Октябрь 19, 2026
Бірнеше аптадан бері «Қазақфильм» киностудиясының әл-Фараби даңғылына іргелес аумағы уақытша қоршаумен қоршалған. Соңғы айларда Алматы үшін үйреншікті көрініске айналған бұл қоршауда болашақ саябақтың жобалық суреттері ілінген. Әзірге қарқынды жұмыс байқалмайды. Бұған күннің суыта бастауы себеп пе, әлде кинематографистердің кезекті қарсылығы ма – түсініксіз. Әдеттегідей, біреу қолындағы бірдеңені тартып алуға тырысса, олар бірден белсенділік танытып, жұмыла кетеді. Тіпті ол нәрсе өздеріне тиесілі болмаса да.















































