Октябрь 7, 2026
Осы күзде жұрт ең көп күткен қазақстандық фильм – Қуаныш Бейсектің «7 қарақшы» экшні – әзірге өзіне артылған үмітті ақтай алмай отыр. Туынды екі аптада 568 миллион теңге жинады (бюджеті 720 миллион теңге болған соң, бұдан әлдеқайда көп табыс күтілген еді). Ал желіні көңілі қалған көрерменнің пікірлері басып кетті. Бәрі болжаған сенсация сол күйі болмады.










