарсы алды. Ол жарты ғасырын киноға арнаған маман: кеңес заманында «Қазақфильмнің» ең күрделі картиналарында, соның ішінде ұлы жазушының 150 жылдығына арналған «Абай жолы», «Батыр Баян» фильмдерінде жұмыс істеген. Ал посткеңестік кезеңде және қазір Ермек Тұрсыновтың «Келін», режиссер Әмір Манабайдың «Кеке», Бекболат Шекеровтің «Лето 41 года» сияқты ірі киножобаларына және басқа да көптеген фильмдерге атсалысты.

— Продюсердің міндеті әрдайым бір: ол көрермен үшін де, өзі үшін де өзекті тақырып табу мақсатында идея, сценарий іздейді, кітап оқиды. Осы жолы қырғыз әріптестерім қырғыз жазушысы Талип Ибраимовтың «Старик» деген тамаша әңгімесі бар екенін айтты. Ол 2000 жылы прозасы үшін ресейлік сыйлық алған. Бұл он жыл бұрын болған еді. Осылайша фильміміз біртіндеп пісіп-жетілді… Түсірілім тобым менімен он-он бес жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ыстықкөлде түсірдік. Табиғаты, ландшафты керемет, актерлер де тамаша – Берік Айжанов, Ғани Құлжанов, Камила Фун-Со. Сондықтан шығармашылық тандем өте мықты болды, — деп сұхбат берді Тасболат Мерекенов Kinomania.kz сайтына.

«Күзгі самал» фильмінің сценарийін Азат Хакимов жазған. Ол тәжірибелі сценарист қана емес, сондай-ақ «Переплёт», «Мы», «Хроника двадцатого года», «Картины декабря», «Жорж» фильмдерінің продюсері әрі режиссері. Фильм операторы – Марс Умаров, композиторы – Виктор Сологуб, қоюшы-суретшісі – Еркен Сүлейменов, грим суретшісі – Лидия Ордынская.

Түсірілімдегі негізгі ауыртпалық, рөлінің драмалық салмағы жағынан да, кейіпкер бейнесін жасау барысында актриса тап болған сынақтар тұрғысынан да, Камилла Фун-Соның иығына түсті. Камилла бұл рөлді «аса ауқымды» деп есептемейді: «Рөлдің қиындығы туралы айтсам, бұл менің өмірімдегі алғашқы су астындағы түсірілімдер болды. Ресейден оператор ұшып келді, өмірімде алғаш рет сүңгідім, жүздім, баттым. Ең қиыны – Ыстықкөлдің мұздай суында дубль артынан дубль жасау болды. Маңызды бір ескерту: біз бассейнде түсірген жоқпыз, бәрі өмірде, шынайы жағдайда өтті. Шын мәнінде батуым үшін өкпеме жиналған ауаны толық шығаруым керек болды. Қалталарымның бәрінде қорғасын ауырлатқыштар жатты, бірақ өкпемдегі ауаны толық шығармайынша оның ешқайсысы көмектеспеді. Содан кейін үш дубль бойы шынымен суға батып кеттім, мені Қырғызстан ТЖМ қызметкерлері құтқарды. Құтқарушылар жанымызда кезекшілік етті, жігіттер әр дубль сайын артымнан сүңгіп, судан шығарып отырды, өйткені мен физикалық тұрғыдан су бетіне өзім қалқып шыға алмадым. Бұл өте қорқынышты. Кейін мен қатты есіргі ұстадым. Өйткені суға шын мәнінде батып кеткен едім. Солай кейін ТЖМ жігіттері үшін дұға еттім».

Басты кейіпкердің суға бату мен Серіктің оны құтқару көрінісі фильмде бірнеше минутқа ғана созылғанымен, Камила Фун-Со аса қатты күйзеліс сезінді. Су үстіндегі қауіпті сахнаның екінші қатысушысы Берік Айтжанов та дәл сондай күй кешкен болуы мүмкін. Осы қауіпті эпизодтан кейін актрисаға бір күн демалыс берілді. Ал рөлдің өзі Камила Фун-Со үшін қиындық тудырмаған: «Шынымды айтсам, меніңше, драмадан басқа ештеңе ойнаған жоқпын. Бұл рөл тура маған арнап жазылғандай болды. «Күзгі самал» фильміндегі мен үшін басты сынақ, бәлкім, тек суық, суық және тағы да суық болған шығар. Бұл – камера алдында жалғыз ішкиіммен тұратын түнгі ауысымдар еді».

Суретте басты рөлдерді сомдаған Берік Айтжанов пен Камила Фун-Со.


Берік Айтжановқа өзінен әлдеқайда егде жастағы кейіпкерді сомдау алғаш емес: «Мен Серік Асановтан 25 жас кішімін. Бірақ біздің алдымызда кейіпкерді қауқарсыз қарт етіп көрсету деген міндет болған жоқ. Адамдар әртүрлі қартаяды: менің 70 жасында кейбіреулердің 40 жасындағы қалпынан да жақсы көрінетін таныстарым бар. Режиссер екеуіміз келесі қорытындыға келдік: кәрілікті ойнаудың қажеті жоқ, тек белгілі бір өмір кезеңінен өткен адамды көрсету керек». Берік Айтжановтың айтуынша, өзі сомдаған кейіпкер оның өзіне өте ұқсас: «Ұқсастықтар бар, мен фильмде онымен үндес өмір сүрдім. Ол өте тұйық, интроверт, көпшілік ортаны ұнатпайды. Асановқа жалғыз болған ыңғайлы, ол сезімін іште жасырады. Бірақ оның әкелік парыз бен махаббаттың шақыруы арасында арпалысып жүргені байқалады. Ол – ішкі күресі бар адам. Ал бәрі сыңғырлаған тыныштықта өтеді».

Берік Айтжанов сияқты тәжірибелі актер үшін дебютант режиссермен жұмыс істеу қандай болды? «Әділ Мерекені көптен бері танимын, оны видеомонтаждың мықты режиссері ретінде білемін. Фильм түсіріп, режиссурамен айналысу идеясын ол бұрыннан ойында пісіріп жүрген, бұл ниетімен менімен де бөлісетін. Міне, сол сәт келді. Оның түсірілім алаңындағы жұмысы менің барлық күткенімнен асып түсті. Фильм шықты. Меніңше, әр көрермен бұл фильмнен өзіне жақын бір үн табады. Мұнда махаббат тақырыбы, егде жастағы махаббат, әкенің балалары алдындағы парызы, өмірлік ұстанымдар, сатқындық, көңіл қалу, сенім мәселелері көтеріледі… Бұл жерде бәрімізге жақын сезімдер мен эмоциялардың бай палитрасы бар. Екі жаралы жан, бірақ махаббаттың емдейтіні анық. Кейіпкер эмоционалдық әрі психологиялық тұрғыдан ауыр күйде жүреді, ал оның өміріне кенет енген сол жарық сәуле, сол күзгі самал оған өмірін жалғастыруға үміттің бір сәулесін сыйлайды».

Ғани Құлжанов фильмде өзіне үйреншікті антипод амплуасында ойнағанын жеңіл ирониямен жеткізді: «Әдетте мұндай рөлдерге сирек келісемін. Осындайдан шаршадым деп айта алмаймын, бірақ жаман адамды емес, енді басқа нәрсе ойнағым келетін еді». Дегенмен бұл жолы актер бас тартпаған, өйткені оны материалдың өзі де, жобаға тартылған мамандар да қызықтырған. Фильммен жұмыс Ғани Құлжановқа үлкен ләззат сыйлаған: «Бұл супер ұжым, супер команда, аса кәсіби актерлер болды. Құрамның кереметтігі сонша, түсірілім алаңынан кеткің келмейтін. Бұл фильм өз көрерменіне жол табады деп ойлаймын». Ғани Құлжанов режиссер-дебютант Әділ Мерекенің жұмысын ерекше атап өтті: «Оның есімі – Әділ, қазақша мағынасына сай. Режиссер әділ, адал, ашық, тіл табысқыш болды, бұл фильмге өте жақсы дайындалған. Кейде кей режиссерлер түсірілімді бастап алып, әрі қарай не істерін білмей жатады. Ал Әділ Мереке нені түсіру керек екенін де, оны қалай жасау керегін де білді. Оның түсірілімге мұқият дайындалғаны көрініп тұрды – бәрі лайықты әрі кәсіби деңгейде өтті».

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы сараптамалық кеңесінің төрағасы Бауржан Шукенов: «Мен үшін бұл картина ең алдымен сценарийімен қымбат: тосын, қызықты. Бұл – «орта жолдың» киносы: тарихи фильм де емес, блокбастер де емес, авторлық немесе артхаустық кино да емес. «Орта жолдың» киносы – махаббат туралы, мәңгілік тақырып туралы. Картинаның продюсері Тасболат Мерекеновке, жетпіс алты жастағы адамға, бұл тақырып әсер еткен. Сюжеті трагедиялық. Әрине, мұндай тақырыптарға кез келген адам бара бермейді. Мен үшін бұл фильм дәл осынысымен өте құнды. Әділ Мерекеновтың өте жақсы дебюті болды. Актерлік құрамы тамаша. Меніңше, фильмнің жеке бір кейіпкері – әртүрлі ракурстан түсірілген көл бейнесі: дауылды күнде де, әдемі самал соққан сәтте де».

Түсірілімге қатысқандардың бәрі алаңда орнаған сабырлы атмосфераны атап өтті. Бұл фильмнің өзіне де оң әсерін тигізген. Кинозалда көрермендер демін ішіне тартып отырды. Фильм бірде жанға ауыр тисе, бірде теңіз самалындай сипап, әлдилеп, енді бірде кейіпкерлер махаббатының жалынымен күйдіріп, жүрек қағысын сездіріп тұрды. Көрсетілімнен кейін тыныштық орнады: көрермендер экранға түсінбей көз тігіп, тағы бір нәрсені – түсіндірмені, жалғасын күткендей болды. Тіпті финалдық титрлар басталғанда да, ешкім орнынан тұрған жоқ…

Жалғыздық, құтқарылу және екінші мүмкіндік туралы «Күзгі самал» лирикалық драмасын 30 сәуірден бастап кинотеатрлардан көріңіздер!

Сурет: Станислав Климанов (Kinomania.kz)

👍 4 👎 0
Теги: #Казахстанское кино#Премьера

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Последние публикации
  • Битва отечественных и зарубежных франшиз: что казахстанцы смотрели в кино в праздничные выходные?
  • Премьера «Mangyshlak express. Пойыздағы паника»: проводница, поезд и немного юмора
  • Канны-2026: сильная программа и много звёздных гостей
  • Кино как альтернатива картелю
  • Онлайн-премьеры 11-17 мая: Каратель, Даттоны и суперглупые герои от Netflix
  • Восемь из бесконечности
  • «Дьявол носит Prada 2» против всех: как казахстанцы ходили в кино в начале мая
  • Топ-9 самых сильных фильмов о Великой Отечественной войне
  • Премьера «Дьявол носит Prada 2»: без Эвелины, но с Лилией
  • Кинопремьеры 30 апреля – 6 мая: три казахстанских фильма vs «Дьявол носит Prada 2»

Любимые и ненавистные

Отдаю себе отчёт в том, что у Балабанова оба «Брата», «Груз 200», «Морфий» — это сочетание таланта и профессионализма высочайшей пробы, но мне не близки шедевры, замешанные на мизантропии. Не говоря уже о том, что оба «Брата», с моей точки зрения, талантливые фашистские картины. Помню, в начале нулевых, когда я жил в Москве, в России была очередная предвыборная президентская кампания, и в метро висели большие билборды. На одном из них был изображён портрет Бодрова-младшего со слоганом «Данила Багров — наш брат». Я тогда работал грузчиком и по вечерам ходил на занятия по английскому языку, а моим педагогом была пожилая, очень интеллигентная преподавательница. И вот она тогда сказала: «Если Данила — наш брат, то нашу страну в будущем ждут страшные испытания».

Азиз Бейшеналиев — актёр, режиссёр, сценарист, драматург.

Подробнее

Реклама

Тэги

Comic Con (1) KINOLUB (1) Neon (1) «MŪNAI» (2) «АНСАР» (1) Азиатское кино (29) Актрисы (4) Андрей Тарковский (1) Астана (1) Берлинале (4) Бэтмен (1) Венецианский кинофестиваль (7) Видео (2) Дайан Китон (1) Джеки Чан (1) Дженнифер Лопес (1) Документальное кино (3) Доспехи Бога (1) Жания Джуринская (1) Казахские страшные сказки (2) Казахстанское кино (184) Кастинг (2) Келинка Сабина (1) Киноляпы (1) Кинопрокат (60) Композиторы (1) Корейские сериалы (1) Лени Рифеншталь (1) Монтаж (3) Мэгги Джилленхол (1) Мюзиклы (2) Ребуты (1) Ридли Скотт (3) Рождественские фильмы (2) Саундтреки (1) Скорсезе (2) Супергерои (2) Сценарии (2) Трэш (1) Уэнсдей (1) Фестивали (35) Франшизы (1) Ханс Циммер (1) Эмма Стоун (1) Эмми (1)

Комментарии

  1. Ольга к «Совершенно летняя история»: 18+ для детей и влюблённых всех возрастовАпрель 23, 2026

    Третьего дня имела несчастье сходить на этот спектакль: "гениальная" режиссерская задумка осталась неразгаданной. Не поняла, почему из стройной Анастасии Тёмкиной…

  2. Тамара к Шесть фактов о втором сезоне сериала «Мошенники»Апрель 11, 2026

    Недавно посмотрела пару серий. Впечатления отвратительные - тупой и похабный контент! Постоянный мат, пошлость и сцены курения и ясно показали,…


Мы любим кино и рассказываем о нём честно, глубоко, с душой.

KinoMania — дань уважения кинематографу и всем причастным к его созданию. Мы гордимся тем, что делаем вклад в развитие кинокультуры в Казахстане и за его пределами.

© 2025 KinoMania. Все права защищены. Разработка — RazDva Studio
RU
KK