Июль 8, 2026
Режиссер әрі сценарист Заки Абдрахманованың дебюттік фильмі «Папа умер в субботу» Қазақстан кинокритиктері қауымдастығының жеті жүлдесіне ұсынылғанымен, тек екі мүсіншеге ие болды. Есесіне, «Үздік драма» және «Үздік сценарий» секілді маңызды номинацияларда жеңіске жетті. Қазақстанда көпшілік көре қоймаған бұл қандай фильм? Және оны «Сыншылар таңдауы» сыйлығына қатыстыруға бола ма деген дау неге туындады?













































































