Март 5, 2026
Наурыздың 4-ші жұлдызында испандық Netflix платформасында «Бітім» (La tregua) фильмінің онлайн-премьерасы өтті. Алайда бұдан бірнеше күн бұрын Испания мен Қазақстанның бірлескен туындысы ретінде түсірілген «Гойя» марапаттау рәсімінде сәтсіздікке ұшырап, небәрі бір ғана номинацияға ие болып, бәрібір де сол санатта жеңіске жете алмады. Фильмнің осы бір мардымсыз көрсеткіші жаз бен күзде әдейі қыздырыла насихатталған пафосқа аса қайшы көрінеді.

