Сентябрь 17, 2026
Жыл сайын Қазақстан киносыншылар қауымдастығындағы әріптестеріммен бірге отандық киноның өткен он екі айдағы нәтижесін қорытындылаймыз. 2026 жылы «Сыншылар таңдауы» сыйлығының салтанаты KinoMania-мен бірлесіп өтті. Алайда рәсімге дейін де, одан кейін де келесі сыйлыққа ұсынылатын фильмдерді жеке бағалау жұмысы жүріп жатты. Біз әсіресе қыргүйектен көп үміт күттік: прокатқа бірден он қазақстандық фильм шығатыны жарияланған еді. Бірақ айдың ортасына жетсек те, 2026 жылы шынымен мықты фильмдер, шыны керек, аз шықты.







