ЛоготипЛоготипЛоготипЛоготип
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Афиша
    • Кинопрокат
      • Осы аптада
      • Жуырда
      • Киномұрағат
    • Платформалар
      • Анонстар
    • Теледидар
      • Телеканалдардағы кинолар мен телехикаялар
  • Пікір-сарап
    • Фильмдер
    • Телехикаялар
  • Толығырақ
    • Интервью
    • Мнения
    • Репортажи
    • Шолу
  • Киноман
    • Выбор критиков
    • Сүйген және жек көрген
  • Box Office
  • Қараңыз
    • Трейлеры
    • Кино
✕

Қазақстанда эскимостарды іздеуде

Опубликовано Тимофей Евдокименко Апрель 3, 2026

Қазақ киносының жұлдыздары Аян Өтепберген мен Қарлығаш Мұхамеджанова ерекше кастингке қатысты

Алексейдің өзі – эскимос, Чукоткада туған. Арғы аталарының арасында поморлар да бар, сондықтан қиыр солтүстік өлке туралы фильм түсіру, сірә, оның көптен бергі көкейіндегі арманы болса керек.

Суретшілер мен тарихшылар бес жыл бойы баспаналарды, қайықтарды, киімдерді және тұрмысқа қатысты ұсақ-түйекті қайта қалпына келтірген. Барлығы шынайы көрініп, сонымен қатар кинематографиялық әсер беруі үшін фольклор мен сан түрлі детальдар мұқият зерттелген. Түсірілім жұмыстары биыл басталуы тиіс. Әуелде Алексей, қазір жиі кездесетін үрдістегідей, жобаға кәсіби емес эскимос актерлерін тартуды ойлаған. Алайда режиссердің өзі айтқандай, эпикалық ауқым мен Шекспирге тән иірімдер ұштасқан қуатты әрі жинақы сценарий бұл ойдан бас тартуға мәжбүр еткен.

– Біз кастинг өткіздік, — дейді Алексей. – Қолымыздан келгенше бәрін қарап шықтық, бірақ, шынымды айтсам, фильмге кәсіби актерлер қажет екенін түсіндім, ал эскимостардың арасында ондайлар жоқ екен. Антропологиялық тұрғыдан бізге ең жақын халық – қазақтар болып шықты: буряттар да, якуттар да, қырғыздар да сәйкес келмеді. Ал қазақтардың арасынан бізге керек типаждарды табуға болады. Біз бар болғаны бірнеше адамды ғана іздедік, бірақ олар басты, орталық рөлдерге керек болды. Ізденісіміз сырт келбетіне де, актерлік қабілетіне де қарай жүргізілді. Жоба ауқымды.

Сонымен, бұл қандай оқиға өзі? «Легенда о горностае» Чукоткада түсіріліп жатқан фэнтези элементтері бар тұңғыш тарихи-шытырман оқиғалы фильм ретінде таныстырылып отыр. Сюжеттің негізіне жергілікті тұрғындардың мифтері мен аңыздары, олардың помор-первопроходшылармен алғашқы кездесуі, жергілікті рухтар мен құдайлардың тылсым әлемі арқау болған. Сонымен қатар бұл – әртүрлі мәдениет өкілдерінің тоғысуы, сатқындық жайлы адамдық хикая, жас жігіттің есейіп, әлем тепе-теңдігін қайта орнатуға деген ұмтылысы туралы оқиға. Бір сөзбен айтқанда, күрделі әрі көпқабатты сценарий.

Алексей бұл жобаға бар жан-тәнімен берілген, әрі әр затқа мұқият қарайды. Сондықтан ол іріктеуден өткен актерлерді өзі келіп көріп, сынақтарды барынша салмақты деңгейде ұйымдастырған. Біз де бұл үдерісті аз-мұз сырттай бақылап көрдік. Әдетте режиссерге финалдық «шолуларда» актердің рөлді қалай оқитынын көру немесе камера алдында серіктесімен мәтінді жай ғана оқып шығу жеткілікті болса, бұл жолы Алексей ассистенттерінен көріністің толық имитациясын дайындауды сұраған: кейіпкерлерді төсенішке отырғызып, бірде киімді жөндеп, бірде киіп көріп жатқандай етіп, эмоцияны барынша шынайы жеткізуге жағдай жасаған. Режиссер бәрін жіті бақылап, қажет жерінде дубль сұрап, эмоцияны түзетіп, ертең-ақ түсірілім басталатындай етіп дайындық жүргізген. Уақыт минутына дейін жоспарланғанымен, актерлерді асықтырмаған – керісінше, өз кейіпкерлерін көріп, сезініп шығуына көмектескен. Алексей, рас, барлық құпиясын ашып айтқан жоқ. Дегенмен сыбыс әңгімеге сүйенсек, актерлер таңдалып қойған сияқты. Ал мұндай ірі тарихи экшн-жобаға қатысу – біздің жолы болған актерлеріміз үшін қуануға әбден лайық себеп.

– Біз олардан кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынасты шынайы ойнап көрсетуді сұрадық, — дейді Алексей. – Адамның кейіпкерді қалай сезінетіні және сол сезімді көрерменге қалай жеткізетіні шешуші рөл атқарады, бұл өте маңызды нәрсе. Оны расымен бастан кешу керек, сәттің өз магиясы болуы тиіс. Кинодағы ең баурап алатын нәрсе де – жаттанды репликалар емес, міне осы. Түсірілімді тамыз айында бастауды жоспарлап отырмыз, ал қарашада павильонда жұмыс істей аламыз. Ал наурыз-сәуір айларында, күн сәл жылып, жарық уақыты қалыпты түсіруге мүмкіндік берген кезде, Солтүстікке аттанамыз. Түсірілімге келетін актерлердің ол жаққа барғысы келіп тұратыны, шытырманға да, осындай күрделі жұмысқа да ашық екені өте қуантады. Бұл – нағыз бақыт!

Фото автора

👍 1 👎 0

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Соңғы жарияланымдар
  • Онлайн-премьеры 19-25 октября: «Баба-яга», продолжение «Списка смертников» и новый фильм с Марком Уолбергом
  • Сделайте уже на «Казахфильме» что-то полезное!
  • Кинопремьеры 15-21 октября: бои на улицах, в домах и в будущем
  • Премьера сериала «Өкпе бауыр»: Адильхан и его братья
  • 7+1+3: итоги недели в казахстанском прокате
  • Премьера Kesu: казахи, корейцы и тхэквондо
  • Куантай Абдимади: «Я не брутал, но Адильхан сказал — «Да ты сможешь!»
  • Премьера «Мальчишник vs девичник: соңғы түн»: ты чё такая дерзкая?!
  • Любимые и ненавистные: что нравится и не нравится в кино народной артистке Казахстана Жание Аубакировой
  • Онлайн-премьеры 12-18 октября: новый сериал от Адильхана Ержанова, «Квест Вижна» и приквел «Пятницы, 13»

Сүйген және жек көрген

Боюсь показаться банальной, но для меня эталонными в кино всё равно являются советские фильмы — «Ирония судьбы», «Гараж»… Может быть, потому, что до обретения страной независимости я еще могла пожить как человек, со свободным временем, а после навалилось так много работы, что я стала не человеком, а функцией (смеётся). Сейчас тоже времени на кинопросмотры не хватает, я привыкла рано ложиться и рано вставать. Иногда, правда, в самолёте удаётся что-то посмотреть, но и то не до конца — клонит в сон, обещаю себе обязательно досмотреть дома — и не сдерживаю обещание.

Жания Аубакирова — музыкант, народная артистка Казахстана

Толығырақ оқу

Жарнама

Тегтер

CinemaCon (3) HBO (16) Hope (1) Hulu (5) Netflix (58) SASYQ (1) Абай (1) Андрей Плахов (2) Антониони (1) Артист (1) Берик Айтжанов (1) Британское кино (3) Видеография (1) Гибель Отрара (1) Джеймс Кэмерон (3) Драмы (18) Ерден Телемисов (1) Зрители (1) Интервью (2) Казахское кино (15) Казахстанские сериалы (29) Канны (6) Кассовые сборы (42) Кино (5) Классика (3) Книги (1) Коппола (1) Корейское кино (1) Куросава (1) Мировое кино (5) Мстители: Судный день (2) Мэтт Деймон (1) Ольга Ландина (1) Оценки (1) Реалити-шоу (1) Роберт Паттинсон (1) Сиквелы (4) Сумерки (1) Съёмки (7) Творчество (1) Театр Лермонтова (1) Том Холланд (2) Турецкие сериалы (3) Хорроры (24) Ұлжан (1)

Түсініктемелер

  1. Айгерим Айгаликызы к Қара алтынСентябрь 19, 2026

    Молодец

  2. Айгерим Айгаликызы к Қара алтынСентябрь 19, 2026

    Керемет 🤘


Біз киноны жақсы көреміз және ол туралы шынайы, терең және жан-тәнімізбен сөйлесеміз.

KinoMania — киноға және оны жасауға қатысқандардың барлығына құрмет. Біз Қазақстанда және одан тыс жерлерде киномәдениеттің дамуына үлес қосқанымызға мақтанамыз.

© 2025 KinoMania. Барлық құқықтар қорғалған. Әзірлеуші RazDva Studio
KK
RU