ЛоготипЛоготипЛоготипЛоготип
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Афиша
    • Кинопрокат
      • Осы аптада
      • Жуырда
      • Киномұрағат
    • Платформалар
      • Анонстар
    • Теледидар
      • Телеканалдардағы кинолар мен телехикаялар
  • Пікір-сарап
    • Фильмдер
    • Телехикаялар
  • Толығырақ
    • Интервью
    • Мнения
    • Репортажи
    • Шолу
  • Киноман
    • Выбор критиков
    • Сүйген және жек көрген
  • Box Office
  • Қараңыз
    • Трейлеры
    • Кино
✕

«7 қарақшы» жарқын блокбастері: жұртты дүр сілкіндіре алмады

Опубликовано Жанкелди Омиралиев Октябрь 7, 2026

Автор бағасы: 10-нан 7

Осы күзде жұрт ең көп күткен қазақстандық фильм – Қуаныш Бейсектің «7 қарақшы» экшні – әзірге өзіне артылған үмітті ақтай алмай отыр. Туынды екі аптада 568 миллион теңге жинады (бюджеті 720 миллион теңге болған соң, бұдан әлдеқайда көп табыс күтілген еді). Ал желіні көңілі қалған көрерменнің пікірлері басып кетті. Бәрі болжаған сенсация сол күйі болмады.

Отандық киногерлер комедия, мелодрама және авторлық фильм түсіруді меңгеріп қойған. Ал ауқымды блокбастерлерге келгенде іс әлі де қиын. Сондықтан «7 қарақшы» тұсаукесері болмай тұрып-ақ елеулі оқиғаға айналды. Қуаныш Бейсек біздің кинода әлі игеріле қоймаған жанрға бет бұрды: қуғын, атыс, қылмыс, тыңшылар тартысы мен ядролық қатерді тоғыстырған тарихи экшн түсірді. Мұның бәрі Семей полигоны аясында өрбиді.

«7 қарақшыдағы» оқиғалар тарихы өзгеше өрбіген Қазақстанда өтеді де, «Егер осылай болса ше?» деген сұраққа жауап іздейді. Егер 1970 жылдары Дінмұхамед Қонаев елдің арнайы қызметтеріне ядролық сынақтарды тоқтататын құпия жасақ құруды тапсырса ше? Егер бұл жасақ сәті түсе бермейтін жеті батыл жаннан құралса, ал олар шешуші сәтте бір отбасындай бірігіп, елді құтқарып қалса ше? Егер әрқайсысының өзіне ғана тән ерекше қабілеті болса ше? Квентин Тарантиноның «Даңқсыз баскесерлер», Дэвид Эйрдің «Жанкештілер жасағы» немесе Джон Фавроның «Кек алушылар» фильмдерінің қазақша нұсқасын түсірсе ше?

Мұндай ауқымды ойды жүзеге асыруға қазақстандық киноға үйреншікті бюджет жетпейтіні анық. Сөздің шыны керек, «7 қарақшы» отандық кино тарихында жеке қаражатқа түсірілген ең қымбат фильм атанды. Оның бюджеті отандық кино өндірісі үшін орасан сома – 720 миллион теңге болды.

Шындығында, бұл қаражаттың қайда жұмсалғаны экраннан көрініп тұр. Фильм қымбат, сән-салтанатты, жарқын, ауқымды әрі керемет әсерлі көрінеді. Бейсек Тарантино, Ричи, Пак Чхан Уктың фильмдерін жақсы көреді. Сондықтан шетелдің мойындалған шеберлерінің туындыларында өзіне ұнаған дүниенің бәрін өз фильміне сыйғызуға тырысқан. Мұнда әсер қуған көріністер шынымен көп, бірақ олардың басым бөлігі еш негізсіз. Сол артық дүниелерді алып тастап, фильмді отыз минуттай қысқартуға әбден болар еді.

Сәнді саундтректер, толассыз музыка, ессіз қарқын, үзік-үзік монтаж, тосын кірістірмелер, өзге туындыларға жасалған сансыз сілтеме – мұның бәрі фильмді ақыры бомбадай жарылуға тиіс ала-құла қойыртпаққа айналдырған. Бірақ, өкінішке қарай, ол жарылмай, жай ғана отшашу болып қалды. Актерлер құрамы тамаша таңдалған. Ал кейіпкерлердің көбі есте қала қоймайтынының себебі оларды толық аша алмаған әрі бір басты кейіпкерді таңдауға батылы жетпеген сценарийдің кемшілігінде жатыр. Әзілге жауапты Азат Жұмаділ, тәуір экшн көріністеріне қатысқан Индира Сабирова және кез келген рөлдің үдесінен шыға алатындай көрінетін Ерболат Әлқожа басқалардан аздап ерекшеленеді.

Фильм өз ауқымын үнемі көтере алмайды. Кей тұста отандық киноның осыншама экшнді, декорацияны және жанрлық элементті қатар қолдануды енді ғана үйреніп жатқаны байқалады. Кейде туынды тұтас бір үлкен бейнебаянға ұқсап кетеді. Әдемі, жарқын, ауқымды, бірақ мазмұны жұтаң, үстірт. Бір көріністері сенімді шықса, енді біреулері алдымызда Голливуд блокбастеріне ұқсауға барынша тырысқан кино тұрғанын еске салады.

Дегенмен «7 қарақшыны» дәл осы ұмтылысы үшін мақтауға болатын шығар. Нәтижесі кей тұста даулы болғанымен, фильм Қазақстандағы көпшілікке арналған киноның мүмкіндіктерін кеңейтуге тырысады. Бұл осы жанр төңірегінде жасалған ауқымды, өршіл, бірде сәтті, бірде сәтсіз шыққан тәжірибе. Оның басты жетістігі қаншалықты жақсы шыққанында емес, одан кейін қазақстандық кино ауқымды шытырман оқиғалы фильм түсіре алмайды деп айту қиындай түсетінінде болуы мүмкін.

👍 4 👎 0
Теги: #Фильмы#Казахстанское кино#Блокбастеры#Историческое кино#Премьеры#Экшн

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Соңғы жарияланымдар
  • 7+1+3: итоги недели в казахстанском прокате
  • Премьера Kesu: казахи, корейцы и тхэквондо
  • Куантай Абдимади: «Я не брутал, но Адильхан сказал — «Да ты сможешь!»
  • Премьера «Мальчишник vs девичник: соңғы түн»: ты чё такая дерзкая?!
  • Любимые и ненавистные: что нравится и не нравится в кино народной артистке Казахстана Жание Аубакировой
  • Онлайн-премьеры 12-18 октября: новый сериал от Адильхана Ержанова, «Квест Вижна» и приквел «Пятницы, 13»
  • Кинопремьеры 8-14 октября: триллер с сексуальным подтекстом и сразу три казахстанские картины
  • Создатели фильма «Қыста»: «В Корее на всех трёх показах у нас был солд-аут»
  • Семеро одного не ждут: что зрители смотрели в кино на прошлой неделе
  • Надин Цой: «Когда мне говорят «нет» — это для меня как стимул»

Сүйген және жек көрген

Боюсь показаться банальной, но для меня эталонными в кино всё равно являются советские фильмы — «Ирония судьбы», «Гараж»… Может быть, потому, что до обретения страной независимости я еще могла пожить как человек, со свободным временем, а после навалилось так много работы, что я стала не человеком, а функцией (смеётся). Сейчас тоже времени на кинопросмотры не хватает, я привыкла рано ложиться и рано вставать. Иногда, правда, в самолёте удаётся что-то посмотреть, но и то не до конца — клонит в сон, обещаю себе обязательно досмотреть дома — и не сдерживаю обещание.

Жания Аубакирова — музыкант, народная артистка Казахстана

Толығырақ оқу

Жарнама

Тегтер

Comic Con (1) IFFI (1) Neon (1) Paper Tiger (1) Super 8 (1) «Я и мой брат Лёша» (1) Азамат Дулатов (1) Астана (1) Берлинале (4) Бэтмен (1) Веб-сериалы (1) Видео (2) Горькое Рождество (1) Дженнифер Лопес (1) Документальное кино (4) Доспехи Бога (1) Европейское кино (34) Казахфильм (7) Капитан Байтасов (1) Кастинг (2) Келинка Сабина (1) Киноязык (2) Композиторы (1) Корейские сериалы (1) Лени Рифеншталь (1) Манга (2) Матрица (1) Минотавр (1) Монтаж (3) Музыка кино (1) Мюзиклы (2) Оскар (2) Победителей видно на старте (1) Притчи (2) Ребуты (1) Ремейки (2) Скорсезе (2) Супергерои (2) Сценарии (2) Трейлеры (2) Трэш (1) Уэнсдей (1) Франшизы (1) Шон Коннери (1) Эмми (1)

Түсініктемелер

  1. Айгерим Айгаликызы к Қара алтынСентябрь 19, 2026

    Молодец

  2. Айгерим Айгаликызы к Қара алтынСентябрь 19, 2026

    Керемет 🤘


Біз киноны жақсы көреміз және ол туралы шынайы, терең және жан-тәнімізбен сөйлесеміз.

KinoMania — киноға және оны жасауға қатысқандардың барлығына құрмет. Біз Қазақстанда және одан тыс жерлерде киномәдениеттің дамуына үлес қосқанымызға мақтанамыз.

© 2025 KinoMania. Барлық құқықтар қорғалған. Әзірлеуші RazDva Studio
KK
RU