ЛоготипЛоготипЛоготипЛоготип
  • Новости
    • Казахстан
    • Мир
  • Афиша
    • Кинопрокат
      • На этой неделе
      • Скоро
      • Киноархив
    • Платформы
      • Анонсы
    • ТВ
      • Кино и сериалы на ТВ-каналах
  • Рецензии
    • Фильмы
    • Сериалы
  • Подробности
    • Интервью
    • Мнения
    • Репортажи
    • Обзоры
  • Киноман
    • Выбор критиков
    • Любимые и ненавистные
  • Box Office
  • Смотри
    • Трейлеры
    • Кино
✕

«Құшақташы мама»:  кейіпкерлердің рухани ізденісін экранда кім сомдады

Опубликовано Галина Галкина 20 февраля, 2026

Қызу талқыланған фильмде басты рөлдерді Гүлжамал Мұқажанқызы мен Мақсат Рахмет сомдады – қарым-қатынастағы бар шиеленіс дәл осы кейіпкерлердің иығына ауыр салмақ болып түсті.  

Мақсат Рахмет анасына деген ішкі өкпе-назы жиналған ұлдың бейнесін сомдайды. Табысқа толы өміріне неліктен қанағаттанбайтынын түсіне алмай алаңдап, біртіндеп байсалды мінезіне қаталдық ұялайды. «Бұл мазасыздық неден пайда болды?» деген сұрақтың жауабын анасынан іздейді. Бұған дейін де Мақсат Рахмет сезім қайшылығы мен отбасылық құндылықтарды арқау еткен, драмаға толы «Әмеңгер. Ағама аманат» (2025) фильмінде ойнаған. Әмеңгерлік дәстүрінің тамыры тереңде жатыр: күйеуінен айырылып қалған жас әйел оның бауырының біріне тұрмысқа шығады. Бүгінде бұл салт өзінің түпкі маңызын жоғалтқанымен, әйелді қамқорлықсыз қалдырмау ниетімен кәсіпкер Жанат түзде жоғалып кеткен ағасы Архаттың жесірі Алтынайды әйелдікке алуға бел буады. Архатты қаладан ауылға көшірген өзі болғандықтан Жанатты кінә сезімі жегідей жейді. Сондықтан енді Алтынайды қорғау оның парызына айналады. Алайда әпкесінің қиылғалы жатқан некесі туралы естіген полицей қызметкері Бекболат (Мақсат Рахметтің сомдауында) ашуға булығады. Кейіпкерлер өткен мен заманауи дәстүрлер арасындағы қақтығыста тірек пен түсіністік іздейді. Махаббат пен борыш, ар мен кек, әулеттің жалғастығы үшін күрес, ер адамдардың рухани жалғыздығы оларды түрлі әрекеттер мен қарым-қатынастарға жетелейді.

Мақсат Рахмет кейіпкерінің ішкі күйзелісін айқын, кейде тіпті өткір актерлік шеберліктің қанық бейнесі арқылы ашады, оның жан дүниесінде «мен дұрыс істеп жүрмін» деген сенім алай-дүлей қайнайды. «Құшақташы, мама» фильміндегі Жалғас рөлінде де актер тағатсыздыққа толы күйді шебер жеткізеді, кейіпкері жанын мазалаған сұрақтарға жауап іздейді.  Дегенмен Жалғас пен Бекболатты біріктіретін бір ортақ нәрсе – бұл екеуі де бәрі «дұрыс» болғанын, отбасылық іргенің сөгіліп кетпеуін қалайды. Өз жолдарында олар жағдайды да, жақындарына деген қарым-қатынасын да қайта саралайды.

Сурет: Kinopoisk.ru

Гулжамал Мұқажанқызы «Құшақташы, мама» фильмінде Жалғастың анасының рөлін сомдады. Ол театр мен кино әлеміне кеңінен танылған актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1992), Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984), «Құрмет» орденінің иегері, сондай-ақ мәдениет саласындағы ҚР Мемлекеттік стипендиясының иегері. Өнер жолының елеулі бөлігі Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театрында өтті. 1978 жылдан бері Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы.

1985 жылы Гүлжамал Мұқажанқызы «Гепард возвращается» фильмінде ойнады, мейірім мен сұлулыққа толы көркем телефильм. Бұл туындының басты кейіпкері тірі табиғаттың өзі және фильм кейіпкерлері оған ерекше ілтипатпен, сүйіспеншілік пен құрметпен қарайды. Фильмді қазақтың кинематографистері, деректі туындылардың шеберлері — режиссер Лариса Мухамедгалиева мен оператор Вячеслав Белялов түсірген. Түсірілімдер Қазақстанның ең көркем өңірлерінің бірі — Шарын шатқалының аңғарында өтті. Егерь Темирхан өзіне сеніп тапсырылған аумақты аралау барысында қозғала алмай қалған гепардты тауып, оны баптап үйіне әкеліп, кейін қайтадан еркіндікке жібереді. Егерьдің жары Дариғаның рөлін сол жылдардың жас актрисасы Гүлжамал Мұқажанқызы сомдаған. Түсірілім кезінде жасы небәрі 36-да болса да, үлкен экранда Әли есімді баланың әжесін ойнады, бұл аталмыш рөлдің актрисаны болашақ образдарына алдын ала дайындағандай болды. Киноға қайта оралуы да толысқан шағына тұспа-тұс келді, ол кезде актрисаның жасы алпыстан асқан еді. Сол себепті де оған көбіне жасы үлкен: аналар, апайлар мен әжелер секілді кейіпкерлердің бейнелері ұсынылды.  «Тренинг личностного роста» (2018), «К вам едет доктор Ахметова» (2011), «Айналайын» (2011), «Ағайынды» (2009) фильмдерінде Гүлжамал Мұқажанқызы экранға өмірлік тәжірибесі мен кәсіби шеберлігін ала келді. Актриса сомдаған барлық образдар шынайы әрі жүрекке жылы. Сондықтан режиссердің ананың рөліне дәл осы Гүлжамал Мұқажанқызын таңдауы сөзсіз орынды шешім. Ол отбасылық құндылықтарды жасандылықсыз, табиғи жеткізеді. Актрисаның ойыны шынайы әрі адал. Гүлжамал жай ғана кадр ішінде өмір сүріп жүргендей әсер қалдырса, ал көрермен өз жүрегін мейірімге толы ананың қолына сеніп тапсырады.   

Фото: Inform.kz

👍 1 👎 0

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Последние публикации
  • Онлайн-премьеры 19-25 октября: «Баба-яга», продолжение «Списка смертников» и новый фильм с Марком Уолбергом
  • Сделайте уже на «Казахфильме» что-то полезное!
  • Кинопремьеры 15-21 октября: бои на улицах, в домах и в будущем
  • Премьера сериала «Өкпе бауыр»: Адильхан и его братья
  • 7+1+3: итоги недели в казахстанском прокате
  • Премьера Kesu: казахи, корейцы и тхэквондо
  • Куантай Абдимади: «Я не брутал, но Адильхан сказал — «Да ты сможешь!»
  • Премьера «Мальчишник vs девичник: соңғы түн»: ты чё такая дерзкая?!
  • Любимые и ненавистные: что нравится и не нравится в кино народной артистке Казахстана Жание Аубакировой
  • Онлайн-премьеры 12-18 октября: новый сериал от Адильхана Ержанова, «Квест Вижна» и приквел «Пятницы, 13»

Любимые и ненавистные

Боюсь показаться банальной, но для меня эталонными в кино всё равно являются советские фильмы — «Ирония судьбы», «Гараж»… Может быть, потому, что до обретения страной независимости я еще могла пожить как человек, со свободным временем, а после навалилось так много работы, что я стала не человеком, а функцией (смеётся). Сейчас тоже времени на кинопросмотры не хватает, я привыкла рано ложиться и рано вставать. Иногда, правда, в самолёте удаётся что-то посмотреть, но и то не до конца — клонит в сон, обещаю себе обязательно досмотреть дома — и не сдерживаю обещание.

Жания Аубакирова — музыкант, народная артистка Казахстана

Подробнее

Реклама

Тэги

Aryk! (1) Comic Con (1) IFFI (1) Jugendjurywettbewerb (1) Mortal Kombat II (1) Paper Tiger (1) Super 8 (1) «MŪNAI» (2) Азиатское кино (30) Актрисы (6) Андрей Тарковский (1) Астана (1) Берлинале (4) Брэд Питт (1) Бэтмен (1) Венецианский кинофестиваль (9) Видео (2) Горькое Рождество (1) Дайан Китон (1) Джеки Чан (1) Дженнифер Лопес (1) Документальное кино (4) Доспехи Бога (1) Казахские страшные сказки (2) Казахстанское кино (234) Кастинг (2) Келинка Сабина (1) Кинопрокат (112) Композиторы (1) Корейские сериалы (1) Лени Рифеншталь (1) Монтаж (3) Мюзиклы (2) Ребуты (1) Ридли Скотт (3) Рождественские фильмы (2) Скорсезе (2) Супергерои (2) Сценарии (2) Трэш (1) Уэнсдей (1) Фестивали (40) Франшизы (1) Ханс Циммер (1) Эмми (1)

Комментарии

  1. Айгерим Айгаликызы к Қара алтынСентябрь 19, 2026

    Молодец

  2. Айгерим Айгаликызы к Қара алтынСентябрь 19, 2026

    Керемет 🤘


Мы любим кино и рассказываем о нём честно, глубоко, с душой.

KinoMania — дань уважения кинематографу и всем причастным к его созданию. Мы гордимся тем, что делаем вклад в развитие кинокультуры в Казахстане и за его пределами.

© 2025 KinoMania. Все права защищены. Разработка — RazDva Studio
RU
KK