ЛоготипЛоготипЛоготипЛоготип
  • Новости
    • Казахстан
    • Мир
  • Афиша
    • Кинопрокат
      • На этой неделе
      • Скоро
      • Киноархив
    • Платформы
      • Анонсы
    • ТВ
      • Кино и сериалы на ТВ-каналах
  • Рецензии
    • Фильмы
    • Сериалы
  • Подробности
    • Интервью
    • Мнения
    • Репортажи
    • Обзоры
  • Киноман
    • Выбор критиков
    • Любимые и ненавистные
  • Box Office
  • Смотри
    • Трейлеры
    • Кино
✕

Үміт сыйлаған қыргүйек

Опубликовано Дмитрий Мостовой 17 сентября, 2026

Жыл сайын Қазақстан киносыншылар қауымдастығындағы әріптестеріммен бірге отандық киноның өткен он екі айдағы нәтижесін қорытындылаймыз. 2026 жылы «Сыншылар таңдауы» сыйлығының салтанаты KinoMania-мен бірлесіп өтті. Алайда рәсімге дейін де, одан кейін де келесі сыйлыққа ұсынылатын фильмдерді жеке бағалау жұмысы жүріп жатты. Біз әсіресе қыргүйектен көп үміт күттік: прокатқа бірден он қазақстандық фильм шығатыны жарияланған еді. Бірақ айдың ортасына жетсек те, 2026 жылы шынымен мықты фильмдер, шыны керек, аз шықты.

Қызығы, қазақстандық кинематографтың фильм шығару кестесі батыстық үлгіге ұқсай бастағандай. Кем дегенде бір белгісі бар: «марапаттар маусымы» қалыптасты. «Оскар», «Алтын глобус», BAFTA және басқа сыйлықтарға үміткер болады деп күтілетін фильмдердің авторлары, әдетте, туындыларын күзден бастап прокатқа шығарады. 2026 жылы бізде де соған ұқсас жағдай байқалады.

Бұл жылдың алғашқы жартысында кино тыныш болды деген сөз емес. Бірақ басымдық коммерциялық киноға берілді: миллиард теңгеден астам табыс жинаған тағы бірнеше фильм шықты – «Құшақташы, мама» және «Ғашықпын саған» мелодрамалары, сондай-ақ «Хотя бы кинода 4» комедиясы. Танымал телехикаялардың толықметражды жалғасы – «Чёрный двор в кино» мен «Мошенники» де прокатта жақсы нәтиже көрсетті. Дегенмен, меніңше, кассалық табыс пен көркемдік құндылықты ұштастырып, кино әлемін дүр сілкіндірген туынды шықпады. Мысалы, былтыр «Сыншылар таңдауы» жеңімпазы атанған Qaitadan секілді туынды шықпады. Айтпақшы, ол да былтыр қыргүйекте прокатқа шыққан еді. Осы айда төрт фильм ерекше назар аудартты: «38. Соңғы нүкте», «Бүркітші», «Қара алтын» және «7 қарақшы». Алғашқы екеуі, өкінішке қарай, кем дегенде менің үмітімді ақтамады: біркелкі емес, кей тұсы тәуір, кей тұсы анық әлсіз туындылар. Екеуі де, айтпақшы, бюджет қаражатына түсірілген. Кейде мемлекеттік тапсырыс авторларға салмақ салғандай әсер қалды.

«Қара алтын» – кейіпкерлердің есімдері мен тектері өзгертілгеніне қарамастан, тамаша ғұмырнамалық фильм. Ол туралы кейін бөлек мақалада айтамыз. Әзірге, меніңше, бұл – тоғыз айдан астам уақыт ішінде отандық прокатқа шыққан үздік туынды.

«7 қарақшы» фильміне ерекше үміт артамын: оның авторларының есімдері де, тартымды трейлері де бұған негіз береді. Фильм келесі аптада прокатқа шығады.

Әзірге драмалық фильмдер аз. Әділхан Ержанов қыста Берлинде өзінің жаңа «Тургауд» фильмін көрсетті. Алдағы жексенбіде Mugalim фильмінің тұсаукесері өтеді. Пусанда қазақстандық екі фильм – «Кіндік» пен «Қыста» көрсетіледі. Бірақ бұл қазанда болады. Олар да «Тургауд» сияқты биыл отандық көрерменге жетеді деп үміттенемін.

👍 0 👎 0
Теги: #Фильмы#Казахстанское кино#Кинопрокат#Выбор критиков

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Последние публикации
  • Премьера «Тоқылдақ»: либо ты, либо тебя?
  • Материнская драма «Күлпәш»: и голодная степь пролегла между ними
  • Гузель Жан: «У меня ничего не происходит по правилам»
  • Онлайн-премьеры 23-29 ноября: новый Blade Runner и Венсан Кассель в роли Квазимодо
  • Кинопремьеры 19-25 ноября: добро пожаловать в Панем!
  • Самый успешный казахстанский фильм в истории: итоги недели в кинопрокате
  • Премьера ленты «Голодные игры: рассвет жатвы»: и Хеймитч такой молодой!
  • «Күлпәш»: платочки чёрные, глаза печальные
  • Любимые и ненавистные: что нравится и не нравится в кино и. о. президента киностудии «Казахфильм» Айдару Омарову
  • Это не Бонд, а Бэтмен какой-то

Любимые и ненавистные

Мне проще начать с «ненавистных» — я не особо люблю хорроры. Потому что после них плохо спишь (смеётся). А так все жанры смотрю — как отечественные, так и зарубежные картины. Что греха таить, как многие, наверное, миллениалы моего возраста я был воспитан на западной поп-культуре, поскольку как раз тогда, после развала Советского Союза, произошёл её бум у нас. Помню, когда всё открылось, а у тебя чёрно-белый телевизор с тремя каналами, который ты переключаешь плоскогубцами (смеётся). А на одном из каналов — «Звёздные войны», которые ты смотришь и просто обалдеваешь от уровня спецэффектов.

Айдар Омаров, и. о. президента киностудии "Казахфильм"

Подробнее

Реклама

Тэги

Avengers: Doomsday (1) Comic Con (1) Mortal Kombat II (1) New Line Cinema (1) Sony (1) «MŪNAI» (2) Актрисы (6) Андрей Звягинцев (3) Анора (1) Астана (1) Венецианский кинофестиваль (9) Видео (2) Гай Ричи (5) Дайан Китон (1) Джеки Чан (1) Дженнифер Лопес (1) Документальное кино (6) Европейское кино (34) Жания Джуринская (1) Казахские страшные сказки (2) Казахфильм (7) Кастинг (2) Киноляпы (1) Кинопрокат (122) Клаудиа Кардинале (1) Корейские сериалы (1) Лени Рифеншталь (1) Матрица (1) Монтаж (3) Номинации (6) Реалити-шоу (1) Ремейки (2) Рождественские фильмы (2) Саундтреки (1) Скорсезе (2) Супергерои (2) Сценарии (2) Трейлеры (3) Трэш (1) Уэнсдей (1) Франшизы (3) Ханс Циммер (1) Человек паук (3) Эмма Стоун (1) Эмми (1)

Комментарии

  1. Алтынай Бисенгали к Фантастическое драмеди «Заманback 2»: путешествие в прошлое, чтобы понять настоящееНоябрь 22, 2026

    ЗАМАНБЕК 2

  2. Заңғар к Фантастическое драмеди «Заманback 2»: путешествие в прошлое, чтобы понять настоящееНоябрь 18, 2026

    Күшті болды


Мы любим кино и рассказываем о нём честно, глубоко, с душой.

KinoMania — дань уважения кинематографу и всем причастным к его созданию. Мы гордимся тем, что делаем вклад в развитие кинокультуры в Казахстане и за его пределами.

© 2025 KinoMania. Все права защищены. Разработка — RazDva Studio
RU
KK