ЛоготипЛоготипЛоготипЛоготип
  • Новости
    • Казахстан
    • Мир
  • Афиша
    • Кинопрокат
      • На этой неделе
      • Скоро
      • Киноархив
    • Платформы
      • Анонсы
    • ТВ
      • Кино и сериалы на ТВ-каналах
  • Рецензии
    • Фильмы
    • Сериалы
  • Подробности
    • Интервью
    • Мнения
    • Репортажи
    • Обзоры
  • Киноман
    • Выбор критиков
    • Любимые и ненавистные
  • Box Office
  • Смотри
    • Трейлеры
    • Кино
✕

«Бабай» фильмінің тұсаукесері: балаларыңа ұялмай көрсетуге болатын туынды

Опубликовано Жанкелди Омиралиев 21 мая, 2026

Сәрсенбі күні «Арман» кинотеатры «Бабай» фильмінің тұсаукесеріне орай ең кішкентай көрермендерге есігін айқара ашты. Іс-шараны ұйымдастырған Unico Play кинокомпаниясы балалар үшін нағыз мереке жасауды ұйғарған еді. Және олардың бұл ойы жүзеге асты!

Бұл күні кинотеатрдың фойесі үлкен балалар фестиваліне айналды: кіреберісте қонақтарды аниматорлар қарсы алып, ішінде ең кішкентай көрерменге арналған шеберлік сабақтары ұйымдастырылды, ал іс-шара жүргізушісі түрлі ойындар мен квиздер өткізді. Шақырылған ересектердің бәрі балаларының ертіп келді.

«Кино тұсаукесері – әрдайым мереке. Кинодағы ең басты нәрсе – эмоция, кино көрерменде эмоция тудыруы керек. Бізде балалар тақырыбына арналған фильмдер аз. Олардың қатары көбейсін, кішкентай көрермендеріміз осындай фильмдермен өсіп, ертең ересек көрерменге айналсын», — деді фильмде басты кейіпкердің әкесін сомдаған актер Азамат Сатыбалды.

Басты рөл сегіз жасар Жанель Серікболға бұйырды. Ол фильмде анасы қайтыс болғаннан кейін мінезі тұйықталып, үйден шықпай қойған Камила есімді қызды сомдайды. Қамқор әкесі оның өмірге деген қызығушылығын қайтаруға барын салады, бірақ әрекеті нәтижесіз болады. Бір түнде олардың үйіне жолы болмаған ұры кіріп кетіп, оны қыз байқап қояды. Тығырықтан шығу үшін ұры өзін Бабай елесі ретінде таныстырады. Камила оған сеніп, онымен дос бола бастайды…

«Қатты қобалжып тұрмын, бұл – менің алғашқы тұсаукесерім, алғашқы үлкен рөлім. Фильм сіздерге ұнайды деп үміттенемін. Әсерлеріңізді, пікірлеріңізді күтемін», — деді Жанель көрермендерге.

Режиссер Олжас Ермекбаев үшін де бұл толықметражды кинодағы дебют. Бұған дейін ол негізінен «Няня. Бизнес по-қыздарски» сериалы мен Qaitalanbasyn киноальманахы сияқты стриминг жобаларында жұмыс істеген.

«Бұл да менің алғашқы тұсаукесерім. Бүкіл командаға алғыс айтқым келеді – бұл аса мейірімге толы сапар болды. Актерлерімізге, әсіресе балаларға көп—көп рақмет. Түсірілім алаңында біз оларды емес, керісінше, олар бізді басқарды. Продюсерлердің маған артқан сенімін өмір бойы ұмытпаймын. Баршаңызға рақмет», — деді Олжас.

«Жеті гүл», «Ыстық ұя» және «Таптым-ау сені» сияқты хит жобаларға атсалысқан фильм продюсері Бұхар Марат өз оқиғасын айтып берді.

«Менің сегіз жасар қызым бар. Бір күні ол менен: “Әке, сіз немен айналысасыз?” — деп сұрады. Мен кино түсіретінімді айттым. Ол: “Қандай кино?” — деді. Бұған дейін менде көбіне ажырасу туралы және басқа да сондай туындылар болған, оларды қызыма көрсете алмайтынмын. Ал бұл фильмді, ақыры, көрсете аламын. Соған қуаныштымын», — деді продюсер.

Бәрі қазақтың барша мерекесіндегідей бата мен шашумен аяқталды. Фильмді 21 мамырдан бастап еліміздегі барлық кинотеатрлардан көре аласыздар.

👍 4 👎 0

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Последние публикации
  • «Выбор критиков»: почему картина «Папа умер в субботу» стала лучшей драмой?
  • Выбор критиков 2026, итоги: шесть раз награждали «Ауру» и дважды — Qaitadan
  • Выбор критиков 2026: счастливы как дети! (фоторепортаж)
  • Онлайн-премьеры 6-12 июля: банды в Нью-Йорке, подруги на острове и горящий человек в пустыне
  • Бишарашки вернулись: итоги недели в казахстанском прокате
  • «Выбор критиков»: «Әкеңнің баласы» – редкий «зверь» в нашем кино
  • «Выбор критиков»: Sasyq как портрет современного Казахстана
  • «Выбор критиков»: краши новых поколений
  • «Выбор критиков»: «Әбіл» — национальная травма, о которой молчали 30 лет
  • «Выбор критиков»: Qaitadan – из дебютантов в «миллиардеры»

Любимые и ненавистные

Отдаю себе отчёт в том, что у Балабанова оба «Брата», «Груз 200», «Морфий» — это сочетание таланта и профессионализма высочайшей пробы, но мне не близки шедевры, замешанные на мизантропии. Не говоря уже о том, что оба «Брата», с моей точки зрения, талантливые фашистские картины. Помню, в начале нулевых, когда я жил в Москве, в России была очередная предвыборная президентская кампания, и в метро висели большие билборды. На одном из них был изображён портрет Бодрова-младшего со слоганом «Данила Багров — наш брат». Я тогда работал грузчиком и по вечерам ходил на занятия по английскому языку, а моим педагогом была пожилая, очень интеллигентная преподавательница. И вот она тогда сказала: «Если Данила — наш брат, то нашу страну в будущем ждут страшные испытания».

Азиз Бейшеналиев — актёр, режиссёр, сценарист, драматург.

Подробнее

Реклама

Тэги

Amazon Prime Video (4) Echelon Studios (1) Elio (1) Hope (1) Parallel Tales (1) Pixar (2) SASYQ (1) Sony (1) Warner Bros. Discovery (1) Азиз Бейшеналиев (1) Американское кино (67) Анимация (10) Аниме (4) Антонио Бандерас (1) Берик Айтжанов (1) Выбор критиков (6) Джим Джармуш (1) Дубляж (4) Евразия (1) ИИ (4) Игла (1) Игра престолов (1) Искусственный интеллект (1) История игрушек 5 (1) Истребители демонов (1) Канны-2026 (3) Кинорекорды (1) Кирилл Серебренников (1) Криминал (3) Кубрик (1) Леонардо ДиКаприо (1) Мелодрамы (10) Новая волна (4) Номинации (6) Особенный доктор (2) Паралимпиец (1) Пол Томас Андерсон (1) Режиссёры (5) Ретроспектива (2) Тимур Бекмамбетов (1) Трон (1) Фантастика (15) Цой (1) Человек паук (1) Эмир Кустурица (1)

Комментарии

  1. Жомарт к Қолымнан ұстаМай 19, 2026

    Колымнан уста

  2. Ольга к «Совершенно летняя история»: 18+ для детей и влюблённых всех возрастовАпрель 23, 2026

    Третьего дня имела несчастье сходить на этот спектакль: "гениальная" режиссерская задумка осталась неразгаданной. Не поняла, почему из стройной Анастасии Тёмкиной…


Мы любим кино и рассказываем о нём честно, глубоко, с душой.

KinoMania — дань уважения кинематографу и всем причастным к его созданию. Мы гордимся тем, что делаем вклад в развитие кинокультуры в Казахстане и за его пределами.

© 2025 KinoMania. Все права защищены. Разработка — RazDva Studio
RU
KK