Иттер, қозылар, адамдар мен келімсектер жайында
Француз киносының қысқаметражды фильмдер түні 30 наурыз күні Алматыдағы «Арман» киноорталығында Франкофония көктемі – 2026 күндері аясында өтті.

Көрермен түпнұсқа, орыс және қазақ тілдеріндегі субтитрлермен ұсынылған бес қысқаметражды фильмді тамашалады: «Кішкентай үлкен адам», «Ал ешкілер өліп қалса ше?», «Нан мен ойындар», «Үлкен арка», «Аурика, иттің өмірі».

Қысқаметражды фильмдер көрсетілімін Алматыдағы Францияның бас консулы Максим Жеренже ашты: «Бұл фильмдер Франция, Бельгия және Марокко елдерін таныстырады. Қысқаметражды кино форматы франкофон елдерінің көркем шығармашылығы туралы түсінік береді».

Мәселен, режиссер әрі сценарист Камилль Отуардың «Большая арка» анимациялық фильмі Париждегі кеңсе ғимараттарымен әйгілі Дефанс ауданы туралы баяндайды. Бұл аумақта ауданның әр жеріне қойылған жетпіс монументалды өнер туындысы шоғырланған. Дефанс – Еуропадағы ең үлкен ашық аспан астындағы музей. Режиссер Камилль Отуар фильм кейіпкерінің Париждің іскерлік орталығын қалай қабылдайтынын шығармашылық тұрғыда бейнелеген: бойжеткен алып Қызыл өрмекшінің аяғына келіп отырады, ал ол қызды үстіне мінгізіп, қала ішін аралап жүреді.

Максим Жеренже франко-бельгиялық «Нан мен ойындар» фильміне де тоқталды: «Көрермен басты кейіпкердің арманы арқылы Олимпиада ойындары кезіндегі Парижді жаңаша танып шығады. Бұл фильм Клермон-Ферран қаласында өткен қысқаметражды фильмдер фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды». Фильм кейіпкері күндіз қонақүйде төсек-орын реттейді, матч кезінде және біткен соң стадионды тазалап, қоқыс жинайды. Ал бос уақытында құрбысымен бірге гитара тартып, ән шығарады, сондай-ақ ойдан шығарылған кейіпкерлермен іштей сырласады.

Қалған үш қысқаметражды фильм, яғни «Кішкентай үлкен адам», «Ал ешкілер өліп қалса ше?» Және «Аурика, иттің өмірі» туындылары қарапайым адамдардың мәселелері мен олардың күнделікті тұрмысын баяндайды.

Тек «Ал ешкілер өліп қалса ше?» фильмінде кейіпкердің үйреншікті тіршілігіне өзге ғаламшарлықтардың келуі әсер етеді. Басты кейіпкер оларды көзімен көрмейді, бірақ әдетте қойларына жем алатын базардың қаңырап бос қалғанын байқайды. Базарда қалған қарт шопанға жұрттың бәрі беймәлім келімсектерден тығылу үшін кетіп қалғанын айтады, алайда ешқандай оғаш нәрсе бола қоймайды. Сөйтіп, шопан өмірінде алғаш рет: «Аспанда бірдеңе бар ма?» деген сауалға ой жүгіртеді. Ал оның айтып тұрған «бірдеңесі» – өзі сиынатын Жаратқан ғана емес.

«Кішкентай үлкен адам» қысқаметражды фильмінде есейсе де, іштей бала күйінде қалған ер адамның өмірі көрсетіледі. Бала кезінде кейіпкердің әкесі ұлына ештеңе айтпастан үйден кетіп қалған. Бұл балаға ауыр соққы болып тиеді, содан бері ол терезе алдында әкесінің оралуын күтумен келеді. Ал анасы болса, ұлының сол күйі бала боп қалғына бұрын-ақ көніп қойғандай.
Француз киносы қай жанрда болсын «кішкентай адамның» өмірін көрсету дәстүріне адал. Бұл стильдің тамыры 1930-жылдардағы поэтикалық реализмге барып тіреледі. Кейін оны 1950 жылдардың соңы мен 1960 жылдары студиялық стандарттарға, яғни «сапа дәстүріне» қарсылық ретінде туған революциялық киноағыс – Nouvelle Vague дамытты. Godard, Truffaut, Chabrol секілді жас режиссерлер буыны Cahiers du cinéma журналының сыншыларынан өсіп шығып, киноға табиғилық, үзік монтаж, натуралық түсірілім мен еркіндік алып келді.