ЛоготипЛоготипЛоготипЛоготип
  • Новости
    • Казахстан
    • Мир
  • Афиша
    • Кинопрокат
      • На этой неделе
      • Скоро
      • Киноархив
    • Платформы
      • Анонсы
    • ТВ
      • Кино и сериалы на ТВ-каналах
  • Рецензии
    • Фильмы
    • Сериалы
  • Подробности
    • Интервью
    • Мнения
    • Репортажи
    • Обзоры
  • Киноман
    • Любимые и ненавистные
  • Box Office
  • Смотри
    • Трейлеры
    • Кино
✕

Бойжеткенді сүюге жеті түрлі себеп, Алматы менөмір

Опубликовано Алексей Гостев 10 февраля, 2026

Режиссер Думан Еркімбектің «Ғашықпын саған» атты фильмі Алматы қаласындағы Kinopark 11 (Есентай) IMAX кинотеатрында салтанатты түрде көрерменге жол тартты

2025 жылдың хитіне айналған, прокатта бір миллиард теңгеден астам табыс жинаған «Qaitadan» фильмінің авторлары бұл жолы көрерменге жаңа махаббат хикаясын ұсынды.

Көрерменді алда мелодрама күтіп тұрса да, тұсаукесердің соңы үнемі мерекеге ұласады. Адал еңбектің нәтижесінде дүниеге келген фильмді оның авторлары мен түсірілім тобы алғаш рет көрерменмен бірге үлкен экраннан тамашалады. Кеш қонақтарының көбі ұйымдастырушылар ұсынған дресс-кодты сақтап, қызыл түсті киім киіп немесе образын қызыл түсті элементтермен толықтырған.  Алқызыл — жүректің, махаббаттың, бәлкім, жан жарасының да түсі шығар, солай ма?

Режиссер Думан Еркімбектің жаңа туындысын көрермендер көптен күткен фильмдердің қатарына қосып отыр. Ол алдыңғы туындысы — «Qaitadan» фильмінің табысын қайталай ала ма?

 Оң жағында режиссер Думан Еркімбек, жанында жұбайы әрі сценарийдің қосалқы авторы Назерке Базарбаева

Фильм режиссері Думан Еркімбек отыз жаста.  «Qaitadan» туындысы оның алғашқы толықметражды дебюті болды: «Алғашқы фильмімді жасөспірім туралы, өсу мен қалыптасу жайында түсірдім.  Ал “Ғашықпын саған” — студенттер мен жастардың өмірін баяндайтын, ересек көрерменге арналған туынды. Мен көрерменіммен бірге есейгім келеді, және фильмдерім де біртіндеп күрделене түседі». «Ғашықпын саған» фильмінің түсіріліміне кіріспес бұрын, Еркімбек жаңа картинаның кім туралы болатынын ұзақ ойланған: басты кейіпкер ер адам бола ма, әлде әйел ме? «И я принял решение, что фильм будет о девушке. «Фильм бойжеткен қыз туралы болады деп шештім. Өйткені қазақстандық кинода әйел адамның болмысына негізделген фильмдер жоқтың қасы. Көп жағдайда оқиға ер кейіпкердің көзқарасы арқылы баяндалады. Сценарийді жұбайым Назерке Базарбаевамен бірге жаздық, ал ол – басты кейіпкердің прототипі болды. Әрине, фильмдегі қыздың тағдыры басқа, десе де мінезі де, Базарбаева деген тегі де бірдей». Алғашқы фильмінен кейін Еркімбек сол актерлермен қайта жұмыс істеуді қалаған: «Арамызда ортақ түсінік, байланыс қалыптасты. Оның үстіне, актерлеріміз Жасұлан Көпберген (суретте сол жақта) мен Шұғыла Ешенова (суретте ортасында) өз жас санатындағы ең мықтылардың қатарында, олардың актерлік диапазоны өте ауқымды. Фильм түсіріліміне уақытымыз тапшы болғандықтан, басты рөлдерді сомдаған актерлердің тәжірибесі мен үшін аса маңызды болды. Уақыт өте келе фильмдерім күрделене түседі, кейін қырық жасқа таяғанда авторлық кино түсіріп бастаймын деген ойдамын».

«Qaitadan» фильмінен кадр

Жасұлан Көпберген қазақстандық кино сүйер қауымына дәл «Qaitadan» фильміндегі Рауан рөлінен кейін кеңінен танылды. Оның фильмографиясы ауқымды, ол жасөспірім шағынан бері киноға түсіп келеді. Соның ішінде қазақ тіліндегі балаларға арналған танымдық-шытырман сериал – «Санжар мен Қайсар» (екі ағайындының оқиғасы туралы) да бар. Ал «Ғашықпын саған» мелодрамасындағы Арман рөлі Жасұлан Көпбергеннің танымалдығын одан әрі арттыра түсері сөзсіз. Актердің өзі де жаңа фильмдегі жұмысына көңілі толатынын атап айтады: «Он и она» фильмінен кейін кино әлемінде салмақты мелодрамалар көптен бері болмады.» Жастық шақтағы махаббат, пәк сезім, қарым-қатынастағы романтика, үйдің жылулығы туралы жақсы мелодрама түсіруге тырыстық. Алайда фильмде драма да бар, ауыр оқиғалар да кездеседі. Мен басты кейіпкер — Арман атты кейіпкердің рөлін сомдаймын. Ауылда өскен, оқуын жалғастырмай, жоғары оқу орнына түспеймін деп шешкен жігіт арман қуалап қалаға көшуге бел буады.  Арманы — Алматыдағы Арбат бойында ән айтып, соның арқасында күн көру болатын. Дәл солай қалада Арман өз махаббатын табады».

Жасұлан Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебінде 12 жыл білім алған. Ол — кәсіби баяншы әрі пианист. Жоғары білімді Жүргенов атындағы Өнер академиясында «музыкалық-драма театры актері» мамандығы бойынша алған. Бүгінде Жасұлан экшн жанрындағы фильмде ойнауды армандайды: «Музыкамен қатар, бала кезімнен спортпен де айналыстым, сегіз жыл бойы боксқа бардым. Сол себепті нағыз экшн фильмде рөл сомдағым келеді».

 «Ғашықпын саған» бұл – махаббат туралы фильм. Алайда алғашқы сезімнің өзі кейде тілдегі тәтті мақтадай еріп кетеді. Бұл жөнінде Жасұлан не дейді?  «Махаббат – өте үлкен еңбек. Алла қаласа, үйленгелі жатырмын. Қарым-қатынаста ең бастысы — еңбек ету, қасыңдағы адамды қандай болса, қалай бар солай қабылдай білу. Оны өзгертуге тырыспау керек. Жүрегіңе жақын, жаныңа сай адамды жолықтырып, оны өзгертіп, түзеуге ұмтылмау қажет. Бұл мүмкін де емес. Таңдаған сүйіктіңді қандай болса, сол қалпында сүю керек. Адам әртүрлі: көңілді де, тұйық та, әдемі де, ұсқынсыз да, мінезі сан алуан болады. Сүйіп қалсаң, онда дәл сол қалпында қабылда. Жаныңдағы адамды қолдай білу маңызды.  Меніңше, махаббат бұл — өте мықты достық секілді. Әрдайым қасыңда жүретін, көңіл-күйің жақсы болсын, жаман болсын бәрібір жанынан табылатын достай. Оған мұңыңды шағып, бірге қуанып, бірге жылай аласың. Мен үшін махаббат бұл — ешқашан қиянат жасағым келмейтін, кіршіксіз, таза сезім».

«Ғашықпын саған» фильмінің көрсетілімінен кейін көрермендер ұзақ уақыт орындарынан тұрмай, тік тұрып қол шапалақтады. Мұндай жағдай алдын ала көрсетілімдерде сирек кездеседі. Ал түсірілім тобы сахнаға шығып бас игенде, залды ұзаққа созылған зор қошемет кернеді.

Топтың жетекшісі Досмұхамед Адиль (сахналық аты — Досым) фильмге қатысуы жайлы айтып берді. Музыканттар фильмнің бір көрінісінде өнер көрсетіп, Рэй Чарльздің “Hit the Road Jack!” композициясын орындаған! «Көрініс клубта түсірілді, жастар билеп жатқанда, біз ырғақты, би әуенін орындадық. Меніңше, фильм өте жақсы шыққанын бір ғана көріністен-ақ сезінуге болады. Тұсаукесерде бізден барлық қазақстандық хиттерді орындауды өтінді, соның ішінде негізінен «Дос-Мұқасан» тобының репертуарындағы ескі, жылы классиканы шырқадық. Фильмде Алматының сан алуан локациясы қолданылғандықтан, тұсаукесерде да Алматы туралы әндер орындадық. Сондай-ақ фильмде Ермек Серкебаевтың қаламыз жайлы әні де шырқалады», — деді ол. Досым сүйікті адаммен қарым-қатынасты қалай сақтап қалуға болатыны жөнінде де өз ойымен бөлісті: «Көрерменге айтар тілегім: ең бастысы — бір-біріңді құрметтеу, әр сәттің қадірін білу. Өмір, өкінішке қарай, өте қысқа болғаны

  

Сеанс басталып, көрермен фильмнің ішкі әлеміне еніп кетті. Тіл ұшындағы тәтті мақтаның дәмімен бірге махаббаттың тәп-тәтті сәттері сезілген секілді. Көрсетілім қарсаңында берген сұхбатында режиссер Думан Еркімбек уәде еткендей, бұл хикаяның басты ерекшелігі — оның қарапайымдылығында. «Екі жастың махаббаты туралы осы оқиғаны таңдауыма себеп — оның қарапайым болуында. Алайда ең қарапайым дүниелердің өзі кейде жүзеге асыру барысында қиынға соғуы мүмкін. Яғни, қарапайым оқиғаны сапалы түсіру де шеберлікті талап етеді. Сондықтан әзірге дәл осы жолды таңдадым — қарапайым кино тілінде баяндалған мелодрама», — деді режиссер. Фильмді шартты түрде «мюзикл» деп те атауға болар еді, себебі онда ән өте көп. Дәл осы тұста оқиғаның бетбұрыс сәті байқалады (шиеленіс шегіне жетіп, одан кейін бәрі өзгеретін сәтті режиссердің өзіндік стилі деуге де болады). Соллайша қарапайым махаббат хикаясы кейіпкерлер де, көрермен де бастан өткере алатын терең, ауыр драмаға айналады. Соған қарамастан, режиссер олардың ешқайсысының үміт сәулесін сөндірмейді. Финалы хэппи-энд болмаса да, жарық, үміт сыйлайтын нотаға толы.

Бауржан Шукенов: «Авторы фильма «Ғашықпын саған» сказали миру простые вещи, но это сделано настолько искренне, что подкупает».

Фото Станислава Климанова (Kinomania.kz)

👍 6 👎 0
Теги: #Фильмы#Казахстанское кино#Премьеры

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Последние публикации
  • Битва отечественных и зарубежных франшиз: что казахстанцы смотрели в кино в праздничные выходные?
  • Премьера «Mangyshlak express. Пойыздағы паника»: проводница, поезд и немного юмора
  • Канны-2026: сильная программа и много звёздных гостей
  • Кино как альтернатива картелю
  • Онлайн-премьеры 11-17 мая: Каратель, Даттоны и суперглупые герои от Netflix
  • Восемь из бесконечности
  • «Дьявол носит Prada 2» против всех: как казахстанцы ходили в кино в начале мая
  • Топ-9 самых сильных фильмов о Великой Отечественной войне
  • Премьера «Дьявол носит Prada 2»: без Эвелины, но с Лилией
  • Кинопремьеры 30 апреля – 6 мая: три казахстанских фильма vs «Дьявол носит Prada 2»

Любимые и ненавистные

Отдаю себе отчёт в том, что у Балабанова оба «Брата», «Груз 200», «Морфий» — это сочетание таланта и профессионализма высочайшей пробы, но мне не близки шедевры, замешанные на мизантропии. Не говоря уже о том, что оба «Брата», с моей точки зрения, талантливые фашистские картины. Помню, в начале нулевых, когда я жил в Москве, в России была очередная предвыборная президентская кампания, и в метро висели большие билборды. На одном из них был изображён портрет Бодрова-младшего со слоганом «Данила Багров — наш брат». Я тогда работал грузчиком и по вечерам ходил на занятия по английскому языку, а моим педагогом была пожилая, очень интеллигентная преподавательница. И вот она тогда сказала: «Если Данила — наш брат, то нашу страну в будущем ждут страшные испытания».

Азиз Бейшеналиев — актёр, режиссёр, сценарист, драматург.

Подробнее

Реклама

Тэги

Comic Con (1) KINOLUB (1) Neon (1) «MŪNAI» (2) «АНСАР» (1) Азиатское кино (29) Актрисы (4) Андрей Тарковский (1) Астана (1) Берлинале (4) Бэтмен (1) Венецианский кинофестиваль (7) Видео (2) Дайан Китон (1) Джеки Чан (1) Дженнифер Лопес (1) Документальное кино (3) Доспехи Бога (1) Жания Джуринская (1) Казахские страшные сказки (2) Казахстанское кино (184) Кастинг (2) Келинка Сабина (1) Киноляпы (1) Кинопрокат (60) Композиторы (1) Корейские сериалы (1) Лени Рифеншталь (1) Монтаж (3) Мэгги Джилленхол (1) Мюзиклы (2) Ребуты (1) Ридли Скотт (3) Рождественские фильмы (2) Саундтреки (1) Скорсезе (2) Супергерои (2) Сценарии (2) Трэш (1) Уэнсдей (1) Фестивали (35) Франшизы (1) Ханс Циммер (1) Эмма Стоун (1) Эмми (1)

Комментарии

  1. Ольга к «Совершенно летняя история»: 18+ для детей и влюблённых всех возрастовАпрель 23, 2026

    Третьего дня имела несчастье сходить на этот спектакль: "гениальная" режиссерская задумка осталась неразгаданной. Не поняла, почему из стройной Анастасии Тёмкиной…

  2. Тамара к Шесть фактов о втором сезоне сериала «Мошенники»Апрель 11, 2026

    Недавно посмотрела пару серий. Впечатления отвратительные - тупой и похабный контент! Постоянный мат, пошлость и сцены курения и ясно показали,…


Мы любим кино и рассказываем о нём честно, глубоко, с душой.

KinoMania — дань уважения кинематографу и всем причастным к его созданию. Мы гордимся тем, что делаем вклад в развитие кинокультуры в Казахстане и за его пределами.

© 2025 KinoMania. Все права защищены. Разработка — RazDva Studio
RU
KK