ЛоготипЛоготипЛоготипЛоготип
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Афиша
    • Кинопрокат
      • Осы аптада
      • Жуырда
      • Киномұрағат
    • Платформалар
      • Анонстар
    • Теледидар
      • Телеканалдардағы кинолар мен телехикаялар
  • Пікір-сарап
    • Фильмдер
    • Телехикаялар
  • Толығырақ
    • Интервью
    • Мнения
    • Репортажи
    • Шолу
  • Киноман
    • Сүйген және жек көрген
  • Box Office
  • Қараңыз
    • Трейлеры
    • Кино
✕

Терезе түбіндегі үш ару…

Опубликовано Галина Галкина Март 6, 2026

2026 жылғы 5 наурызда Freedom SuperApp қосымшасында Forever 29 атты жаңа түпнұсқа хикаяның тұсаукесері өтті. Сонымен қатар Freedom Media креативті тобы мен хикая авторлары Lumiera Cinema (ЦУМ, Алматы) кинотеатрында да арнайы тұсаукесер ұйымдастырды.

Түсірілім тобы, қонақтар және Forever 29 жобасының алғашқы көрермендері үшін бұл кеш үлкен мерекеге айналып, туындының үлкен экрандағы алғашқы көрсетілімі қарсаңындағы жарқын көктемгі басқосу болды.

Forever 29 хикаясының бейресми ұраны – «қыздардың қыздарға арнап түсірген хикаясы». Сөздің шыны керек, жобаның шығармашылық құрамында жас қыз-келіншектер басым. Оның ішінде продюсерлер, режиссер, сценарий авторлары, қоюшы-оператор және басты рөлдерді сомдаған актрисалар бар. Әрине, жобаға ер азаматтар да атсалысты, дегенмен негізгі салмақ нәзік жандылардың иығына түсті.

Тұсаукесерді қыз-келіншектер кешіне айналдырмақ ниет болғанымен, Lumiera Cinema салтанат залында, әрине, ер-азаматтар да болды, яғни хикаяның серіктестері, өнердегі әріптестер, достар, жұбайлар және осы кино мерекесінің өтуіне үлес қосқан жандар. Десе де қыздар өздерін бұл кеште еркін әрі жайлы сезінді, олар осында-ақ арнайы ұйымдастырылған шағын сұлулық аймағында әрленіп, сәндене алды. Ал болмысы сезімтал қонақтар үшін Таро карталары бұрышы жасақталды. Қолөнерді ұнататындар (солардың саны басым еді) моншақ тізіп, білезік тоқып, әшекей бұйымдар жасады. Ұсақ моторика ересектерге де пайдалы екені белгілі.

Тұсаукесер алаңы көктемнің құлпырған бояуы мен гүлге толы әсемдігін алға шығаратындай етіп безендірілді. Залдағы әйелдер қауымы көз тартарлық сәнді киімдерімен тамсандырса, айналаны нәзік хош иіс кернеді. Кеш қонақтары жарқырап жүрді. Бір жағынан хикаяны өмірге келуіне себепші болған жандармен жүздесудің қуанышынан, екінші жағынан туындыны үлкен экраннан тамашалауды тағатсыздана күткен көңіл күйден, сондай-ақ көктемнің жеңіл де шуақты атмосферасынан. Алматыша әсемдік деген осы!

Қыздар туралы хикаяны қыздар түсірген деп айтуға болар еді, десе де авторлардың айтқаны ішінара рас. Forever 29 фильмінде көтерілетін мәселелер жынысқа байланысты емес. Отыз жасқа таяған шақтағы дағдарысты кез келген адам бастан кешіреді: өзіңмен өзің өмір сүріп жүрсің бе, әлде өзгенің күткенін, таңғанын орындап келесің бе? Өзіңдегі әлеуетті толық аша алдың ба? Кейде орны толмастай көрінетін қателіктер жібердің бе? Рас, қыздар сырт келбетіне келгенде ерлерге қарағанда көбірек күйіп пісетін шығар.  

Әсел, Мәдина және Жанчик есімді басты кейіпкерлердің әрқайсысы 29 жасқа келген, әрқайсысының өз мәселесі, өз шешуі тиіс түйіні бар. Бірақ түлектер кездесуінде олар қайғылы жағдайда қаза тапқан төртінші құрбыларын еске алып, мұңға батады. Сол сәтте қыздардың бірі бір кезде романтикаға толы мектеп оқушысы болған шақтарында бірге уақыт капсуласын көмгендерін есіне түсіреді. Оны дәл отыз жас қарсаңында ашамыз деп уағдаласқан еді. Капсула дегені бұл – әрқайсысы болашақтағы арманы мен тілегін жазып қалдырған хаттар салынған банка. Сонда олар төртінші құрбысының енді ешқашан өз тілектерін орындай алмайтынын терең сезінеді. Бірақ қалған үшеуінің алдында марқұм құрбысының ғана емес, өз армандарын да жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Бала кездегі аңғал көрінетін армандардың өзі кейде адамға тірек болып, қайта серпілуге жол ашады.

Тұсаукесерде көрермендер сегіз бөлімнен тұратын сериалдың алғашқы екі эпизодын тамашалады. Үш құрбы дәл қазір не күндердің бір күні әрқайсымыз жасағымыз келетін қадамға барады – өмірді кейінге қалдырмай, армандарын жүзеге асыруға бел буады.

Актриса Алтыншаш Шаяхмет соңғы он жыл ішінде отыз жобаға қатысқан: «Актриса ретінде бұл жобаның әйелдер туралы екені мені қатты қуантты. Қазақстан киносында әйелдер жайлы хикаялар аз. Әсіресе жеңіл оқиғалар жетіспейді. Бізде әйел образын көбіне тұрмыстық зорлық-зомбылықпен, бақытсыз тағдырмен байланыстырады. Тіпті әйел кейіпкері кейде ер адамның образын толықтыратын қосымша бейне ретінде көрінеді. Ал мұнда әйел адамға ғана назар аударылған. Бұл хикаяда жеңілдік те, позитив те бар, хикая сонысымен де ұнайды. Біз әртүрлі әйелдерді, әрқилы тағдырларды, оларды не алаңдататынын, не қуантатынын көрсетеміз. Мұнда махаббат та, мансап та, достық та бар».

Көрсетілім басталысымен көрермен бұл хикаядан өздері мен өмірлік жағдайларын көре бастады. Режиссер, сценарист және продюсерлер өте жарқын әрі жылы, алматылықтарға етене жақын туынды жасай алды. Forever 29 хикаясын «Sex and the City» жобасымен салыстырып жатқандар да бар. Көрерменнің алғашқы әсеріне сүйенсек, үш қыздың өмірі туралы бұл хикаяда ибалылық пен нәзіктік басым. Дегенмен бізді алда сегіз бөлімнің алтауы күтуде, бәлкім, Forever 29 авторлары әйел мен ер арасындағы қарым-қатынас тақырыбын өз қырынан әлі де тереңірек аша түсер.

Алтыншаш Шаяхмет, Карина Кудекова, Аймгуль Орынбаева, Гаухар Бейсембаева

Продюсер, идея авторы Аймгуль Орынбаева хикаяның түп-тамыры өзінің жастық шағымен тығыз байланысты екенін атап өтті: «Жастайымыздан әдебиет оқып өстік, алашордашыларды да, өз жазушыларымызды да жақсы білдік, бірақ әйел тұлғасына баса назар аз аударылатын. Есейе келе Хиуаз Доспанова секілді тұлғаларды тани бастадым. Ол — Қазақстандағы тұңғыш әйел ұшқыш. Ол туралы фильм түсіргім келеді. Осындай ойлар біздің хикая секілді жобаларды түсіруге итермелейді. Оның бізге де қатысы бар. Қазақстан киносында ауылдан қалаға келіп, түрлі қиындыққа тап болатын қыздар туралы сериалдар көп. Ал біз өз туындымызда қалалық қыздардың болмысын, олардың құндылықтарын көрсетуді мақсат еттік. Олардың талпынысы да, өмірге деген көзқарасы да басқа. Бәлкім, біз тұңғыш қала өміріне негізделген әйелдер хикаясының бірін түсірген шығармыз».

Айгүл Орынбаева хикая түсіріліміне дайындалып жүрген кезде ауыр жол апатына түсіп қалған. Оңалту кезінде адамның басына түсетін сынақтар туралы ойлармен өріліп, хикая мазмұнына жаңа реңк қоса алды. Сонымен бірге осы жоба оның жарақаттан кейін тезірек аяққа тұруына да күш берген: «Бұл жоба мен үшін тірекке айналды, өзімді аяп, мұңға батқан бір де бір сәтім болған жоқ. Бүкіл команда маған қарап отырды, сондықтан мықты болуға тура келді. Фильм көрермен жүрегіне жол табады деп сенемін. Екінші, үшінші маусымдары да болады деп ойлаймын».

Продюсер, идея авторы Лаура Саманбаева идея ұсынылған сәттен бастап жобаның жүзеге асуына дейін екі жыл уақыт өткенін айтты: «Меніңше, хикая өз көрерменін табады. Бірақ бұл экшэн де, боевик те емес. Бұл — әйел тағдыры туралы хикая, жүрекке жақын драма. Онда шынайы сезім көп, хикаяға жан-тәнін беріп түсірілген, сондықтан ол көрерменге әсер етпей қоймайды».

Лаура Саманбаева хикаяға алғаш рет продюсер болып отыр. Бұған дейін ол 2025 жылы шыққан «Жабайы» толықметражды фильмімен жұмыс істеген. Қазір ол қазақстандық контентті шетелде көтерумен айналысады, фильмдерді, соның ішінде жанрлық туындыларды фестивальдерге жібереді, «А» санатындағы фильмдерді, хикаяларды таныстырып, картиналарды стримингтік платформаларға өткізеді. «Меніңше, бізде жалпы киноиндустрия қарқынды дамып келеді, мұны кинопрокат нәтижелерінен-ақ көруге болады. Біздің фильмдердің халықаралық марапат алып жатқанын көріп жүрміз, бұл енді сирек кездесетін жайт емес, жаңалықтар легіндегі тұрақты құбылысқа айналды. Шетелдік серіктестермен жұмыс істейтін адам ретінде қазақстандық киноға қызығушылықтың артып келе жатқанын анық байқаймын. Меніңше, қазақстандық киноиндустрия қарқынды өсуде, ал алда бізді әлі талай айтулы оқиға күтіп тұр».

Авторлар қыздар туралы фильмді қыздар жасағанын кезекті рет атап өткенде, мұны әлдебір «әйелдік мәнерге», әлсіз жынысқа аяушылықпен қарауға шақыратын босаңсыған стильге балап қалмаңыз. Ондай нәрсе атымен жоқ. Режиссер жұмысы, сценарий, қоюшы-оператор шешімдері, продюсерлер мен түсірілім тобының өзге де мүшелерінің еңбегі, актерлер ойыны – бәрінен мықты кәсіби тәжірибесі бар нағыз мамандардың қолтаңбасы айқын сезіледі.

Марк рөлін сомдаған актер Алишер Эйнис түсірілім алаңындағы атмосфера жұмыс істеп көрген өзге жобалардың ішіндегі ең жайлысының бірі болғанын мойындады: «Әйелдер командасымен жұмыс істеу – керемет. Бәрі үнемі уақытылы, нақты ұйымдастырылған. Бір ауысымның түсіріліміне дер кезінде келе алмай қалған кезім болды. Сонда қыздар бәрін ыңғайлап, процесті үйлестіріп, ақыры менің де үлгеруіме жағдай жасады». Сондай-ақ ол жоба режиссері Маржан Хайдардың жетекші рөлін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, бұл сериал тек әйелдерге ғана керек емес. Ер адамдарға да қыз-келіншектерді жақсырақ түсінуге көмектеседі, ал бұл Қазақстан үшін әсіресе маңызды.

Жоба режиссері Маржан Хайдар шығармашылық үдерістегі сын-қатерлермен қалай күрескенін былай түсіндірді:«Көпшілік режиссер қатаң болуы керек деп ойлайды. Бірақ команда маған сеніп, бәрі де шығармашылық жұмысқа толықтай, жүз пайыз қатысуға тырысты. Әрқайсысы жобаны жерге қаратпай, оған тың дүние әкелгісі келді. Тіпті олардан бірдеңе талап етіп, қаталдық танытудың да қажеті болмады.

Бізде, айта кету керек, сценаристерден бастап мықты команда жұмыс істеді. Сценарийді Айнур Мубарова, Раушан Садырбаева және креативті продюсер Ораз Керейбаевпен бірге жаздық. Біз жазған дүниенің бәрі өзекті болып, әр адамға қызық, қоғамда қызу талқыланатын, өзімізді толғандырып, алаңдататын мәселелерді қозғағанын қаладық. Кейіпкерлер өмірден алынды, бірі құрбыларымыз, бірі әріптестеріміз болды. Әр образға өзіне тән қызық қырларды енгізуге тырыстық. Кейіпкерлердің жадағай болып шықпауын қадағалап, оларды барынша көпқырлы етіп ашуға ұмтылдық. Тіпті кейіпкер алғашында жеңілтек көрінсе де, кейін оның тұлғалық тереңдігі ашыла түседі. Сондықтан бәрі боямасыз, жасандылықсыз, құр ақыл айтусыз, табиғи шықты. Біреуге қалай өмір сүру керегін үйрету ойда жоқ, өйткені оған хақымыз да жоқ. Алғашқы сценарийді қайта жазуға тура келді, өйткені ол шамадан тыс күңгірт тартып кеткен еді. Сол кезде бұл біздің бастапқы ойымызға сай келмейтінін түсіндік. Проблемаларды көрсеткенде оны ирония арқылы жеткізуді жөн көрдік».

Маржан Хайдар режиссер ретінде де экрандағы көріністің қанық, эстетикасы айқын, күнделікті өмірімізді белгілі бір деңгейде романтизацияланып көрсететін болғанын қалаған: «Көрермен қиял әлеміне сүңгіп кеткенімен, сонымен бірге қайтадан шынайы өмірге орала алса дедік». Команда осы ниетті жүзеге асырып, Алматының бояуы қанық, жылы атмосферасын дәл бере алған.

…Алғашқы кадрлардан-ақ оқиға баурап әкетеді: мұнда жаттанды да, ақыл айтуға құрылған жасандылық та жоқ, әр жаңа сюжет тармағы қызықтырып отырады. Диалогтар юморға толы, залда күлкі жиі естілді. Әсіресе Ghetto Dogs тобы қатысқан көңілді көріністер көрерменді ду күлдіріп, 2000-жылдардың ортасындағы культке айналған тентек топтың әнін бәріне қосылып айтқызды. Төртінші құрбының арманы Rusty тобының солисін сүю еді. Қыздар әлгі топты тауып барған сәтте, арада жылдар өткен соң олардың баяғы жүректі тулататын жігіттер емес, әбден ақыл тоқтатқан, салмақты ағаларға айналғанын көреді. Бұл көрініс залды күлкіге қарық қылды.

Алғашқы екі бөлім көрерменнің зор қошеметіне бөленді. Forever 29 хикаясы барлық үмітті әбден ақтады десек те артық емес. Туындыны қызыға көресің. Freedom Media фильмдері мен хикаяларының қатарында әйелдер командасы түсірген бұл жоба ең жасампаз, ең жарқын, ең жылы әрі ең тапқыр туындылардың біріне айналған.

Әйелдер арасындағы ынтымақ пен өмірдің жаңа мәнін іздеу туралы бұл хикая Freedom Media қазақстандық онлайн-кинотеатрының платформасында көрсетіледі.

FOREVER 29 хикаясы Freedom SuperApp қосымшасындағы Freedom Media онлайн-кинотеатрында эксклюзив түрде қолжетімді.

Фото — Евгений Морозов и Елена Северина

👍 0 👎 0
Теги: #Новости#Казахстанское кино#Премьеры

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Соңғы жарияланымдар
  • Битва отечественных и зарубежных франшиз: что казахстанцы смотрели в кино в праздничные выходные?
  • Премьера «Mangyshlak express. Пойыздағы паника»: проводница, поезд и немного юмора
  • Канны-2026: сильная программа и много звёздных гостей
  • Кино как альтернатива картелю
  • Онлайн-премьеры 11-17 мая: Каратель, Даттоны и суперглупые герои от Netflix
  • Восемь из бесконечности
  • «Дьявол носит Prada 2» против всех: как казахстанцы ходили в кино в начале мая
  • Топ-9 самых сильных фильмов о Великой Отечественной войне
  • Премьера «Дьявол носит Prada 2»: без Эвелины, но с Лилией
  • Кинопремьеры 30 апреля – 6 мая: три казахстанских фильма vs «Дьявол носит Prada 2»

Сүйген және жек көрген

Отдаю себе отчёт в том, что у Балабанова оба «Брата», «Груз 200», «Морфий» — это сочетание таланта и профессионализма высочайшей пробы, но мне не близки шедевры, замешанные на мизантропии. Не говоря уже о том, что оба «Брата», с моей точки зрения, талантливые фашистские картины. Помню, в начале нулевых, когда я жил в Москве, в России была очередная предвыборная президентская кампания, и в метро висели большие билборды. На одном из них был изображён портрет Бодрова-младшего со слоганом «Данила Багров — наш брат». Я тогда работал грузчиком и по вечерам ходил на занятия по английскому языку, а моим педагогом была пожилая, очень интеллигентная преподавательница. И вот она тогда сказала: «Если Данила — наш брат, то нашу страну в будущем ждут страшные испытания».

Азиз Бейшеналиев — актёр, режиссёр, сценарист, драматург.

Толығырақ оқу

Жарнама

Тегтер

Astana AI Film Festival (1) Avengers: Doomsday (1) CinemaCon (3) Disclosure Day (1) Freedom Media (5) HBO (5) K-pop (1) Margot Robbie (1) Netflix (34) Абай (1) Аватар (4) Андрей Плахов (2) Антониони (1) Бен Аффлек (2) Берлинский кинофестиваль (7) Британское кино (3) Видеография (1) Джеймс Кэмерон (3) Илья Врей (1) Интервью (2) Казахстанские сериалы (24) Канны (4) Кассовые сборы (18) Классика (3) Корейское кино (1) Куросава (1) Мировое кино (5) Мультфильмы (38) Мэтт Деймон (1) Оценки (1) Премьера (55) Светские новости (4) Телехикаялар (120) Сиквелы (4) Стриминги (56) Сумерки (1) Съёмки (7) Творчество (1) Театр Лермонтова (1) Трамп (1) Турецкие сериалы (3) Феллини (5) Хорроры (12) Экранизации (6) Ұлжан (1)

Түсініктемелер

  1. Ольга к «Совершенно летняя история»: 18+ для детей и влюблённых всех возрастовАпрель 23, 2026

    Третьего дня имела несчастье сходить на этот спектакль: "гениальная" режиссерская задумка осталась неразгаданной. Не поняла, почему из стройной Анастасии Тёмкиной…

  2. Тамара к Шесть фактов о втором сезоне сериала «Мошенники»Апрель 11, 2026

    Недавно посмотрела пару серий. Впечатления отвратительные - тупой и похабный контент! Постоянный мат, пошлость и сцены курения и ясно показали,…


Біз киноны жақсы көреміз және ол туралы шынайы, терең және жан-тәнімізбен сөйлесеміз.

KinoMania — киноға және оны жасауға қатысқандардың барлығына құрмет. Біз Қазақстанда және одан тыс жерлерде киномәдениеттің дамуына үлес қосқанымызға мақтанамыз.

© 2025 KinoMania. Барлық құқықтар қорғалған. Әзірлеуші RazDva Studio
KK
RU