ЛоготипЛоготипЛоготипЛоготип
  • Новости
    • Казахстан
    • Мир
  • Афиша
    • Кинопрокат
      • На этой неделе
      • Скоро
      • Киноархив
    • Платформы
      • Анонсы
    • ТВ
      • Кино и сериалы на ТВ-каналах
  • Рецензии
    • Фильмы
    • Сериалы
  • Подробности
    • Интервью
    • Мнения
    • Репортажи
    • Обзоры
  • Киноман
    • Выбор критиков
    • Любимые и ненавистные
  • Box Office
  • Смотри
    • Трейлеры
    • Кино
✕

20-26 тамыздағы кинотұсаукесерлер: фестиваль фильмдерінің шеруі және динозаврлар дәуіріне сапар

Опубликовано Дмитрий Мостовой 20 августа, 2026

Кинотеатр мәзірі жаппай жаңарды. Осы демалыста прокатқа 12 (!) картина шықты, алайда олардың бәрі соңғы апталардың басты хиттері – жаңа «Өрмекші адам» мен «Одиссеяға» тек серік болары анық.

Апта тұсаукесері

Оук-стриттің шетінде (The End of Oak Street)

«Юра кезеңі» әлемінің дәурені өтіп бара жатқанын былтырғы «Қайта өрлеу» де көрсетті: онда Скарлетт Йоханссон мен Махершала Али ойнаған. Дегенмен кинодағы динозаврлар әлемі ешқайда жоғалмайды (айтпақшы, осы шолудың соңында мұның тағы бір дәлелі бар). Басты рөлдерде Энн Хэтэуэй мен Юэн Макгрегор ойнайтын жаңа жобаны продюсер Джей Джей Абрамс («Мүмкін емес миссия» және «Жұлдызды соғыстар» франшизаларының кейінгі бөлімдері) пен режиссер Дэвид Роберт Митчелл («Ол соңыңнан қалмайды», «Сильвер-Лэйктің түбінде») қолға алған. 

1980 жылдардың басы, жұмбақ аномалия қала көшелерінің біріндегі тұтас кварталды динозаврлар мекендейтін тарихқа дейінгі дәуірге көшіріп жібереді. Енді Платт отбасы көршілерімен бірге аман қалу үшін күресуге тиіс.

IMAX форматында түсірілген туынды әлемдік прокатқа бір апта бұрын шығып, қазірдің өзінде 63 млн доллардан сәл астам табыс тауып, бюджеті 80 млн долларға бағаланады.

Аптаның қазақстандық премьерасы

Болған оқиға 2

Өткен жылдың күзінде шыққан, балалар үйінен мейірімді тәрбиеші асырап алған үш өгей бауыр туралы табысты, бірақ едәуір оғаш фильмнің асыға күтілген сиквелі.

«Болған оқиға 2» сюжетінің өзегінде үш баланың кенжесі Біржан тұр. Полицей бола алмаған ол енді адвокаттық мансапты армандайды, оған қоса үйленбек. Бірақ қыздың отбасы ата-анасы мен тегін білмейтін жетіммен құдаласуға қарсы. Біржан кездейсоқ тапқан ескі сурет оны туған анасын іздеуге жетелейді. Әрине, ағалары да жанынан табылады.

Алғашқы фильмдегі негізгі актерлер үштігі – Нұрсұлтан Үсенов, Жанболат Найзабеков және Мерей Мұхтарұлына Қуандық Шәкіржанов қосылды. Режиссер де сол – Нұрболхан Шарапов. 

Басқа тұсауксерлер

Параллель оқиғалар (Histoires parallèles)

Францияда француз актерлерімен түсірілген ирандық режиссер Асғар Фархадидің жаңа фильмі. Әрі жай актерлер емес, нағыз жұлдыздар. Басты рөлдерде Изабель Юппер, Венсан Кассель, Виржини Эфира, Пьер Нине және жас талант Адам Бесса («Тайлер Рейк» дилогиясы). Фильмнің тұсауксері мамырда Канн кинофестивалінің байқау бағдарламасында өтті. 

Жалғызбасты жазушы Сильви Париждегі кең пәтерде тұрып, қинала жаңа романын жазады. Қарсы үйдегі пәтерге үңіле қарау оған шабыт береді: онда Нико, Тео және Нита жұмыс істейтін дыбыстық эффектілер студиясы орналасқан. Сильви үшеуінен кітабындағы махаббат үштағанын құрады. Бірақ жас көмекшісі Адам жазушының пәтеріне келген сәттен бастап оның баяу жылжыған жұмысы да, бақылаудағы адамдардың бейхабар тыныштығы да бұзылады.

Самурай мен тұтқын (Kokurôjô)

Биылғы Канннан келген тағы бір туынды сол жерде фильм «Канн премьералары» секциясында көрсетілді. «Самурай мен тұтқын» – Хонобу Ёнэзава жазған аттас тарихи романның экрандық нұсқасы. Оны бейімдеп, қойған – Киёси Куросава.

Фильм оқиғасы XVI ғасырдың екінші жартысында өтіп, шын мәнінде болған Ариока қамалының қоршауына құрылады. Қолбасшы Араки Мурасигэ сюзереніне қарсы көтеріліп, қамалға бекінеді. Келіссөзге тағы бір қолбасшы – Курода Канбэй келеді, бірақ елшіні зынданға тастайды. Көп ұзамай оған тосын міндет жүктеледі: қамал ішінде жұмбақ кісі өлтірулер басталып, құпияны тұтқынның әйгілі алғыр ақылы ғана шеше алады.

Электрлік сүйіс (La Vénus électrique)

Тағы да Канн, тағы да француз киносы. Одри Тоту түскен «Қауіпті ару» және «Кездейсоқ роман» романтикалық комедияларымен танылған режиссер Пьер Сальвадоридің жаңа картинасы беделді фестивальдің ашылу фильмі болды.

1928 жыл, Париж. Жас әрі табысты суретші Антуан Балестро әйелі Иреннің өлімін ауыр қабылдайды. Ол өзін кінәлап, шабытынан айырылады, сурет салуды қойып, ішімдікке салынады. Агенті Арман тығырыққа тіреліп, марқұмның рухымен байланыс орнатуға және Антуанды шығармашылыққа қайтаруға үміттеніп, медиумға жүгінеді.

Жағдай құрбаны (Sacrifice)

Осы демалыстағы фестиваль фильмдерінің шеруін «Оскардың» екі дүркін иегері Коста-Гаврастың ұлы, грек текті француз режиссері Ромен Гаврастың жаңа картинасы жалғастырады. «Жағдай құрбанының» (түпнұсқада Sacrifice, сюжет мәнмәтінінде «Құрбандық шалу» деп аударған қисындырақ) түпнұсқасы былтыр Торонто қаласында өтті. 

Фильм Грекия аралында өтеді. Мұнда әлемдік магнат әрі миллиардер Бен Бракен (Венсан Кассель) қайырымдылық кешін өткізіп, мұхит түбінен балама энергия көздерін өндіру жобасын таныстырады. Іс-шараға Джоан (Аня Тейлор-Джой) бастаған қарулы экоактивистер тобы басып кіреді. Олар екі күннен кейін жанартау атқылап, ақырзаман болады деп сенеді, ал оны болдырмау үшін үш адамды құрбандыққа шалу керек. Таңдау қиын кезеңді бастан өткеріп жүрген Голливуд жұлдызына (Крис Эванс), музыкалық шоуға қатысушыға (Амбика Мод) және Бракеннің өзіне түседі.

Бұл эксцентрикалық, кей тұсы психоделиялық фильмде аталған актерлерден бөлек Сальма Хайек, Джон Малкович, британиялық әнші Charli XCX және швед рэпері Yung Lean ойнайды. Соңғы екі есім Ромен Гаврастың ең алдымен музыкалық бейнебаян режиссері ретінде танылғанын еске салады.

Ұят

Отандық киногерлердің Қазақстандағы ең өзекті әрі көп талқыланатын мәселелердің бірі – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа назар аударуға арналған кезекті талпынысы.

Режиссер Марат Құдайбергенұлы фильмінің басты кейіпкері – университетті үздік дипломмен жаңа ғана тәмамдап, болашағына үмітпен қарайтын Мариям. Бірақ арманына жету бұйырмайды. Ықпалды отбасының ауқатты ұлы Жәңгір Мариямды көшеден ұрлап әкетіп, туыстарының көмегімен өзіне тұрмысқа шығуға мәжбүрлейді. Болжалғандай, бұл неке тозаққа айналады. Мариям бала босанып, өзін және ұлын құтқару үшін үйден қашып, басқа қалаға кетеді. Алайда өткен өмірі мен Жәңгір оны оңайлықпен жайына қоя бермейді. 

Тақырып өзекті, сюжет өткір. Бірақ Марат Құдайбергенұлының бұған дейінгі «керемет» фильмдері – «Тимбилдинг» пен «Көк кит» көңілге күдік ұялатады.

40 кездесу, 40 түн (40 Dates and 40 Nights)

Өмірі сәтсіздікке толы Лия есімді бойжеткен туралы америкалық романтикалық комедия. Оның жеке өмірде де, қаржы жағынан да жолы болмайды: бірге тұратын көршісі көшіп кетіп, ал оның пәтерақысын жалғыз өзі қалай төлейтіні түсініксіз. Шешім күтпеген жерден табылады: Лияның әжесі оған сынақ ұсынады. Егер қыз қырық кеш қатарынан әртүрлі ер адамдармен қырық кездесуге барып, ақыры теңін тапса, әжесі пәтерақысын бір жылға алдын ала төлейді.

Батыс қақпасы (1242: A nyugat kapujában)

Режиссер Петер Шооштың бұл венгр тарихи фильмі түсірілгеніне біраз уақыт болғаны сонша тіпті рөлдердің бірін 2023 жылғы мамырда қайтыс болған британиялық актер Рэй Стивенсон ойнаған. Жалпы актерлік құрамы халықаралық: фильмге Эрик Робертс, Майкл Айронсайд және Дэвид Скофилд те қатысқан. 

Атауынан аңғаруға болатындай, оқиға 1242 жылы, Бату хан Еуропаға жорық жасаған тұста өтеді. Оның әскері Венгрия жеріне жеткенде, стратегиялық маңызды жол бойынан берілуге бас тартқан қамал бой көтереді.

Том мен Джерри: тыйым салынған компас (Mâo Hé Lâoshâ: Xîng Pán Qí Yuán)

Тарихтағы ең әйгілі анимациялық дуэттердің бірі туралы толықметражды картина. Жақшадағы түпнұсқа атауы қате емес: бұл расында China Film компаниясының өнімі («жалған» емес, Warner Bros.-пен бірлескен ресми жоба). Оны қытай продюсерлері мен режиссер Чжан Ган түсірген. 

Бұл жолы музейде басталған дәстүрлі қуғын кезінде Том мен Джерри оларды өткенге апаратын сиқырлы компас тауып алады. Үйге оралу үшін бітіспес дұшпан-достар күш біріктіруге мәжбүр.

Күшіктер патрулі: динофильм (PAW Patrol: The Dino Movie)

Канаданың танымал «Күшіктер патрулі» анимациялық франшизасындағы үшінші толықметражды мультфильм. Режиссері – алдыңғы екі бөлімді де қойған Кэл Бранкер.

Күшіктер патрулінің кемесі дауылға тап болып, нағыз динозаврлар мекендейтін жұмбақ аралда апатқа ұшырайды. Мұнда жасақ тарихқа дейінгі әлемнің жергілікті маманы Рекспен танысады. Аралға пайдалы қазба өндіруді қолға алмақ болған мэр Хамдингер де келеді, бірақ оның әрекеті ұйқыдағы жанартауды оятады. Енді күшіктер динозаврларды да, олардың мекенін де құтқаруы керек.

Өлілер үйі (Khang baan)

Ал азиялық хоррорсыз қандай демалыс өтпек? Бұл жолы Индонезия жоқ болса да, есесіне Таиланд бар. «Өлілер үйінің» басқа жанрдағы өзге фильмдерден басты айырмашылығы – сценарийге танымал тайлық The Ghost Radio подкастының эфирінде айтылған шынайы қорқынышты оқиғалар негіз болған.

Табысты менеджер мен оның жүкті әйелі кең жаңа үй іздеп жүріп, бағасы таңғаларлықтай арзан зәулім үйге кезігеді. Бірақ сатушының оғаш шарты бар: көршілермен араласпау керек. Жаңа қожайындар, әрине, бұл шартты бұзады да, өмірлері қорқынышты түске айналады. Үйде паранормалды құбылыстар басталып, айналада да түсініксіз жайттар көбейеді.

👍 0 👎 0
Теги: #Фильмы#Премьеры#Кинопрокат

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Последние публикации
  • Премьера «Тоқылдақ»: либо ты, либо тебя?
  • Материнская драма «Күлпәш»: и голодная степь пролегла между ними
  • Гузель Жан: «У меня ничего не происходит по правилам»
  • Онлайн-премьеры 23-29 ноября: новый Blade Runner и Венсан Кассель в роли Квазимодо
  • Кинопремьеры 19-25 ноября: добро пожаловать в Панем!
  • Самый успешный казахстанский фильм в истории: итоги недели в кинопрокате
  • Премьера ленты «Голодные игры: рассвет жатвы»: и Хеймитч такой молодой!
  • «Күлпәш»: платочки чёрные, глаза печальные
  • Любимые и ненавистные: что нравится и не нравится в кино и. о. президента киностудии «Казахфильм» Айдару Омарову
  • Это не Бонд, а Бэтмен какой-то

Любимые и ненавистные

Мне проще начать с «ненавистных» — я не особо люблю хорроры. Потому что после них плохо спишь (смеётся). А так все жанры смотрю — как отечественные, так и зарубежные картины. Что греха таить, как многие, наверное, миллениалы моего возраста я был воспитан на западной поп-культуре, поскольку как раз тогда, после развала Советского Союза, произошёл её бум у нас. Помню, когда всё открылось, а у тебя чёрно-белый телевизор с тремя каналами, который ты переключаешь плоскогубцами (смеётся). А на одном из каналов — «Звёздные войны», которые ты смотришь и просто обалдеваешь от уровня спецэффектов.

Айдар Омаров, и. о. президента киностудии "Казахфильм"

Подробнее

Реклама

Тэги

Avengers: Doomsday (1) Comic Con (1) Mortal Kombat II (1) New Line Cinema (1) Sony (1) «MŪNAI» (2) Актрисы (6) Андрей Звягинцев (3) Анора (1) Астана (1) Венецианский кинофестиваль (9) Видео (2) Гай Ричи (5) Дайан Китон (1) Джеки Чан (1) Дженнифер Лопес (1) Документальное кино (6) Европейское кино (34) Жания Джуринская (1) Казахские страшные сказки (2) Казахфильм (7) Кастинг (2) Киноляпы (1) Кинопрокат (122) Клаудиа Кардинале (1) Корейские сериалы (1) Лени Рифеншталь (1) Матрица (1) Монтаж (3) Номинации (6) Реалити-шоу (1) Ремейки (2) Рождественские фильмы (2) Саундтреки (1) Скорсезе (2) Супергерои (2) Сценарии (2) Трейлеры (3) Трэш (1) Уэнсдей (1) Франшизы (3) Ханс Циммер (1) Человек паук (3) Эмма Стоун (1) Эмми (1)

Комментарии

  1. Алтынай Бисенгали к Фантастическое драмеди «Заманback 2»: путешествие в прошлое, чтобы понять настоящееНоябрь 22, 2026

    ЗАМАНБЕК 2

  2. Заңғар к Фантастическое драмеди «Заманback 2»: путешествие в прошлое, чтобы понять настоящееНоябрь 18, 2026

    Күшті болды


Мы любим кино и рассказываем о нём честно, глубоко, с душой.

KinoMania — дань уважения кинематографу и всем причастным к его созданию. Мы гордимся тем, что делаем вклад в развитие кинокультуры в Казахстане и за его пределами.

© 2025 KinoMania. Все права защищены. Разработка — RazDva Studio
RU
KK