ЛоготипЛоготипЛоготипЛоготип
  • Новости
    • Казахстан
    • Мир
  • Афиша
    • Кинопрокат
      • На этой неделе
      • Скоро
      • Киноархив
    • Платформы
      • Анонсы
    • ТВ
      • Кино и сериалы на ТВ-каналах
  • Рецензии
    • Фильмы
    • Сериалы
  • Подробности
    • Интервью
    • Мнения
    • Репортажи
    • Обзоры
  • Киноман
    • Любимые и ненавистные
  • Box Office
  • Смотри
    • Трейлеры
    • Кино
✕

Әмір Темірдің өзі де бұл кинотуындыға разы болар еді

Опубликовано Галина Галкина 10 апреля, 2026

Фильм қарсаңында Алматыдағы Kinopark 11 Esentai IMAX кинотеатрында туындының алдын ала көрсетілімі өтті.

«Темірлан» туындысы АҚШ, Өзбекстан, Қазақстан, Моңғолия және Аустралия кинематографистер атсалысқан ірі халықаралық жоба. Фильмді прокатқа шығару құқығын қазірдің өзінде 120 ел сатып алған. Жоба авторлары түркі жаулаушыларының бірі, сондай-ақ Темір әулеті империясының негізін қалаушысы Әмір Темір – Темірланның өмірі мен ерліктері туралы кинотуындының шығармашылық әрі коммерциялық табысқа жететініне үмітпен қарайды.

«Темірлан» фильмі көрсетілер алдындағы ең қызу қошемет халықаралық Nomad Stunts каскадерлер тобының негізін қалаушы әрі жетекшісі Жайдарбек Кунгужиновке арналды. Фильмде дәл осы каскадерлерге жауынгер-салт аттылар қатысқан көптеген көріністерде негізгі жүк түсті. «Түсірілім басталмастан бір жыл бұрын маған америкалық режиссер Джейкоб Шварц пен өзбек продюсері Бехруз Хамзаев жазды. Олар біздің “Темірлан” жобасына қатысуға мүмкіндігіміз бар-жоғын сұрады. Nomad Stunts тобының жұмыссыз жүрген кезін көру қиын», — деді ол. Қазір топтың қоржынында Үндістан мен Румыниядағы жобалар бар, ал алдағы уақытта Марокко мен Литвада түсірілімдер жоспарланған. Команда құрамында 73 адам бар, каскадерлер бірнеше топқа бөлініп, әртүрлі елдерде қатар жұмыс істей алады. Фильм авторлары «Темірлан» картинасындағы каскадерлік көріністерді барынша әсерлі етіп түсіру жолдарын Жайдарбек Күнгүжіновпен ақылдасқан. Жайдарбек «Томирис» фильмін түсіру кезінде қолданылған форматпен жұмыс істеуді ұсынған: «Менің экшн-операторларым бар, сондықтан біз екінші топ болып трюктерді өзіміз түсіре аламыз. Қазақстанда фильмдердің 90 пайызында трюктерді қамтитын көріністермен жұмыс істейтін де мына біз. Бізде трюктерді қоятын төрт маман бар, көріністерімізді де өзіміз түсіреміз. Батыста трюкті көріністерді каскадерлердің өз күшімен қою және түсіру бұл – қалыпты тәжірибе. Ал бізде режиссерлер экшн-оператор, төбелес көріністерін сапалы түсіре алатын экшн-режиссер керек екенін енді ғана түсініп келе жатыр. “Мулан”, “Моңғол” фильмдерінде мен екінші режиссердің жанында отырып, экшн-режиссер ретінде түсірілімге көмектестім. Өзіміз түсірген жобалар көп. Бірақ бұл жолы, өкінішке қарай, олай болмады, өйткені топты екіге бөлуге бюджет жеткіліксіз еді. Ал ол үшін қосымша адамдар, костюмерлер, гримёрлер, біздің операторлар қажет. Дегенмен, нәтижесі қызықты шықты деп ойлаймын».

Жайдарбек Кунгужинов (суретте ортасында тұрған) америкалық режиссермен барлық көріністерді талқылап шыққан. Қазақстандық каскадерлердің жетекшісі бүкіл үдерісті өзі қадағалап, плейбэктен түсірілген материалды қарап отырған: «Кей көңілден шықпаған тұстар болғанда оларды өзгертіп отырдым, бірақ негізінен бәрін бір команда болып, бір ұзақ планмен түсірдік. Түсірілім Өзбекстанда өтті, сол жерде Англия, Моңғолия, Өзбекстан елдерінен келген актерлерді дайындады. Әрине, біздің қазақстандық актерлер қашанда дайын жүреді, олармен жұмыс істеу де жеңілірек болды. Жалпы, мен қазақстандық актерлерді алуды сұрадым, өйткені олардың дәл экшн көріністерге өте жақсы дайындалғанын білемін. Оның үстіне актерлік шеберліктері де мықты. Ал Өзбекстанда әзірге дайын экшн-актерлер аз, оның үстіне уақытымыз да тапшы болды. Біраз америкалық каскадерді алып, оларды осында, Қазақстандағы, Есіктің маңындағы базада дайындадық. Сол жерде олар қылыштасудан жаттықты, толыққанды дене шынықтырудан өтті, шамамен екі ай бойы тыңғылықты дайындалды, оған қоса ат үстіндегі төбелес көріністерін де бірден қойдық. Қысқасы, бұл біз үшін ұзақ үдеріс болды. Бірақ экшн жағы ойдағыдай шықты деп ойлаймын. Әрине, мен үнемі бәрінің бұдан да ауқымдырақ болғанын қалаймын, бірақ, өкінішке қарай, уақыт тапшы болды. Байқап қарасаңыз, бұл туынды біздің басқа жобаларымыздан өзгеше көрінеді. Өйткені түсіру тәсілінің өзі, бейненің сапасы да, әрине, америкалық операторлардың арқасында жоғары деңгейде шыққан».

Фильмдегі төбелес көріністерінде актерлердің өздері түскен. Жайдарбектің айтуынша, олар орындай алмайтындай аса күрделі трюктер болмаған, өйткені үш ай бойы арнайы дайындықтан өткен. Мәселен, өзбек актрисасы Юлдуз Раджабованы біздің каскадер Дана Жинакбаева дублерлікпен алмастырған. Ал Кристиан Мортенсенді дублермен алмастыру мүмкін болмапты, өйткені бізде оның бойындай ұзын каскадер жоқ екен (актердің бойы – 193 см). Сондықтан негізгі екпін оның қимылдарды өзі орындауына қойылған. Әрине, мұндай боймен оған оңай болмады, дегенмен бәрін өзі жасап шыққан. Жайдарбектің сөзінше, ол өте жақсы шәкірт екенін көрсетті.

Жайдарбек Кунгужинов мұндай шығармашылық үдерістің жүзеге асқанына қуанышты екенін жеткізді: «Осындай актерлік құрамның тоғысуы – керемет жайт. Мен халықаралық жобалар әрдайым өте мықты дүние деп айтып жүремін. «Темірлан» фильмінде Өзбекстаннан, Моңғолиядан, АҚШ-тан, Аустралиядан және Қазақстаннан актерлер түсті. Демек, прокаттағы сатылым да жақсы болады деген сөз. Жоба 120 елге прокатқа сатылды. Меніңше, бұл халықаралық жобаны әлі де елеулі табыс күтіп тұр».

Басты рөлді сомдаған даниялық актер Кристиан Мортенсен, сондай-ақ «Темірлан» фильмінің сценарий авторы KinoMania.kz-ке берген эксклюзив сұхбатында бұл жобаның өзбекстандық авторлар идеясының, америкалық өндірістің және өзінің жеке бастамасының тоғысынан туғанын айтты. «Алайда бастапқы бастама өзбек продюсері Бехруз Хамзаевтан болған. «Темірлан» фильмімен жұмыс 2019 жылы басталды. Билеуші ретіндегі бұл образ біржақты емес, ол жеткілікті дәрежеде қатал. Кристиан Мортенсен оны қалай сомдады? «Біз актер ретінде ең алдымен сценарийге ден қоямыз. Әрине, Темірланның нақты кім болғаны туралы сан алуан көзқарас, пікір мен әңгіме бар. Өзбектер үшін ол – Әмір Темір, ал басқа елдерде, мысалы Ресей мен Үндістанда, ол – Темірлан, әрине, жаулаушы ретінде қабылданады. Ал біреудің жерін жаулап алуың әлбетте ешкімге ұнай қоймасы аның. Соған қарамастан, мен сценарийде жазылған тұлғаны – өз халқын, өз жарын сүйген адамды ойнадым. Сценарийге тәуелді болғандықтан, түпнұсқа мәтінде жазылғаннан артық ештеңе қоса алмадым», — деді ол.

Моңғол актрисасы әрі танымал модель Дулгуун Одхуу фильмде Моңғолия ханшайымының рөлін сомдаған: «Мен үшін бұл рөл моңғол ханшайымын ойнаудың қиындығы туралы емес, дәл осы кейіпкерді сомдағаныма шын мәнінде шабыттанып, мақтаныш сезінгенім туралы болды. Әмір Темір дәуірінде менің кейіпкерім Сарай өте қайсар әйел болған, сондықтан бұл рөлді ойнау мен үшін үлкен мәртебе». Актрисаға фильмде қызғаныш сезімін көрсетуге тура келді ме, өйткені Темірланның әйелжанды адам болғаны белгілі ғой? «Дулгуун ретінде сценарийді оқығанымда қызғаныш сезімі болды, өйткені «Қалай сонда? Неге?!» деген ойлар мазалады. Бірақ менің кейіпкерім Сарай өте ақылды әйел еді, ол бәріне кеңірек, тереңірек қарап, осының бәрінен биік тұрды». Дулгуун Одхууге түсірілім кезінде атқа мініп шабуға тура келді ме? «Фильм түсіру барысында уақыт өте шектеулі болды, сондықтан менде атпен шабатын көріністер болған жоқ, десе де атпен шаба да аламын, әрі жақсы көремін. Моңғолияда атқа шабу деген – өмірдің бір бөлігі, біз үшін атқа мініп уақыт өткізу қалыпты нәрсе, сондықтан фильмде ондай эпизодтың болмағаны өкінішті». Дегенмен «Темірлан» туындысында оның сүйікті көрінісіне айналған бір эпизод бар екен: «Бұл – Сарайдың қолында сәби ұстап тұрған ең соңғы кадры. Фильмді көргенде, неге дәл осы эпизод менің сүйіктім екенін түсінесіздер». Актриса бұл фильм көрерменнің жүрегіне жол табады деп ойлайды: «Әрине, Әмір Темір туралы фильмді көру керек. Бүкіл әлем оның өмір жолының ауқымды әрі бай тарихын біледі, және, әрине, ол – фильм түсіруге тұрарлық алып тұлға. Бүкіл командамыз осы фильмнің жарыққа шығуы үшін түйсіктік танытып, шынайы еңбек сіңірді».

 

Дулгуун Одхуу тұсаукесерге өте әдемі ұлттық киіммен келіп, жиналған жұрттың айрықша назарын өзіне аударды. Моңғол актрисасын қонақтар жарыса суретке түсіріп жатты. Ал күнделікті өмірде ол тренд қуғаннан гөрі, дәл сол сәтте өзіне жарасатын киімді таңдағанды жөн көреді. Актриса өзіне үйлесімді, жарасымды киім киіп, ең алдымен матасына мән береді.

Санжар Мади саудагердің рөлін сомдады: «Бұрын ол әскери адам болып, алайда Темірлан әскерінің құрамында саудагерге айналған. Бірақ экшн-киноға тән сипатқа сай кейіпкерімде фильм барысында ашылатын жасырын қабілет бар». Бұл тыңшылыққа бейім қабілет болуы мүмкін бе? Актерлер тұсаукесер алдында сюжеттің мәнін ашып қоймас үшін кейбір жайттарды нақтыламауға тырысты. Сондықтан KinoMania.KZ тілшісінің бұл сұрағына Санжар Мади де нақты жауап бермеді. «Темірлан» фильмі бұған дейін бірде-бір түсіру тобы бара алмаған тарихи орындарда түсірілген: «Біз кезінде Темірланның өзі болған жерлерде, ашық аспан астындағы тарихи музейлерде – Хивада, Үргеніште, Топыраққала археологиялық кешенінде болдық». Санжар Мади өз кейіпкерін тарихи дереккөздер арқылы зерттеді ме? «Бұл кейіпкер ойдан шығарылған делінеді, сондықтан қандай да бір нақты дереккөздерге жүгінудің қажеті болмады. Шабыт алу үшін тарихи фильмдерді көрдім. Меніңше, біздің фильм де көрерменді қанаттандыратыны анық, себебі қазір тарихи фильмдер аса көп түсіріле бермейді. Оның үстіне тарихтың өзі де біржақты емес. Сондықтан жалпы танымды кеңейту, кейбір мәселеге қатысты өз көзқарасыңды қалыптастыру үшін кейде тарихи киноны көріп тұрған дұрыс. Фильм көркем шықты, өйткені оған америкалық мамандар, соның ішінде режиссер, оператор, дыбыс режиссері қатысты. Жобаға әлемдегі ең үздік каскадерлердің бірі – біздің қазақстандық Nomad Stunts ұжымы тартылды». Фильмде көне дәуір шынайы бейнеленген: Темірлан (Әмір Темір) XIV ғасырдың екінші жартысы мен XV ғасырдың басында билік құрған. Фильмде көрсетілген дәуірді қазіргі заманмен салыстыруға бола ма? «Әрине, айырмашылық жер мен көктей, бірақ астыртын ойындар ол кезде де, қазір де бірдей. Тек жаңа технологиялар пайда болды».

Түсірілімге қатысқан актерлердің бәрі ең қиын эпизод ретінде бірауыздан «жауын астындағы шайқас» немесе «лайлы шайқас» деп аталған көріністі атады. Бұл эпизод екі күн бойы түсірілген. Оқиға басталғанға дейін аптап ыстық болып, ауа температурасы қырық градусқа дейін жеткен, алайда дәл түсірілім кезінде күн күрт суытып, он градусқа дейін төмендеп кеткен: «Күн суытып, қатты жел тұрды. Жасанды жаңбыр жауып, күннің көзі көрінбей қалды. Бұл түсірілімдегі ең ауыр екі күн болды. Бірақ алаңда көрген кадрларым музыкасыз, түс түзетусіз-ақ таңғаларлықтай әдемі еді». Санжар Мади фильмді көп жағдайда дәл осы көрініс үшін тамашалайтынын мойындады. 

Азиз Бейшеналиевтің кейіпкері жұмбақ әрі айрықша маңызды. Актер де тұсаукесер қарсаңында сыр ашпауға тырысып, әзілмен былай деді: «Мен уақыт машинасымен Темірлан дәуіріне тап болып, оған мемлекеттік, әкімшілік және әскери бастамаларын жүзеге асыруға көмектескен ежелгі грек философының рөлін сомдадым. Меніңше, Орталық Азия өңірінде тарихи фильмдер өте маңызды. Өйткені соңғы отыз жылда біз өз тарихымызды қайта зерделеуді үйрендік, сөйтіп осыдан екі жүз, бес жүз, тіпті мың жыл бұрын өңірімізде болған оқиғаларға кеңірек көзқараспен қарай бастадық. Әрине, тарихқа деген жаңа көзқарас та идеологияның ықпалына түсуі мүмкін. Бірақ соған қарамастан, ол менің бала күнімдегі, кеңестік мектептен алған біліміміздегідей біржақты емес, мүмкіндігінше объективті, екі тарапты қатар қамтитын көзқарас болғаны дұрыс. Осы тұрғыдан алғанда, тарихи кино бізге өте қажет»..

Ерден Телемісов те әріптестеріне қолдау білдіру үшін келді: «Фильм авторларын, әсіресе Nomad Stunts ұжымындағы жігіттерді жеке танимын. Nomad Stunts тобының негізін қалаушы Жайдарбек Кунгужинов мені каскадерлер базасына шақырған еді. Олар үшін шын жанкүйермін. Темірлан бейнесінің экранда қалай ашылғанын көру қызық. Ол заман қатал болған: зұлымдықты жеңу үшін ең басты жауыздан да біршама асып түсу керек еді. Сірә, Темірлан өте мықты, қатал, тіпті қатыгез адам болған».

Фильмнің таныстырылымында ерекше толқу мен салтанатты көңіл күй айқын сезілді. Мұндай ауқымды халықаралық жобалар жиі бола бермейді. Залда да халықаралық аудитория жиналды – онда көптеген елдің өкілдері бас қосып, бір-бірімен тек орысша және қазақша ғана емес, ағылшынша да еркін тілдесті. 

Өзбек продюсері Бехруз Хамзаев сахнаға түсірілім тобының мүшелерін шақырып, олардың тек үштен бірі ғана шыққанын атап өтті де, адамдарды ұлттық, тілдік немесе өзге де айырмашылықтарға қарап бөлінбеуге үндеді. Оның айтуынша, бізді жақындастырып, біртұтас ететін одан да биік құндылықтар бар, олар – адамгершілік, әділдік және бейбітшілік. Продюсердің сөзінше, Темірлан да осыған үндеген, тек өз мақсатына жету үшін қылышқа жүгінуге мәжбүр болған.

Сурет: Станислав Климанов (Kinomania.kz)

👍 2 👎 0

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Последние публикации
  • Битва отечественных и зарубежных франшиз: что казахстанцы смотрели в кино в праздничные выходные?
  • Премьера «Mangyshlak express. Пойыздағы паника»: проводница, поезд и немного юмора
  • Канны-2026: сильная программа и много звёздных гостей
  • Кино как альтернатива картелю
  • Онлайн-премьеры 11-17 мая: Каратель, Даттоны и суперглупые герои от Netflix
  • Восемь из бесконечности
  • «Дьявол носит Prada 2» против всех: как казахстанцы ходили в кино в начале мая
  • Топ-9 самых сильных фильмов о Великой Отечественной войне
  • Премьера «Дьявол носит Prada 2»: без Эвелины, но с Лилией
  • Кинопремьеры 30 апреля – 6 мая: три казахстанских фильма vs «Дьявол носит Prada 2»

Любимые и ненавистные

Отдаю себе отчёт в том, что у Балабанова оба «Брата», «Груз 200», «Морфий» — это сочетание таланта и профессионализма высочайшей пробы, но мне не близки шедевры, замешанные на мизантропии. Не говоря уже о том, что оба «Брата», с моей точки зрения, талантливые фашистские картины. Помню, в начале нулевых, когда я жил в Москве, в России была очередная предвыборная президентская кампания, и в метро висели большие билборды. На одном из них был изображён портрет Бодрова-младшего со слоганом «Данила Багров — наш брат». Я тогда работал грузчиком и по вечерам ходил на занятия по английскому языку, а моим педагогом была пожилая, очень интеллигентная преподавательница. И вот она тогда сказала: «Если Данила — наш брат, то нашу страну в будущем ждут страшные испытания».

Азиз Бейшеналиев — актёр, режиссёр, сценарист, драматург.

Подробнее

Реклама

Тэги

Comic Con (1) DASCO Capital (1) KINOLUB (1) Venice International Film Festival (1) «MŪNAI» (2) Азамат Дулатов (1) Астана (1) Берлинале (4) Бэтмен (1) Веб-сериалы (1) Видео (2) Джеки Чан (1) Дженнифер Лопес (1) Документальное кино (3) Доспехи Бога (1) Европейское кино (30) Казахфильм (7) Капитан Байтасов (1) Кастинг (2) Келинка Сабина (1) Киноязык (2) Композиторы (1) Корейские сериалы (1) Лени Рифеншталь (1) Манга (2) Матрица (1) Монтаж (3) Музыка кино (1) Мэгги Джилленхол (1) Мюзиклы (2) Оскар (2) Притчи (2) Ребуты (1) Ремейки (2) Рождественские фильмы (2) Скорсезе (2) Супергерои (2) Сценарии (2) Трейлеры (1) Трэш (1) Уэнсдей (1) Франшизы (1) Ханс Циммер (1) Шон Коннери (1) Эмми (1)

Комментарии

  1. Ольга к «Совершенно летняя история»: 18+ для детей и влюблённых всех возрастовАпрель 23, 2026

    Третьего дня имела несчастье сходить на этот спектакль: "гениальная" режиссерская задумка осталась неразгаданной. Не поняла, почему из стройной Анастасии Тёмкиной…

  2. Тамара к Шесть фактов о втором сезоне сериала «Мошенники»Апрель 11, 2026

    Недавно посмотрела пару серий. Впечатления отвратительные - тупой и похабный контент! Постоянный мат, пошлость и сцены курения и ясно показали,…


Мы любим кино и рассказываем о нём честно, глубоко, с душой.

KinoMania — дань уважения кинематографу и всем причастным к его созданию. Мы гордимся тем, что делаем вклад в развитие кинокультуры в Казахстане и за его пределами.

© 2025 KinoMania. Все права защищены. Разработка — RazDva Studio
RU
KK