Назарбаевқаұшып бармасам да, төс микрофонын қосып бердім
Елдегі ең мықты дыбыс режиссерлерінің бірі Макпал Курсабаева өз мамандығының қыр-сырын атап айтты

Дыбыс режиссерінің еңбегі әрдайым кадр сыртында қалады, дегенмен фильмдегі дыбыстың сапасы көп нәрсені шешетіні айтпаса да түсінікті. Макпал Курсабаева кино саласындағы 16 жыл ішінде тағылымгерден бастап ірі жобаларға шақырылатын ерекше маманға дейін жеткен жолдан өтті. Оның мансабы да индустриядағы үлкен өзгерістермен тұспа-тұс келді: сымды микрофондардан сымсыз құрылғыларға, постпродакшнда толық қайта дыбыстаудан таза дыбыс дәуіріне дейін. Галия Байжановаға берген сұхбатында ол бұл жұмыстың қалай құрылатынын, киноның дыбыстық кеңістігінің ар жағында не тұрғанын және нені көбірек толқыныспен атқаратынын, А санатындағы жұлдыздармен жұмыс істеу ме, әлде аса қымбат техникамен жұмыс істеу ме, айтып берді.

— Макпал, қазір сіз елдегі ең сұранысқа ие дыбыс режиссері сияқтысыз, жыл он екі ай түсірілімде жүресіз ғой!
— Былтыр расымен де дерлік тоқтаусыз жұмыс істедім: қатарынан төрт ірі жобам болды, 1 наурыздан 1 желтоқсанға дейін өзіме мүлде уақытым болмады десем де болады. Жобалардың арасында аз ғана үзілістер болды, тіпті дұрыс тыныстап алуға да уақыт жетпейтін. Тек желтоқсанда толық босадым, содан бері демалып жүрмін, қыста аздап жұмыс істедім, қазір лайықты еңбек демалысымдамын. Бірақ маған осындай ырғақ ұнайды, процеске толықтай кірісіп кеткенді жақсы көремін, түсірілімді жақсы көремін.
— Сіз түсірілім алаңында студент кезіңізден бастап жұмыс істепсіз, кинодағы алғашқы жобаңыз Жерар Депардье қатысқан фильм болған екен. Ол жобаға қалай тап болдыңыз?
— Мен белгілі қазақстандық дыбыс режиссері Сергей Лобановтың студиясында тәжірибеден өттім және оның тұрақты тағылымгері болдым. Бір күні ол маған және тағы бір ассистентіне Шымкенттегі түсірілімге бірге баруды ұсынды, мен бірден келістім. Оның үстіне әңгіме Депардье түскен «Поздняя любовь» фильмі туралы болып жатқан. Бұл оның Қазақстанға алғашқы сапары еді, ол осында тоғыз күн болды.
— Бізде кімдер ғана түспей жатыр…
— Дәл айттыңыз. Сюжет бойынша Депардье қазақша сөйлейтін немісті ойнады. Бірақ алаңда ол французша сөйледі, ал қазақ актерлері сәйкесінше қазақша, орыс актерлері орысша ойнады. Сондықтан бәрін кейін қайта дыбыстайтыны белгілі болды, Депардьенің өзін де. Сол себепті оған төс микрофонын көп тақпайтын, көбіне бумға жазатын, ал микрофондарды кейде, тасқа делік бекітіп қоятын. Бірақ ол нағыз кәсіби маман еді: көріністерін дыбыс тұрғысынан да тап-таза ойнап шығатын, әрі өте ұқыпты жұмыс істейтін, микрофонға тимейтін, ештеңені бүлдірмейтін, сындырмайтын.

— Алғашқы түсірілім күніңіз есіңізде ме?
— Әрине. Журналистер өте көп болды, у-шу, қарбалас. Ал ол кезде менің әлі «аузымнан сүтім кетпеген» кезім еді, алаңдағы көп базалық нәрсені білмейтінмін: apple box деген не, playback деген не. Мен тек өз жұмысымды ғана білетінмін – дыбысты қалай жазу керек, микрофонды қалай тағу керек, кабельдерді рекордерге қалай жалғау керек. Қалғанының бәрі мен үшін жаңалық болды. Бум ұстап, жерге батып бара жатқан вена орындықтың үстінде тұрдым, ал тек екінші күні жарық қоюшылардан apple box алып, соның үстінде қалыпты тұруға болатынын білдім. Оның үстіне ол кездегі бумның «қармағы» да ауыр болатын, алюминийден жасалған, қазіргідей карбон емес.
— Демек қазір жеңілдеген ғой? Жалпы, соңғы жылдары техника мен технология тұрғысынан индустрия қатты өзгерді ме?
— Салыстыруға да келмейді, өзгеріс өте ауқымды. Мен бұл салада 16 жылдан аса уақыт жұмыс істеп келемін, осы кез ішінде бәрі қатты өзгерді: технология да, тәсіл де. Мен 2009 жылы бастаған кезде, алғашқы жобаларымда фильмдер толықтай, жүз пайыз қайта дыбысталатын. Қазір ондай жоқтың қасы – бар болса, бір жобаға бір ауысым ғана, оның өзінде ұсақ-түйек дүниелер. Мысалы, кадр сыртындағы мәтінді жазып алу керек болса немесе түсірілім алаңында мәтін дайын болмай қалса, не монтаж кезінде бір нәрсені өзгертіп, қосу керек болса. Әдетте оған үш-төрт сағат қана кетеді.
— Қазір техника мықты ғой, ал ол кезде ше?
— Менің жолым болды: алғаш жұмыс істеген құрылғым сол кездегі әлемдегі ең үздік техника еді. Сол уақытта алаңға алғаш рет құны 25 мың доллар тұратын Aaton Cantar рекордері әкелінді. Өте қымбат құрылғы, ол кезде біздің кинода енді ғана пайда болған кезі. Маған ассистент болып қана жүрмеуге рұқсат берген.
— Өзіңізге жазып көруге мүмкіндік берді ме?
— Иә! Мен бәрін тікелей процестің ішінде, алаңда жүріп үйрендім. Бір жағынан бұл оңайлау болды, себебі дыбыс бәрібір кейін қайта жазылатын еді, бірақ менде ішкі перфекционизм бар ғой, сонда да дыбысты мінсіз жазуға тырысатынмын. «Поздняя любовь» фильмінің режиссері Сабит Құрманбеков тіпті: «Макпал – тіпті шимай дыбысты да таза нұсқа қылып жасайтын қыз ғой», — деп әзілдейтін.
— Кино мамандары жобалар бірнеше ай бойы, түгелдей мемлекеттік қаржыға түсірілетін кездерді сағынады. Мысалы, Рүстем Әбдірашевтің «Балалық шағымның аспаны» фильмі солай түсірілген. Сіз де сонда жұмыс істедіңіз ғой, иә?
— Иә, ол менің екінші ірі жобам болды. Лобанов түсірілімге баруды ұсынғанда қатты қуандым, бірақ бір нәрсені ескермеппін: далада қыс еді, басталуы 10 ақпан. Анам маған жылы киімдер салып берді: әкемнің жемпірлері, аңшылар киетіндей ескі камуфляжды комбинезон. Мен ол кезде қарсылық танытып, мұндайды ешқашан кимеймін деп ойладым. Біз Ұзынағаштағы алаңға келдік, айнала аппақ қар, әсем қысқы табиғат, содан бірден фон жазуға, яғни табиғаттың әртүрлі дыбыстарын жазуға шықтық. Мен далаға кәдімгі киіммен шықтым: тоқыма бас киім, джинсы, күрте, етік.
— Қате жасағаныңызды қашан түсіндіңіз?
—Он минуттан кейін. Қардың ішінде, далада тапжылмай тұрып, таза фон жазу үшін серуендеуге шыққандай киініп бару… батылдық болған екен. Үсіп қалдым! Сол кезде анамның не үшін сонша жылы киім бергенін түсіндім де келесі күні бәрін киіп алып, рақметімді айттым. Ол жерде ауа райы минус қырықтай сезілді, ал бұл алдыңғы жобадағы жағдайға мүлде ұқсамайды. Ол жақта жаз, ыстық, Шымкент маңындағы Машат шатқалы секілді курортты жер еді ғой.
… солай Ұзынағаштан қашып кеткіңіз келді ме?
— Жоқ, о не дегеніңіз. Оның үстіне Лобановтың өзі алаңда бар-жоғы төрт күн болып, мені жауапты етіп қалдырып кетті. Жоба ірі болғанымен, ол кезде еш қауіп жоқ еді, себебі қайталап айтамын, таза дыбыс тәжірибесі әлі қалыптаспаған, пленкаға түсіретін, ал камералар қатты шу шығаратын. Бірақ мен күрделі рекордермен жалғыз қалғанымды түсінгенде аздап қорықтым. Қуанышымызға қарай, менің жанымда бум-оператор серіктесім болды. Бізге сеніп тапсырылған бүкіл құрылғымен сол жерде отырып танысуға тура келді: рекордерді бірге зерттедік, меңгердік, сосын екеуіміз бүкіл дыбысты бірге жаздық. Әрине, менің маман ретінде күрт өсуіме, толыққанды кәсіби деңгейде жұмыс істеуге сол сәт түрткі болды. Ал ол небәрі менің екінші фильмім еді.
— Бұл заттарды Академияда үйретпеді ме?
— Жоқ, бұлардың бәрі сол кездегі жаңа дүние еді. Рекордер өте күрделі, қыр-сыры көп құрылғы болатын, кей адамдар бұл құрылғымен жылдап жұмыс істейді, қазірдің өзінде бәрі бірдей оны пайдалана алмайды. Нұсқаулығы тек ағылшынша болды, оны өзіміз аудардық, содан кейін тәжірибе арқылы үйрендік. Жалпы жазу принципі түсінікті, бірақ интерфейсі бөлек қой – бір жүйеден екіншісіне ауысқандай: шартты түрде Windows-тен Mac-қа немесе батырмалы телефоннан iPhone-ға көшкендей, алғаш көргенде мүлде не екенін түсінбей қаласың.

— Шынымды айтсам, барлық қиындықтарына қарамастан, көркемдік тұрғыдан маған «Балалық шағымның аспаны» өте ұнайды.
— Иә, жақсы фильм. Оның үстіне ол кезде Назарбаев өзінің прайм-шағында еді. Мен бұл фильмнің өте жоғары деңгейде қаралатынын түсіндім, сондықтан бәріміз барымызды салдық. Оның үстіне мен небәрі 23 жаста едім, жастық максимализммен алаңда абсолют тыныштық орнатуға тырыстым. Бәрін қуалайтынмын. Киіз үйдің артына микрофон қойсам фотоаппараттардың сыртылы естілетін. Ана бір жаққа жүгіріп барсам, ешкім мойындамайды. Немесе жарық қоюшылар отырып алып шемішке шағып отырады, тоқтатыңыз десем, елемейді. Басында маған «тым жұмсақсың» дейтін, бірақ бес айлық түсірілімнің ішінде менен кәдімгі цербер жасап шығарды. Негізі өзім жанжалды ұнатпаймын, екі аптадан кейін бүкіл топпен дос болып кеттік, шамамен жүз шақты адам болды, сосын олар өздері-ақ тыныштықты бақылап, көмектесіп, қолдап жүрді.
— Қысым болды ма? Қалай болғанда да, фильм президент туралы ғой…
— Жоқ, қысым болған жоқ, бірақ жауапкершілікті бәрі түсінді. Бір күні далада отырып түстеніп жатқанбыз, оператор Нұрсұлтан Әбішұлының ұшағында түсірілім болатынын айтты (кадрда ән айтуы керек еді) және ол жерге бар болғаны үш адамды: режиссер мен екі операторды ғана алатынын жеткізді. Сосын маған: «Рекордеріңді бер, қалай қосатынын көрсет, дыбысты өзіміз жазып аламыз», — деді. Мен бірден Лобановқа хабарластым, сөйтіп ол төртінші адам ретінде дыбыс режиссерінің де баруына қол жеткізді. Мен соған арнап бәрін дайындап қойдым: рекордер, төс микрофондар, бәрін белгілеп, баптап бердім, оған тек келіп, жұмыс істеу ғана қалды. Ол таза дыбыс жазып алды, кейін монтаж кезінде мен соны тыңдадым. Мемлекет басшысының шынайы, еркін сөйлеу мәнерін есту қызық болды.
— Гонорарыңыз да жоғары болды ма?
—Жеке өзімде жоқ, мен ол кезде енді ғана бастап жүргенмін, маған ол маңызды да емес еді. Тіпті тегін де келісер едім, ғажап кезең болатын. Әсіресе жылы маусымдағы түсірілімдеріміз – айнала көкнәр алқаптары, гүлдер, таулар, жайлау – керемет сұлулық. Жұмыс кесте де өте жайлы еді. Мотор түстен кейін басталатын, бірақ біз алаңға таңғы 9–10 шамасында келетінбіз, мен бірден барлық актерге төс микрофондарын тағып шығатынмын. Актерлер де кәсіби еді, Ержан Жарылқасыновты, Алмагүл Әлішеваны және басқаларын қуана еске аламын, олар микрофондармен өте ұқыпты жұмыс істейтін, бәрі анық, нақты болатын.
— Сонда актердің ұқыптылығы дыбыс мамандары мен костюмерлер үшін оның кәсібилігінің басты белгілерінің бірі ме?
—Әрине, реквизит те, техника да өте қымбат тұрады. Жалпы, біз өз жұмысымызды істеп болып, моторды күткен кезде алаңда кәдімгідей өмір сүретінбіз: біреу футбол ойнайды, мен кітап оқимын, тапчанда жатып аламын. Оның үстіне қазіргідей 12–18 сағат түсірмейтінбіз. Ол кезде сабырлырақ, «кеңестік» тәсіл болатын: бюджет үлкен, түсірілім ұзаққа созылады, бәрі асықпай, тиянақты жасалады. Түсірілім бес айға созылды, ал қазір мұндай жобаны екі айға сыйғызып жіберер еді.
— Сіз бұл фильмде рөл ойнауға шақ қалыпсыз деген рас па?
—Иә, ол біз постпродакшнға өткен кезде болды. Дыбыстау жүріп жатқан, мен кәсіби дыбыс режиссері ретінде дубляждағы алғашқы тәжірибемді бастан кешірдім. Алғаш «Қазақфильмде» жұмыс істеп, актерлерді жаздым, бұл процесс маған қатты ұнады, шынайы ләззат алдым, әрі қолымнан жақсы келді. Сонымен қатар мен домбырашылар қатарында да ойнайтынмын ғой, өйткені Жұбанов атындағы мектепті домбыра сыныбында бітіргенмін. Сөйтіп бір көріністі қайта түсіру керек болып қалды.
— Неге?
— Түзетулер айтылды. Сөйтсе, ол жерде оны анасы емес, әжесі алып кетуі керек екен. Сюжет былай: кішкентай Нұрсұлтан домбыра шертуді үйренуге келеді де, қатты қызығып кеткені сонша, ұстазының қасында кешке дейін отыра береді. Бірақ мұғалімі енді ғана үйленген, жас әйелі күйеуін күтіп отырады. Ол жастықты қағып-қағып ашуланып, оқушыны шығарып жібергісі келеді, бірақ ол кетпейді, ақырында әжесі (оны Бибігүл Төлегенова ойнаған) келіп алып кетеді. Сонда Рүстем маған: «Сол қызды сен ойна», — деді. Ал мен: «Дыбысты кім жазады?» — дедім. Ол кезде менің ассистентім бар еді, бірақ өзі тым жас, ештеңе жөнді білмейді, үстіне аяғы жарақаттанған, мені алмастыра алмайды. Сөйтіп бас тарттым. Мен қалай кадрда ойнап жүріп, бір уақытта дыбысты бақылаймын? Түнгі көйлекпен әрі құлаққаппен отыруым керек пе еді?
— Өкінбейсіз бе?
— Жоқ. Маған ешқашан кадрға түсіп көру қызық болмаған, кадр сыртында жүрген әлдеқайда жайлы.
— Сіз іс жүзінде бәрін алаңда жүріп үйренген екенсіз. Онда институтта дыбыс режиссурасын оқу артық зат емес пе?
— Жоқ, өйткені біз онда тек мамандығымызды емес, киноны түсінуді де үйренеміз. Иә, мінсіз жағдайда бізді институттың өзінде мықты техникада дыбыс жазуға үйретуі керек еді. Оның үстіне біз, студенттер, өзіміз де бұл іске күш салдық – бізге өз ісінің үздіктері сабақ бергенін қаладық. Сергей Лобановпен бес жыл жұмыс істегеніме әлі күнге дейін ризамын. Оның ең мықты жобалары болды, біз бірге Ермек Турсуновтың төрт фильмін, Депардье түскен екі фильмді жасадық, оның техникасы да топ деңгейде еді. Соның арқасында мен алғашқы жылдарымнан бастап-ақ өте жоғары деңгейде жұмыс істеуге кірістім.