ЛоготипЛоготипЛоготипЛоготип
  • Новости
    • Казахстан
    • Мир
  • Афиша
    • Кинопрокат
      • На этой неделе
      • Скоро
      • Киноархив
    • Платформы
      • Анонсы
    • ТВ
      • Кино и сериалы на ТВ-каналах
  • Рецензии
    • Фильмы
    • Сериалы
  • Подробности
    • Интервью
    • Мнения
    • Репортажи
    • Обзоры
  • Киноман
    • Выбор критиков
    • Любимые и ненавистные
  • Box Office
  • Смотри
    • Трейлеры
    • Кино
✕

«Өткір қалпақтылар» және «Майор мырзаның» оралуы

Опубликовано Жанкелди Омиралиев 16 марта, 2026

Бұл аптада стриминг платформаларында бізді екі фильм күтіп тұр: «Өткір қалпақтылар» туындысының көптен күткен жалғасы мен Фернан Магеллан туралы байопик, сондай-ақ үш хикая жарық көреді: танымал «Майор мырза» жобасының екінші маусымы, әйелдер достығы туралы детектив және радиациялық апат жайлы бразилиялық жоба.

Аптаның тұсаукесерлері

«Өткір қалпақтылар: Өлмес адам» (Peaky Blinders: The Immortal Man)

20 наурыздан бастап Netflix-те

Танымал «Өткір қалпақтылар» жобасы экранға төрт жылдан кейін қайта оралды. Бірақ жанкүйерлер күткендей жаңа маусым ретінде емес, толықметражды жалғасы ретінде. Аңызға айналған гангстер Томас Шелби Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Бирмингемге қайта оралып, ұлымен қауышады.

Хикаяны жасаған негізгі шығармашылық топ толық сақталған. Ал жаңа кейіпкерлерді Ребекка Фергюсон, Тим Рот және Стивен Грэм сынды жұлдыздар сомдаған. Батыс сыншыларының алғашқы пікірлері басым бөлігі  оң: туындының ауқымы мен саспенсі үшін мақтап, ол хикая жанкүйерлеріне ғана емес, қарапайым көрерменге де қызық болады деп бағалап отыр.

Аптаның қазақстандық тұсаукесері

«Майор мырза 2»

20 наурыздан бастап Unico Play платформасында

Өткен жылы жарық көрген «Майор мырза» сериалының алғашқы маусымы Unico Play онлайн-платформасындағы ең көп көрілген жобалардың біріне айналған еді. Екінші маусымда көрерменге жақсы таныс, шағын қалада өзін полицей етіп көрсететін бандит Талғат Қылы енді көрші ауданнан келген жаңа капитан әйелмен бетпе-бет келіп, жаңа түйткілдерді шешуге мәжбүр болады.

Комедиялық сериалдың актерлік құрамына Куантай Абдимади («Казахские страшные сказки») мен Эльмира Калбай («Батыр из прошлого») қосылды. Режиссерлік тізгін тағы да Асет Жумаканның қолында, ал басты рөлде – қайталанбас Нышанбек Жубанаев.

Басқа да тұсаукесерлер

«Магеллан» (Magalhães)

17 наурыздан бастап түрлі платформаларда

Ақ-қара фестивальдік, ұзақтығы сегіз-тоғыз сағаттық картиналарымен танымал филиппиндік режиссер Лав Диас XVI ғасырдағы аңызға айналған теңіз саяхатшысының тарихына ден қойған. Бәлкім, бұл – оның көрерменге барынша жақын туындысы шығар, таңғаларлығы, «Магелланның» ұзақтығы небәрі екі жарым сағат, оның үстіне фильм түрлі-түсті түсірілген, ал басты рөлде – аты шулы жұлдыз Гаэль Гарсиа Берналь. Диас бұл туындыны жеті жыл бойы түсірген, ал режиссердің адал жанкүйерлері, өздеріңіз де аңғарғандай, ұзақтығы тоғыз сағат болатын толық нұсқасын күтіп жүр.

«Мінсіз емес әйелдер» (Imperfect Women)

18 наурыздан бастап Apple TV+ платформасында

Екі әйел құрбылары өлтірілген шағын қалаға келіп, оның өліміне кім кінәлі екенін анықтауға тырысады. Хикаяға негіз болған бірдей аталған кітапты сыншылар әйелдер достығын ең әсерлі зерттеген туындылардың бірі деп атаған. Жобаның шоураннері – Энни Уайзман («В ритме жизни»), ал басты рөлдерді Элизабет Мосс («Рассказ служанки»), Керри Вашингтон («Джанго освобождённый») және Кейт Мара («Карточный домик») сомдаған.

«Гояния: радиациялық апат» (Emergência Radioativa)

18 наурыздан бастап Netflix-те

Бразилиялық бұл тарихи сериал атом электр станциясынан тыс жерде болған, тарихтағы ең ірі радиациялық апаттың 40 жылдығына орай ұсынылып отыр. 1987 жылы екі металл сынығын жинаушы қаңырап бос қалған ғимараттан көгілдір ұнтағы бар құрылғыны тауып алады. Кейін сол ұнтақтың ажал құштыратын радиоактивті шаң екені белгілі болады.

Жобаның режиссерлерінің бірі – «Нарко» мен «Перри Мейсон» секілді ірі хиттермен жұмыс істеген Фернандо Коимбра.

👍 1 👎 0
Теги: #Фильмы#Сериалы#Стриминги#Премьеры#Unico#Netflix

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Последние публикации
  • Онлайн-премьеры 19-25 октября: «Баба-яга», продолжение «Списка смертников» и новый фильм с Марком Уолбергом
  • Сделайте уже на «Казахфильме» что-то полезное!
  • Кинопремьеры 15-21 октября: бои на улицах, в домах и в будущем
  • Премьера сериала «Өкпе бауыр»: Адильхан и его братья
  • 7+1+3: итоги недели в казахстанском прокате
  • Премьера Kesu: казахи, корейцы и тхэквондо
  • Куантай Абдимади: «Я не брутал, но Адильхан сказал — «Да ты сможешь!»
  • Премьера «Мальчишник vs девичник: соңғы түн»: ты чё такая дерзкая?!
  • Любимые и ненавистные: что нравится и не нравится в кино народной артистке Казахстана Жание Аубакировой
  • Онлайн-премьеры 12-18 октября: новый сериал от Адильхана Ержанова, «Квест Вижна» и приквел «Пятницы, 13»

Любимые и ненавистные

Боюсь показаться банальной, но для меня эталонными в кино всё равно являются советские фильмы — «Ирония судьбы», «Гараж»… Может быть, потому, что до обретения страной независимости я еще могла пожить как человек, со свободным временем, а после навалилось так много работы, что я стала не человеком, а функцией (смеётся). Сейчас тоже времени на кинопросмотры не хватает, я привыкла рано ложиться и рано вставать. Иногда, правда, в самолёте удаётся что-то посмотреть, но и то не до конца — клонит в сон, обещаю себе обязательно досмотреть дома — и не сдерживаю обещание.

Жания Аубакирова — музыкант, народная артистка Казахстана

Подробнее

Реклама

Тэги

Aryk! (1) Comic Con (1) IFFI (1) Jugendjurywettbewerb (1) Mortal Kombat II (1) Paper Tiger (1) Super 8 (1) «MŪNAI» (2) Азиатское кино (30) Актрисы (6) Андрей Тарковский (1) Астана (1) Берлинале (4) Брэд Питт (1) Бэтмен (1) Венецианский кинофестиваль (9) Видео (2) Горькое Рождество (1) Дайан Китон (1) Джеки Чан (1) Дженнифер Лопес (1) Документальное кино (4) Доспехи Бога (1) Казахские страшные сказки (2) Казахстанское кино (234) Кастинг (2) Келинка Сабина (1) Кинопрокат (112) Композиторы (1) Корейские сериалы (1) Лени Рифеншталь (1) Монтаж (3) Мюзиклы (2) Ребуты (1) Ридли Скотт (3) Рождественские фильмы (2) Скорсезе (2) Супергерои (2) Сценарии (2) Трэш (1) Уэнсдей (1) Фестивали (40) Франшизы (1) Ханс Циммер (1) Эмми (1)

Комментарии

  1. Айгерим Айгаликызы к Қара алтынСентябрь 19, 2026

    Молодец

  2. Айгерим Айгаликызы к Қара алтынСентябрь 19, 2026

    Керемет 🤘


Мы любим кино и рассказываем о нём честно, глубоко, с душой.

KinoMania — дань уважения кинематографу и всем причастным к его созданию. Мы гордимся тем, что делаем вклад в развитие кинокультуры в Казахстане и за его пределами.

© 2025 KinoMania. Все права защищены. Разработка — RazDva Studio
RU
KK