ЛоготипЛоготипЛоготипЛоготип
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Афиша
    • Кинопрокат
      • Осы аптада
      • Жуырда
      • Киномұрағат
    • Платформалар
      • Анонстар
    • Теледидар
      • Телеканалдардағы кинолар мен телехикаялар
  • Пікір-сарап
    • Фильмдер
    • Телехикаялар
  • Толығырақ
    • Интервью
    • Мнения
    • Репортажи
    • Шолу
  • Киноман
    • Сүйген және жек көрген
  • Box Office
  • Қараңыз
    • Трейлеры
    • Кино
✕

Unico Play онлайн-кинотеатры «Тренер аға» спорттық драмасын ұсынады

Опубликовано Редакция Февраль 7, 2026

5 ақпан күні Unico Play платформасында онлайн-кинотеатрдың алғашқы спорттық драмасы  –  «Тренер аға» сериалының премьерасы өтеді. Жобада бокс тек жекпе-жек немесе жарыс ретінде емес, адамның мінезін қалыптастыратын, тәртіпке тәрбиелейтін, үлкен өмірге дайындайтын орта ретінде көрсетіледі. Ал бапкер бейнесі рингпен ғана шектелмей, шәкірттерінің тағдырына да жауапты тұлға ретінде ашылады. 

Премьера күні сериалдың алғашқы бөлімі YouTube желісінде жарияланады. Ал келесі сериялар Unico Play онлайн-кинотеатрында көрсетіледі.

«Тренер аға»  –  сериалы бұрынғы боксшы Дарханның өмір жолын баяндайды. Ол сегіз жыл бойы араласпаған әкесінің қазасына байланысты туған қаласына келеді. Ескі бокс залы – әкесінен  қалған жалғыз мұра. Бір кездері бұл залда талай жасөспірім тәрбиеленіп, өмірге бағыт-бағдар алған еді. Залды жергілікті кәсіпкер қомақты қаржыға сатып алуды ұсынады. Алғашында Дархан бұл ұсынысты қабылдай салуды ойлайды. Алайда көп ұзамай әкесінің өліміне қатысты күмәнді жайттар шығып, өткеннің көмескі беттері ашыла бастайды.

Өткенді білуге талпынып, Дархан жасырын төбелестер әлеміне тап болады. Сол жерде әкесінің бұрынғы шәкірті болған бір жасөспірімнің өмірін құтқарып қалады. Осылайша ол күтпеген жерден көше балаларына бапкер атанады. Олардың арасында бұрынғы ғашығының інісі де бар. Уақыт өте келе залды сақтап қалу ниеті жасөспірімдердің болашағы, әкесінің абыройы және Дарханның өз өмірін өзгерту мүмкіндігі үшін күреске айналады.

Сериал тәртіп, еңбек және өзін-өзі дамыту тақырыптарын көтереді — дәл осы құндылықтар өмірде берік тірек табуға көмектеседі. Сериалдың негізгі идеясы  –  шынайы күш агрессияда, зорлық-зомбылықта немесе қылмыстық қысымда емес, адамның өзін-өзі бақылау мен жауапкершілікті арқалауда екенін көрсету.

Жобаның режиссері — бұған дейін «Qarga» сериалымен танылған Бейбіт Өнер. Оның айтуынша, «Тренер аға» ең алдымен тәлімгерлік туралы хикая:

«Дархан  –  тек боксты үйрететін бапкер емес. Ол жасөспірімдерге қиындықпен бетпе-бет келуді, шешім қабылдауды, қандай жағдайда да өз болмысын жоғалтпауды үйретеді. Біз спорт пен қолдаудың жас буынға жаңа мүмкіндіктер аша алатынын көрсеткіміз келді»,  –  дейді режиссер.

Сериалда эпизодтық рөлде Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев те бой көрсетеді. Басты рөлді Қуаныш Құдайберген сомдады. Түсірілімге дайындық барысында актер үш ай бойы арнайы физикалық және бокс жаттығуларынан өтті. Оның айтуынша:

«Қазақстанда бокс  –  жай ғана спорт емес, бұл мәдениеттің бір бөлігі. «Тренер аға» сериалы медаль мен жеңіс туралы емес. Бұл зал мен тренер жасөспірімнің өмірден баз кешкенде сүйенетін жалғыз тірегі екенін көрсететін туынды».

Сериалда маңызды рөлдердің бірін «Qara Bekire», «Черный двор», «Приговор» жобалары арқылы танылған Дамир Амангельдин сомдайды. Ал бас продюсер Анара Жунисова сериалда физикалық күшті романтизациялаудан бас тартқанын атап өтті:

«Кей сәттерде мәселенің бәрі қаталдық пен қысым жасау арқылы шешілетіндей көрінеді. Алайда нағыз күш  – тәртіпте, жауапкершілікте және адамның өзін-өзі бақылауда ұстай алуында. Спорт арқылы кейіпкер жасөспірімдерге тек қорғануды емес, өмірде өз жолын табуды үйретеді».

Сериалдың түсірілімі Пришахтинск ауданында, шынайы аулалар мен спорт залдарында өтті. Мұнда спорт көбіне көше агрессиясына қарсы жалғыз балама болып отыр.

Жекпе-жек көріністерінің қоюшы режиссері  –  Nomad Stunts халықаралық каскадерлер тобының мүшесі Канат Кудияров. Сериалда 150-ден астам адам қатысқан ауқымды жекпе-жек сахнасы бар, бұл отандық сериал өндірісіндегі ең ірі қойылымдардың бірі саналады.«Тренер аға» сериалы 8 бөлімнен тұрады, қазақ тілінде түсірілген және орыс тіліндегі субтитрлермен ұсынылады.

👍 1 👎 0

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Соңғы жарияланымдар
  • Битва отечественных и зарубежных франшиз: что казахстанцы смотрели в кино в праздничные выходные?
  • Премьера «Mangyshlak express. Пойыздағы паника»: проводница, поезд и немного юмора
  • Канны-2026: сильная программа и много звёздных гостей
  • Кино как альтернатива картелю
  • Онлайн-премьеры 11-17 мая: Каратель, Даттоны и суперглупые герои от Netflix
  • Восемь из бесконечности
  • «Дьявол носит Prada 2» против всех: как казахстанцы ходили в кино в начале мая
  • Топ-9 самых сильных фильмов о Великой Отечественной войне
  • Премьера «Дьявол носит Prada 2»: без Эвелины, но с Лилией
  • Кинопремьеры 30 апреля – 6 мая: три казахстанских фильма vs «Дьявол носит Prada 2»

Сүйген және жек көрген

Отдаю себе отчёт в том, что у Балабанова оба «Брата», «Груз 200», «Морфий» — это сочетание таланта и профессионализма высочайшей пробы, но мне не близки шедевры, замешанные на мизантропии. Не говоря уже о том, что оба «Брата», с моей точки зрения, талантливые фашистские картины. Помню, в начале нулевых, когда я жил в Москве, в России была очередная предвыборная президентская кампания, и в метро висели большие билборды. На одном из них был изображён портрет Бодрова-младшего со слоганом «Данила Багров — наш брат». Я тогда работал грузчиком и по вечерам ходил на занятия по английскому языку, а моим педагогом была пожилая, очень интеллигентная преподавательница. И вот она тогда сказала: «Если Данила — наш брат, то нашу страну в будущем ждут страшные испытания».

Азиз Бейшеналиев — актёр, режиссёр, сценарист, драматург.

Толығырақ оқу

Жарнама

Тегтер

Amazon (11) Elio (1) Netflix (34) Paramount (1) Snoop Dogg (1) Абай (1) Азиз Бейшеналиев (1) Андрей Звягинцев (2) Андрей Плахов (2) Аниме (4) Артист (1) Ауру (1) Британское кино (3) Джеймс Кэмерон (3) Джим Джармуш (1) Драмы (16) Зрители (1) Истребители демонов (1) Казахское кино (12) Казахстанские сериалы (24) Канны-2026 (2) Кино (5) Кирилл Серебренников (1) Книги (1) Коппола (1) Куросава (1) Леонардо ДиКаприо (1) Мстители: Судный день (2) Новая волна (4) Ольга Ландина (1) Особенный доктор (2) Оценки (1) Праздничное кино (2) Рашид Нугманов (1) Ретроспектива (2) Роберт Паттинсон (1) Сиквелы (4) Сумерки (1) Творчество (1) Том Холланд (1) Фантастика (11) Хорроры (12) Цой (1) Эмир Кустурица (1) Ұлжан (1)

Түсініктемелер

  1. Ольга к «Совершенно летняя история»: 18+ для детей и влюблённых всех возрастовАпрель 23, 2026

    Третьего дня имела несчастье сходить на этот спектакль: "гениальная" режиссерская задумка осталась неразгаданной. Не поняла, почему из стройной Анастасии Тёмкиной…

  2. Тамара к Шесть фактов о втором сезоне сериала «Мошенники»Апрель 11, 2026

    Недавно посмотрела пару серий. Впечатления отвратительные - тупой и похабный контент! Постоянный мат, пошлость и сцены курения и ясно показали,…


Біз киноны жақсы көреміз және ол туралы шынайы, терең және жан-тәнімізбен сөйлесеміз.

KinoMania — киноға және оны жасауға қатысқандардың барлығына құрмет. Біз Қазақстанда және одан тыс жерлерде киномәдениеттің дамуына үлес қосқанымызға мақтанамыз.

© 2025 KinoMania. Барлық құқықтар қорғалған. Әзірлеуші RazDva Studio
KK
RU